1.4. Сыртқы сипаттамасы - бұл синхронды генератордың қысқыштарындағы кернеудің қуат коэффициенті және қоздыру орамасындағы тоқ күші тұрақты кезіндегі жүктеме тоғына қатынасы: U=ƒ(І1) бұл Ів =сonst, n =сonst және сosφ =сonst болғанда, бұл генератор қысқыштарындағы кернеудің өзгеру сипаттамасын көрсетеді, мұнда жүктеме қалыптыдан бос жүріске дейін өзгереді генератор қысқыштарындағы қалыпты кернеуді U1= U1қ қамтамасыз ететін қоздыру тоғының І1 =І1қ шамасы тұрақты болады. Сыртқы сипаттаманың көмегімен, генератор кернеуінің жүктеменің қалыпты шамадан бос жүріске дейін және керісінше жағдайдағы өзгеруін ∆U анықтайды. Синхронды генератордың қуат коэффицентінің әртүрлі мәндеріндегі сыртқы сипаттамасы 3.12-суретте көрсетілген.
3.12-сурет. Жүктеме электр кедергісінің әрқилы өзгеру сипаты кезіндегі синхронды генератордың сыртқы сипаттамасы.
3.13-сурет. Синхронды генераторды «өшуң тәсілі бойынша параллель жұмыс істеуге қосылу сұлбасы.