Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Тақырып: Бейнелеудің картографиялық тәсілдері. ІІ бөлім



бет23/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Тақырып: Бейнелеудің картографиялық тәсілдері. ІІ бөлім.
10.1 Нүктелік тәсілі.
10.2 Изосызықтар тәсілі.
10.3 Белгілер тәсілі.
10.4 Шектелген (локализденген) диаграммалар тәсілі.


10.1 Нүктелік тәсілі.
Нүктелік тәсіл карта бетінде кішкене диаметрдегі шеңберлер түрінде болады, мұны құбылыс немесе объект орналасқан жерде орнатады. Әр бір нүктеге құбылыстың көлемін көрсететін бірліктерде сандық мәні немесе «салмағы» болады. Картадағы бір нүкте 1000 адамның белгісі, немесе егістік көлемінің белгілі бір шамасы, мысалы, 100 гектар т.с.с.
Нүктелік тәсілімен ареалдар тәсілі сияқты үлкен территорияда таралған құбылыстарды бейнелейді. Кейбір жағдайда нүктелік тәсілімен құбылыстың территория бойынша тұтас емес таралғанын көрсетеді. Мысалы, ауыл шаруашылық дақылдың егілген аудандардын. Әдетте, нүктелік тәсілімен түрғындар санын және олардың орналасуын, егістіктің орналасуы мен оның мөлшерін т.с.с.
Карта бетінде нүктелерді екі тәсілмен орналастырады: статистикалық және географиялық. Статистикалық тәсіл бойынша құбылыс немес объект таралған шектелген ауданда, мысалы, әкімшілік ауданында, ауыл округінде, мемлекетте, нүктелер шектелген аудан бойынша бірқалыпты (равномерно) орналастырылады. Мұндай жағдайда карта бойынша құбылыстың нақты орналасқандығын анықтау қиын болады. Мұндай карталар бойынша құбылыс таралған шектелген аудандарды салыстыруға болады. Географиялық тәсілді қоланғанда нүктелерді құбылыс таралған аудандарда ғана қояды.
Әдетте, нүктелік тәсілді құбылыстың абсолюттік мөлшерін көрсету үшін қолданады, бірақ нүктелік тәсілімен салыстырмалы көрсеткіштерді де көрсетуге болады, мұны пайыздық-нүктелік тәсіл деп атайды. Мұндай картада барлығы 100 нүкте болады, яғни құбылыс орналасуына сәйкес болады.
Нүктлік тәсілмен құбылыстың құрылымын көрсетуге болады. Мысалы, ҚСРО атласының техникалық дақылдар картасында мақта қызыл түсті нүктелермен, ал зығыр (лен-долгунец) жасыл түсті нүктелермен көрсеткен. Нүктелік тәсілімен және құбылыстың уақыт бойы дамуын көрсетуге болады. Мысалы, қызыл түсті нүктелермен егістіктің 20 жыл бұрын алып жатқан ауданды, ал басқа түсті нүктелермен осы егістіктің бүгінгі жағдайын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет