Лекция 1 Трансформаторлар


Жүктелген трансформатормен (жұмыс тәртібі) электр энергиясын трансформациялаудың электрофизикалық процесі



бет7/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.2. Жүктелген трансформатормен (жұмыс тәртібі) электр энергиясын трансформациялаудың электрофизикалық процесі.
Трансформатордың жұмыс тәртібі, жалпы алғанда, оның орамаларының бірін қалыпты кернеулі (немесе соған жуық) тоқ көзіне қосып, ал екінші ораманың қысқышына электр кедергісінің шамасы орамадағы тоқ күші қалыпты деңгейден асып кетпейтіндей етіп тұтынушылармен жалғастырылған жағдай.
Жұмысшы тәртібінде болатын физикалық жағдай (1.4-сурет) трансформаторлардың жүктеусіз істеп тұрған дағдыдан өзгеше (1.3- сурет). Мұнда екінші ораманың қысқыштарына тұтынушыларды қосқаннан кейін онда і2 пайда болады да, Ф2 магнит ағыны болатын аз магнит өрісін туғызады. Бірінші орамадағы сияқты оның бір бөлігі магнитөткізгіштермен тұйықталып, ал шашырау тоғы Ф ауа арқылы екінші орамның орамдарының айналасында тұйықталады. Негізгі магнит ағыны магнитөткізгіштермен тұйықталып, бірінші орамада тоқтан (1.3.1.) пайда болған магнит ағынымен өзара байланысқа түседі.
Ф2 магнит ағыны Ф1 магнит ағынының туындағандықтан, Ленц ережесіне сәйкес Ф1 магнит ағынының барлық өзгерістерде қарсыласатын болады. Егер процесті магнит ағынының әсер етуші мәні бойынша қарастыратын болсақ, Ф2 магнит ағыны Ф1 магнит ағынына қарсы бағытталатын болады (1.3. -сурет).
Екі ораманың магнит өткізгіші ортақ болғандықтан онда бір магнит ағыны Фм орнығады, ал трансформатор орамаларының әрқайсысында туындаған магнит ағындарының векторлық қосындысына тең:
Ф = Ф1 + Ф2 (1.23)
Магнит ағынының қосындысыФ Ф1 мен Ф2 магнит ағындарының алгебралық қосындысына тең емес, себебі олар уақыт жағынан сәйкес келмейді.
Жұмыс жағдайында магнитөткізгіш қаныққан күйде болады да, Ф магнит ағынын, кейбір рухсат етілген ауытқу мен шамасы жағынан өзгеріссіз деп алуға болады.

1.4-сурет. Кернеу трансформаторының жүктемемен жұмысының негізгі телсімі.

Шын мәнінде екінші ораманы жүктеген соң тоқ пайда болады да Ф2 магнит ағынын туғызады.


Бұл магнит ағыны Ф1 магнит ағынын азайтуға тырысады және Ф1 магнит ағыны орныққан тепе-теңдікті сақтап қалу үшін, бірінші орамдағы І1 артуы себебінен соған пропорцианалды түрде Ф2 магнит ағынының өсімі шамасына көбейеді (артады). Сонымен жұмысшы аумағында жүктеменің өзгеруіне қарай екінші орамадағы тоқтың кезкелген өзгерісі, бірінші орамадағы тоқтың пропорцианалды түрде трансформация коэффицентіне сәйкес өзгеруіне әкеледі. Трансформатордың магнит ағынының қосындысы оның жүктемесіз істеген кездегі магнит ағынына тең, әрі тұрақты деп аламыз. Жүктемеген кезде Ф магнит ағыны Ф1 магнит ағынына тең.
Трансформатордың қорытынды магнит ағыны Ф (1.23.) мен екінші орамда индукцияланған Фб2 және бірінші орамдағы екі ЭҚК: негізгі магнит ағынынан туындаған ЭҚК:
e2 =-W2 / d t (1.24)
шашыранды магнит ағынынан туындаған ЭҚК:
e =- Ld і2 / d t (1.25)
мұндағы L–екінші орамадағы шашыранды ағынның индуктивтігі, ол оның темір өзекшесіз кезіндегі ағынына индуктивтігіне тең.

Жүктелген трансформатордың екінші орамасындағы электрлік тепе-теңдіктің өрнегі 1.18. өрнекке ұқсас өрнектеледі – магниттік мәндер үшін:


U2 =e2 +e2б - і2 r2 (1.26)

  • әрекеттегі мәндер үшін, кешенді түрде:

U 2 = - Е2 + І2 j X2 – І2 r 2 (1.27)
мұндағы І2 łjX2 =—Е– трансформатордың екінші орамасында шашырау магнит ағынынан туындаған ЭҚК-нің әрекет етуші мәні, сандық шамасы бойынша оның шашыранды индукциялық кедергісіндегі кернеудің тусуіне тең; r2– трансформатордың екінші орамасындағы жалған активті кедергі; х2–трансформатордың екінші орамасындағы индуктивті кедергі, ол 2 t L –ге тең.
Трансформатордың электрлік тепе-теңдігі теңдеуінің жүйесін, (1.20) мен (1.27) ескере отырып былай жазуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет