1.2. Кернеу трансформаторының құрылысы. Трансформатор негізгі екі бөлшектен: магнитөткізгіштен және екі орамнан тұрады (1.1.-сурет).
Магнитөткізгіш. Магнитөткізгіштің негізгі қызметі оған бекітілген орамдар арасында мүмкіндігінше жоғары магниттік байланысты қаматамасыз ету. Олар өзара жалғасқан болат өзекше мен орамдардан турады.
1.1.-сурет. Бір фазалы кернеу трансформаторының құрылысы.
а – магнитөткізгіш; в – орамалар.
Трансформатордың магнитөткізгішін арнайы электр техникалық болаттан жасалады, ондай болаттың электрмагниттік өткізгіштігі жоғары, сондықтан да, тұйықталған желіде оның электрмагнит ағынына кедергісі төмен.
Ол электр энергиясын трансформациялау кезінде электр өткізгіштігі жоғары (кедергісі аз) мыс немесе алюмин өткізгіштерді пайдалану мен бірдей. Сонымен қоса, электр техникалық болата, кәдімгі конструкциялық болатқа қарағанда, гистерезис құбылысынан пайда болатын магниттік шығыны әлдеқайда төмен.
Магнитөткізгіштің өзегі тұтас болаттан емес, екі жағына электр оқшаулағыш лак жағылған қалыңдығы 0,35 немесе 0,5мм қаңылтырлардан құрастырып жасалады. Магнитөткізгіштердің қимасы, жасанды түрде,қимасы кіші көптеген қаңылтырға бөлшектеледі, себебі айнымалы магнит өрісінде орналасқан магнитөткізгіштегі құйынды тоқтың (фуко тоқтары) өтуіне кедергіні арттыру. Ом заңы бойынша құйынды тоқтың күші азаяды, бұл магнитөткізгіштегі электр шығынын азайтады.
Сонымен, стержендер мен жарманы:
магнит ағынына кедергі аз болу үшін арнайы электро магниттік болаттардан жасайды;
құйынды тоқты мейілінше төмендету арқылы электр шығынын азайту мақсатымен болат құймадан емес, электрлік техникалық болаттан даярланып екі жағына оқшаулағыш лак жағылған жұқа қаңылтырдан жасайды.
Магнитөткізгіштің стержендері мен жармасының пішіне 1.2-суретте көрсетілгендей болып келеді. Магнитөткізгіштердің стержендері мен орамдарының орналасыуына қарай трансформаторлар стерженді және броньды деп бөлінеді. Олар магнитті жүйемен байланыстырылған (симетриялы емес және симетриялы) және байланыстырылмаған (топталған) болып келеді. Ең көп тарағандары бір жазыққа орналасқан стерженді симметриялы магнит жүйесімен байланыстырылған болып табылады.
1.2-сурет. Кернеу трансформаторы магнитөткізгіш өзегінің қималарының түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |