Лекция 1 Туризмнің қалыптасып, даму тарихы



бет14/24
Дата24.04.2022
өлшемі142,5 Kb.
#140638
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
туризм негиздери

Лекция 13


Туризм туралы Қазақстан Республикасындағы қабылданған құжаттар
Туризм туралы Қазақстан Республикасында қабылданаған мемлекеттік құжаттардың ішіндегі ең маңыздысы “Туристік қызмет” туралы заңы. Бұл заң 2001 жылы 13 маусым № 211-11, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-11 Заңымен енгізілген өзгертулермен толықтырылып қабылдаған. Жаңа заңда экономика салаларының бірі ретіндегі туристік іс әрекеттердің құқықтық экономикалық, әлеуметтік ұйымдық негіздерін белгілеген.
Заң бес тарау, 29 баптан тұрады. Негізгі ережелер тарауында (1-бап) негізгі ұғымдар, анықтамалар мен терминдерге түсініктемелер берілген. Мысалы: туризм–жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп шығатын жеке тұлға.
2-бапта “Туристік қызмет” туралы заң Республика Заңына негізделгені, азаматтық кодексінен т.б. нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығы айтылады.
3.4-баптарда Туристік қызмет субъектілері мен объектілері, Туристік индустрия түсініктері берілген.
Туристік қызмет субъектілеріне: туристік операторлар, туристік агенттер, гидтер, экскурсант-туристер жатады. Туристік нысаналарға–табиғи және тарихи, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени көрсету нысаналары т.б. бөгде нысаналарды жатқызамыз.
Туристік индустрия турист-экскурсанттарға көрсетілетін қызмет, іс әрекеттер жиынтығы деп көрсетілген.
Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері сан алуан. Оларға турларды, экскурсиялық қызметтен басқа, орналастыру, тамақтану, жарнамалық-ақпараттық қызмет көрсету, көлік, ойын-сауық өзге де туристік қызмет көрсетулерді жатқызамыз.
Туристік ресурстар анықтамасы 5-бапта көрсетілген туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерінде. Туризмнің ұйымдық нысандарын: Халықаралық және ішкі туризм деп қарастырады. Басқа түрлерінен тек қана әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, іскерлік, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, діни түрлері ғана айтылған. Туризм түрлерін толығырақ “Туризм классификассиясынан” ( География туризма .Ердавлетов С.Р) оқып танысуға болады.
“Туристік қызмет” заңының 2-тарауы. Туристік қызметті мемлекеттік реттеуге арналған. Бұл тарау 7 баптан тұрады. Туристік қызметтің мемлекеттік реттеу принциптері 8-бапта айтылған туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, басым бағыттарын айқындау және қолдау мемлекет тұрғысынан қолға алынуға тиістілігі жазылған. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудегі мақсаттары мен тәсілдері, бағыттары 9-бапта көрсетілген.
Негізгі мақсаттарының бірі: қоршаған ортаны қорғау, туристік индустрияны дамыту, тәрбие мен білім беруге, емдік сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау (қосымша).
қазақстан Республикасы үкіметінің құзыреті (10-бап) Мемлекеттік бағдарлама, оың орындалуы, туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілеруі, лицензиялау, т.б. саясаттық іс әрекеттері ретке келтіру құзыреттеріне тоқталған.
11-баптағы Уәкілетті органның құзіреті мемлекеттік басқару функциясы туралы мәліметтер берілген. қазақстанда уәкілеттік орган Туризм және спорт агенттігі. Бұл агенттіктің іс әрекеті туралы мәліметтер толығымен берілген.
Уәкілеттік органнан басқа жергілікті атқарушы орган құзыреті 12-бапта айқындалған. қазақстан республикасы жағдайында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті облыс, қала, аудандық департамент, комитеттер арқылы іс жүзіне асырылады. Олардың құзырында туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, орындалуын қадағалау, туристік қызмет көрсету рыногын талдау, туристік нысаналарды жарнамалау, туристік фирмалар жұмысын реттеу, көмек көрсету, уәкілетті орган лицензиялау жөніндегі өкілеттік берген кезде кейбір қызмет түрлеріне лицензия беруді жүргізеді.
Туризм жөніндегі кеңес (13-бап) туристік ақпарат орталығы (14-бап) туризм жөніндегі кеңес консултациялық-кеңесші орган ретіндегі үкімет жанынан құрылуы, туристік ақпарат орталығы қазақстан Республикасы үкіметі белгілейтін тәртіппен құрылған ұйым республикадағы туризм индустриясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
“Туристік қызмет” туралы заңның 3-тарауы туристік қызметті ұйымдастыру болып саналады. Туристік қызметті лицензиялау (15-бап) туристердің құқықтары мен түрлерін қорғау мақсатында қазақстан территориясында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау қажет. Лицензия–рұқсат беру құжаты лицензия алу, оның қолданылуы заң түрінде қорғалады. Уәкілетті органның лицензияны тоқтата тұру туралы шешімін сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Лицензияның басты мақсаты туристік іс әрекеттермен мамандандырылған, туристік қызмет көрсету дайындығынан өткен жеке және заңды тұлғалардың жұмысын үйлестіру, қорғау туристердің мүдесін құқықтық нормаларын ескеру болып саналады.
