Лекция 1 Трансформаторлар


Қысқа тұйықталудың сипаттамасы



бет63/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.2. Қысқа тұйықталудың сипаттамасы–бұл статор орамасының олардың қысқыштары тұйықталған кездегі, тоғының, қоздыру тоғына U1=0 және n=Const бөлінеді тәуелділігі: І1= ƒ(Ів). Синхронды генераторды қысқа тұйықталу тәртібінде жұмысқа қосуға пайдалану тәжрибесінде, болмайды: Генератордың орамасы қысқа тұйықталу тоғының қызуынан бүлінбеуі үшін, ол лезде ажыратылуы тиіс.
Сондықтан қысқа тұйықталу сипаттамасын статор орамасындағы тоқты ең аз деңгейіне І= І келтіре отырып, оның қалыпты тоғының пайыздық үлесі ғана болып табылатын, қоздыру тоғы кезінде алынады. Статор орамасы мен қоздыру орамасы тізбегіне жалғанған амперметр көрсетуі есебінен тез орындау керек, себебі, статор орамасы әсеріне ондағы тоқ қалыпты тоқтың мәнінен жоғары болғанда, артық қызбауы керек. Әдетте, қысқа тұйықталу тәжрибесі кезінде, мәшиненің магнит жүйесі аса қанықпайды, сондықтан статор орамасы тоғының белгіленген аралықтағы өзгеруі, түзу сызық болады. Оның мәні өте жоғары болғанда ғана, қысқа тұйықталу сипаттамасының мәні абцисса өсіне (Ів) қарай қисаяды, ол генератордың магнит өткізгіштерінің қанығуының артуынан болады.




3.10-сурет. Синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасы.




3.11-сурет. Жүктеме электр кедергісінің әрқилы өзгеру сипаты кезіндегі синхронды генератордың реттеуіш сипаттамасы.

Синхронды генератор статорының индуктивтік шашырандылық кедергісін және қоздыру тоғының түрлі мәндер кезінде, қысқа тұйықталу тоғының қалыпты тоққа қатынасын анықтау кездерінде, қысқа тұйықталу сипаттамасы, бос жүріс сипаттамасымен бірге пайдаланылады. Бұл қатынас қысқа тұйықталу тоғының коэффициенті болады. Қысқа тұйықталу қатынасы немесе қысқаша ҚТҚ деп аталады. Қысқа тұйықталу сипаттамасын тәжрибелік жолмен алғанда, генератордың магнит жүйесіндегі магнетизм қалдығы магнитсіздендірілуі тиіс немесе ол қалған кезде алынған сипаттама, өзіне-өзі параллель күйі координат басына ығыстырылуы тиіс. 3.10-суреттегі қысқа тұйықталу сипаттамасын бос жүріс сипаттамасын және синхронды мәшиненің эквивалентті орнын басу сұлбасының өлшемдерін қолданып, есептеу жолымен де тұрғызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет