1.2. Айқынполюсті синхронды мәшиненің (генератор) электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Айқынполюсті роторлы синхронды мәшиненің жұмыс процессі, жоғарыда айтылғандай, ауа саңылауында айқын көрінетін индукцияның таралуы, түрі ЭҚК пен статор орамасы тоғының арасындағы бұрыштың өзгеруімен бірге құбылып отыратын біркелкіеместігімен сипатталады.
А. Блондельдің қос "реакция" теориясын пайдалана отырып статор орамасының негізгі магнит ағынын Фс ротор полюстері білігімен сәйкес келетін магнит ағынын бойлық Фсd және оның перпендикуляр келетін көлденең Фcqтармақтарға ажыратпай, айқынполюсті синхронды мәшине статоры орамасының электрлік тепе-теңдік теңдеуін былай жазуға болады:
(3.15)
бұл теңдеудегі
(3.16)
бойлық білікпен өсетін синхронды индуктивті кедергі:
(317)
көлденең білікпен өтетін синхронды индуктивті кедергі:
(3.18)
статор тоғының бойлық білігі өтетін құраушысы:
(3.19)
Статор тоғының көлденең білігімен өтетін құраушысы:
хd-статор реакциясының бойлық ағыны негіздеген индуктивті кедергі;
хq-"статор рекциясы" ендік ағыны негіздеген индуктивті кедергі;
х1-статор орамасының индуктивтік шашыраңқылық кедергісі;
Ψ=φ+θ ЭҚК Е10 мен сихронды генератор тоғының І1 векторлары арасындағы ығысу бұрышы;
Θ-синхронды мәшиненің ЭҚК Е10 мен кернеуі U1 векторлары арасындағы ығысу бұрышына, тең, ішкі бұрышы.