Томас Кук – туристік саланы ұйымдастырушы
Өздік жұмыс. Конспект
№4 дәріс. Туризмнің жұмыс істеу формалары
Туризм түрі бойынша саяхатты жіктеуге мүмкіндік беретін белгі ретінде мотивациялық факторларды қолдануға болады. Мұндай жіктеу арқылы адамды сапарға итермелеген негізгі мотивтен шығу керек. Мотивтер әрқашан нақты анықталмағанымен, оны басқару жүйесінде туризмнің алты түрін ажыратуға болады.
Рекреация мақсатындағы туризм. Бұл түр денені физикалық немесе психологиялық қалпына келтіру мақсатында қысқа немесе ұзағырақ демалыстан тұрады. Сонымен қатар, бұл топқа топырақтың, климаттың және теңіз суының табиғи қасиеттері емдеу немесе сауықтыру үшін пайдаланылатын курорттық демалыстар да кіреді.