1. Электр энергиясын трансформациялаудың электрлік –физикалық процесстері. 1.1.Электр энергиясын трансформациялау кезінде жүктелмеген кернеу трансформаторында болатын электрофизикалық процесстер.
1.2. Жүктелген трансформатормен (жұмыс тәртібі) электр энергиясын трансформациялаудың электрофизикалық процесі. 1. Электр энергиясын трансформациялаудың электрлік –физикалық процесстері. Электр энергиясын трансформациялау бірінен соң бірін, әуелі электр энергиясын магнит энергиясына, бірінші орамда содан соң екінші орамада магнит энергиясын электр энергиясына қайта түрлендіру арқылы трансформациялауға негізделген. Энергияны түрлендіру кезінде орамадағы омдық кедергіден және магнит өткізтерінің болаттарындағы құйынды тоқтардан және магнит энергиясына түрлену кезіндегі гистерезис құбылысынан энергия шығындары болады. Олар орамалардың және трансформаторлардың магнитөткізгіштердің қызуы түрінде білінеді.
Трансформатор жұмысы қалыптасқан кезде энергия трансформатордың ішіндегі электрлік және магнитттік шығындарды жабуға, сондай-ақ екінші орамды көректендірудің жаңа көзінде электр қозғаушы күш тұғызуға жұмсалады.
Бұл процесс сандық жағынан трансформатор орамдарындағы электрлік тепе-теңдіктің математикалық теңдеуі арқылы өрнектеледі.