Лекция 1 Трансформаторлар


Синхронды қозғалтқыштарды жұмысқа қосу тәсілдері



бет72/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.2. Синхронды қозғалтқыштарды жұмысқа қосу тәсілдері.
Синхронды қозғалтқыштарды кеңінен пайдалануға кедергі болатын, оның асинхронды қозғалтқыштарға қарағанда қымбаттылығына қоса оны жұмысқа қосу қиындығы. Қозғалтқышты тікелей өнеркәсіптік жиіліктегі желіге қосқанда, ол айналмайды, себебі электрмагниттік момент жарты период уақыт ішінде, ол ƒ=50Г жиілігіне тура келеді. t=Т/2=1/2ƒ=1/2Һ50=0,01 секунд, оның инерттілігінен роторды синхронды айналымға келтіре алмайды. 0,01 секунттан кейін электромагниттік момент, өзінің айналу бағытын өзгертеді. Ротор дірілдеп, өзорнында қалады. Синхронды қоғалтқыштың роторы айналу үшін, басқа қозғалтқыштың күшімен синхрондыға жақын айналымға келтіріп алады, содан кейін, бұл қозғалтқышты желіге қосады. Сонымен синхронды қозғалтқышты жұмысқа қосу үшін оның роторын айналдыра алатын басқа бір қозғалтқышпен айналдырып, синхронды айналымға жақындатып алу керек. Жұмысқа қосу қондырғысы күрделеді, қуаттылығы төмен және орташа қозғалтқыштар экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайды. Мұндай жағдайдан шығу жолы жаңаланған роторлы синхронды қозғалтқыштарды қолдану,олардың жұмысқа қосуға арналған, қысқа тұйықталған орамасы болады, ол полюс өзегінің жабық ойығына орналасады. Ондай қозғалтқыштарға асинхронды жұмысқа қосу қолданылады. Қоздыру орамасы, кедергісі омдық кедергіден (10...15) есе артық резисторға тұйықталады. Синхронды қозғалтқыш содан кейін, үшфазалы желіге қосылады және айналу синхрондылыққа жақындағанда резистор қоздыру орамасынан ажыратылады да оған ЭҚК тұрақты көзден кернеу беріледі. Ротор тұрақты электрмагнитке айналады да автоматты түрде синхрондылыққа тартылады. Үшфазалы синхронды қозғалтқыштың айналу бағытын өзгерту асинхрондікі сияқты статор орамасына автотрансформатор немесе реактор арқылы берілетін кернеуді азайтады.

Бақылау жұмыстары:



  1. Үшфазалы синхронды қозғалтқышты пайдалану аймағы.

  2. Үшфазалы синхронды қозғалтқыштардың асинхронды қозғалтқыштардан артықшылығы мен кемшілігі.

  3. Үшфазалы синхронды қозғалтқыштарды жұмысқа қосу тәсілдері.

  4. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын синхронды қозғалтқыштағы электрфизикалық процесстер

  5. Синхронды қозғалтқыштардың асинхронды қозғалтқыштан ерекшелігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет