2.3. Асинхронды қозғалтқыштың қортынды магниттендіргіш күші. Ротор мен статор орамасының магниттендіргіш күші біріне қарағанда екіншісі жылжымаған қалпында өзара байланысып біріккен магнит ағынын және біріккен магниттендіргіш күшінің Fμ түзеді. Статор және ротор орамасының магниттелуші күшінің векторлық қосындысына тең болады:
− − − Fμ= F1 + F2(2.21)
Сырттай қарағанда асинхронды қозғалтқыштың магниттендіргіш күші, статор орамасы арқылы жалған магниттендіргіш ток Іμ өткенде пайда болады, оның сандық мәні сырттан берілетін механикалық күштің әсерінен ротордың синхронды айналу жылдамдығына жеткендегі статор орамасының тоғына тең, демек статордың болаты мен оның орамасындағы шығынды есептемегенде n2 = nс деп қарауға болады. Бұл жағдайда ротор орамасында тоқ болмауынан оның магниттендіргіш күші нөлге тең (F2 = 0) және жұмыс тәртібі жасанды түрде синхрондылыққа әкелінген асинхронды қозғалтқыштың магниттендіргіш күшін статордың орамасы w1 мен ол арқылы өтетін магниттендіргіш тоқ Іμ қана туғызады:
(2.22)
Асинхронды қозғалтқыштардың жүктемесіз істеген кезде роторларының айналу жылдамдығы n2 синхронды жылдамдықтан аса айырмасы болмайтындықтан (n2х ≈nс) инженерлік тәжрибеде жеткілікті дәлдікпен есептеуге магниттендіргіш тоқты Іμ бос жүріс тоғына (Іμ =І1х) тең деп аталады. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс тәртібін магниттендіргіш күштермен емес, тікелей тоқ арқылы талдау ыңғайлы. Электрмагнит процесстері бойынша асинхронды қозғалтқыштар трансформаторларға ұқсас болғандықтан, бұл жағдайда трансформатордың келтірілген екінші орамасын (ротор орамасы) бірінші орамаға (асинхронды қозғалтқыш статорының орамасы) келтіру теориясын қолдануға болады. (2.15), (2.18) және (2.22)нің мәндерін (2.21) теңдеуіне қойып және алынған теңдеудің екі жағын коэффициентіне бөлу арқылы мынадай теңдеуге келтіреміз:
қысқарған соң мынадай түрге кедеді:
(2.23)
белгілеп
, (2.24)
асинхронды қозғалтқыштың магниттендіргіш тоғының теңдеуін екі тоқтың векторлық қосындысы ретінде аламыз:
İμ = İ1 + İ21(2.25)
мұндағы İ1- статор орамасының тоғы İ21 - ротор орамасының келтірілген тоғы. Асинхронды қозғалтқыштың білігінде жұмыс кезінде жүктеменің ауытқу ауқымына қарай оның магниттену тоғы İμ мен магниттендіргіш күші Fμ іс жүзінде өзгеріссіз қалады, ал бұл кезде ротор мен статор орамасындағы тоқтар жүктеменің өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. І21 тоғының физикалық мәні мынада оның шамасы, І2 тоғының нақты шамасына тең болу үшін ротор орамасы сол фаза санымен, фазадағы орамының санымен және орама коэффицентімен бірдей болуы тиіс.
Ротор мен статор орамаларының m2=m1 фаза саны бірдей болған жағдайда фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштар үшін ратор тоғының келтірілген мәні мынадай:
(2.26)
түрге келтірілуі дұрыс. Қысқа тұйықталған роторлы үшфазалы асинхронды қозғалтқыштар үшін бұл мәндер былай аталады:
ротор орамасының орам саны w2 = 0,5;
ротор орамасның фазаларының саны оның ойығының санына тең m2 =Zпр;
ротор орамасының орамдылық еселеуіші к02=1,0;
статор орамасы фазаларының саны m2 =3,0
ендеше қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың келтірілген тоғының өрнегі мына түрге келеді:
(2.27)
Бақылау сұрақтары:
Асинхронды қозғалтқыш электр энергиясын, білікті айналдыратын механикалық энергияға айналдыруы үшін қажет шарт (жағдай).
Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасы шамасы тұрақты айналмалы магнит өрісін жасау үшін қажетті және міндетті жағдайлар.
Асинхронды қозғалтқыш роторы орамаларындағы ЭҚК қай заң бойынша индкцияланады?
Асинхронды қозғалтқыш роторы айналуы үшін қажетті жағдай.
Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасы магнит өрісі мен роторының айналу жылдамдығының арасындағы қатынасы (байланысы).
Ротор мен статор орамасындағы магнит өрісінің айналу жылдамдықтары бірдей болған кезде асинхронды қозғалтқыш электр магнитінің айналдыру моменті нөлге неге тең?
Асинхронды қозғалтқыштың сырғанауының физикалық мағынасы және математикалық өрнегі.
Асинхронды қозғалтқыштың сырғанау жылдамдығының физикалық мағынасы мен математикалық өрнегі.
Жаппай орналымды асинхронды қозғалтқыштың қалыпты сырғанауының мөлшер мәні.
Статор орамасы өндірістік жиіліктегі желіге қосылған асинхронды қозғалтқыштың магнит өрісінің синхронды айналу жылдамдығының мүмкін болатын шарықтау шегі.
Асинхронды қозғалтқыштың магниттендіргіш күші неден құралады және өз айналасында ол немен сәйкес келеді?
Асинхронды қозғалтқыш статоры мен роторы орамаларының магниттеуші күштерінің салыстырмалы және ең жоғарғы айналу жылдамдықтары.
Асинхронды қозғалтқыш статоры мен роторы орамаларының магниттеуші күштерінің (магнит өрісі) айналу синхрондылығының физикалық мағынасы.
Магниттегіш жалған тоқтың Іμ физикалық мағынасы және оның сандық мәні асинхронды қозғалтқыштың қандай жұмыс тәртібіне сәйкес келеді.
Электромагниттік процесстері бойынша асинхронды қозғалтқыш қандай электр-техникалық құрылғыға ұқсайды