1.5. Үшфазалы үшорамалы трансформаторлар. Әдетте үшорамалы трансформаторлардың бір орамасы бірінші ораманың орнына жүреді, ал қалған екеуі екінші орама орнына жүреді. Іс жүзінде үшорамалы бір трансформатор екі ораманы екі трансформатордың орнын басады, бұл оларды қолдану экономикалық жағынан тиімді етеді.
Егер электр станциясынан екі желі шығатын болса, екі орамалы екі трансформатордың орнына үшорамалы бір трансформатор қоюға болады, бір орамасы жоғары кернеулі (ЖК) және екі орамасы төменгі кернеулі (ТК) әртүрлі желімен куаттылықты әртүрлі қашықтықта тасымалдау үшін олардың стандарттық шамасы да әртүрлі болуы тиіс. Мұндайда, егер екінші орамадан көректенетін тұтынушылардың бірмезгілдік және ұзақ мерзімдік толық жүктемесі болмаса, онда бірінші ораманың қалыпты қуаттылығын екінші орамалардың қалыпты қуаттылығының қосындысынан төмен етіп алу керек. Үшорамалы трансформатордың қалыпты қуаттылығы ретінде қуаттылығы жоғары ораманың қалыпты қуаттылығы алынады.
Үшорамалы трансформаторлардың орамаларын жалғау сұлбасы мен топтары екі орамлы трансформаторлардыкіндей. Үшорамалы трансформаторлардың екінші орамаларының, бірінші орамаға қарағанда орналасуы олардың кернеулерінің өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді. Екінші орамалар қатар орналасса, онда олардың біреуіндегі жүктеменің өзгеруі, екіншісіндегі кернеудің шамасына айтарлықтай әсер етеді.