1.Трансформатордың жұмыс тәртібі. 1.2.Трансформатордың қалыпты жұмыс тәртібі. 1.3.Бос жүріс режимі. 1.4. Қысқа тұйықталу режимі. 2.Трансформаторлар мен оның өлшемдерін эквивалентті алмастырудың электрлік телсімі. 2.1.Кернеу трансформаторын эквивалентті алмастырудың электрлік сұлбасы. 2.2. Трансформатордың эквивалентті алмасырма электр сұлбасының параметрлері.
1.Трансформатордың жұмыс тәртібі.Кернеу трансформаторларын эксплуатациялаудың негізгі жұмыс ережесі – бұл бірінші орам желіден қоректенгенде, ал екінші орамның қыспаларына трансформаторлардың ұзақ мерзімдік жұмысын және орамалар мен магнит өткізгіштің қызуын қалыпты деңгейден асырмайтын жұмысын қамтамасыз ететін тұтыну қуатына қосу.
Трансформатор жұмысы тәртібінің тіркелген түрлері мыналар:
қалыпты режимі;
жүктемесіз бос жүріс режимі;
зертханалық қысқа тұйықтау режимі.
Трансформатордың жұмысының шекті режимі, бұл екінші ораманың ажыратулы кезінде трансформаторлардың бос жүрісі режимі және екінші орама қысқа тұйықталған режимі. Трансформаторды эксплуатациялаудың барлық режимдері оның шексіз уақыт мерзімінде артық қызбай жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.