2. Синхронды мәшиненің орнын басатын эквивалентті орын басатын эквивалентті электр сұлбасы және оның өлшемдері. Электрлік тепе-теңдік теңдеуіне (3.14), айқындалмаған полюсті синхронды мәшиненің эквивалентті орнын басу электр сұлбасы мен оның 3.6 және 3.7-суреттерде көрсетілген векторлық диаграммасы дәл келеді.
Айқын полюсті синхронды мәшине үшін, эквивалентті алмастырма сұлбасы бойлық және көлденең бөліктер бойымен өтетін тепе-теңдік теңдеуіне (3.14) сәйкес келетін, аралас жалғасқан электр сұлбасы ретінде қарастырылады. Синхронды мәшиненің алмастырма эквивалентті электр сұлбасының кедергілері, шамасы мен электрлік тепе-теңдік теңдеулері, тәжрибе жолымен анықталады, бос жүріс пен қысқа тұйықталу сипаттамалары бойынша есептеледі немесе анықтамалық мәліметтерден алынады.
3.6-сурет. Айқынемес полюсті синхронды мәшиненің орнын басудың жеңілдетілген сұлбасы.