“Туристік қызмет” заңының 16-бап мазмұнында туристік қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау қарастырылып отыр. Туристік индустрияда қызмет көрсету міндетті сертификаттауға жататындығы айтылған.
Туристік қызмет көрсету шарты (17-бап) шарт негізінде жазбаша жасалады. Оның алдына қояр талаптары төмендегідей:
1. Туристік қызмет туралы ақпарат, тұрған жері, банктегі деректемелері;
2. Туристік өнімді өткізу үшін қажетті көлемде турист туралы мәліметтер;
3. Туристік өнім бағасы және оны төлеу тәртібі;
4. Талаптардың құқықтық міндеттері және жауапкершілігі;
5. Шартты өзгерту, бұзу жағдайлары т.б.
Көптеген мәселелер қамтылуға тиісті бұл бапта талаптардан басқа екі жақтың (турист және туристік өнім ұсынушы) міндеттері мен құқы қарастырылады.
Егерде шарт орындалмаған, жартылай орындалған жағдайда, залалдар мен моральдық шығынды өтеу, туристік қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары 18-бапта қарастырылған.
қазақстандық туристік ұйымдар (19-бап) олардың іс әрекеттері туристік қызмет туроператорлар мен турагентіктер үшін қызметтің негізгі түрі болуға тиіс.
Туристік ұйымдар өз филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға құқылы туристік ұйымдар–туристік фирмалар, кәсіпорындардан тұрады.
20, 21-баптарда туристік индустрия ұйымдарының бірлестіктері қарастырылса.
22-бап мамандарды кәсіптік даярлауға арналған. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласындағы уәкілетті органның тиісті лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
қазіргі кезде республикада мектеп-колледж–жоғарғы оқу орындары жүйесі бойынша атқарылуда.
23-бапта Гид (гид-аудармашы) туризм нұсқаушысы, экскурсовод кім болатындығы айтылған.
“Туристік қызмет” туралы заңның 4 тарауы туристің құқықтары мен міндеттерін, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырады. Бұл тарау 24, 27-баптардан тұрады.
24-бап. Туристің құқықтары.
25-бап. Туристің міндеттері.
26-бап. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезінлегі сақтандыру.
5-тарау. қорытынды ережелер.
Туристік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік айтылған туристік қызмет туралы заңдарды бұзуға кінәлі тұлғалар қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Туризм туралы құжаттардың ішіндегі келесі, уақытында қабылданған құжаттың бірін “қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы”. 2001 жыл 6 наурыздағы № 333 қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысы жатады.
Кіріспе бөлімінде туризмге жалпы сипатта берілген. Оның әлемдік экономикадағы роліне тоқталған. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 2 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз ететіндігі көрсетілген.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдіктен түсетін табысқа, оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды сатып алуға болатындығы. Туризм мемлекет экономикасына үш оң нәтиже береді: 
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төмен теңгерімімен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды;
2. Халықты жұмыспен қамтитын бірден-бір сала;
3. Елдегі, белгілі бір аумақьтардағы инфрақұрылымды жақсартады.
Сондықтан да бұл тұжырымдама туризм саласындағы тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру көздеген.
Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай күйі және оны дамытудың мәселелері қарастырылған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету істері қолға алына басталды.
Біздің республикамызда туризмді дамыту “Туристік қызмет” туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусым № 211-11 заңымен, Қазақстан Республикасы Президенті “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының, Ташкент декларациясын іске асыру туралы, ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3476 және “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастырып дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау” Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі. Тұжырымдама мазмұнында статистика жөніндегі агенттіктің 1999 жылғы мәліметтері бойынша туристік ұйымдар, фирмалар мәліметтері көрсетілген (қосымшадан 2002 жылғы мәліметтерді қара). Көлік мәселесі туризмді дамытудың алғышарттарының бірі орналастыру орындары (қонақ үй т.б.) кадрлармен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталған.
Қазақстан туристік өнім және оның әлеуеті материалдары негізінде бірінші кезекте игерілуге тиісті аудандар мен тірек орталықтары анықталған. Туризмді сала ретінде көрсету мақсатында міндеттер мен бағдарлар қабылданған.
Туризмді дамытудың негізгі бағыттарында туристік қызметті мемелекеттік реттеуге қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі министрлікке тапсырыстар мен міндеттер белгіленген.
Туризм инфрақұрылымын дамыту маркетинг стратегиясын әзірлеу, республикамыздың туристік бейнесін қалыптастыру туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадр мәселелерін шешу жолдары қарастырылған.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы туризмді дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін және басты бағыттарын анықтауға бағыттала отырылып жасалынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет