Лекция 1 Туризмнің қалыптасып, даму тарихы



бет13/24
Дата24.04.2022
өлшемі142,5 Kb.
#140638
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
туризм негиздери
силлабус атамекен

Лекция 12


Туристік жорықтардағы бағдарлау. Туризм бойынша пайдаланылатын карталар.
Жорықтар кезіндегі бағдарлау жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу және оны маршрутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет. Көкжиек жақтарын компас, Күн, Ай, жұлдыздар мен жергілікті заттарға қарап анықтауға болады. Жергілікті заттардың көптеген ерекшеліктері олардың Күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы, көптеген ағаштардың (қарағай т.б.) қабығы солтүстік жағында кедір-бұдырлы келеді. Ағаштардың, тастардың, шатырлардың солтүстік жақтарында мүктер мен қыналар жиі өседі. Ыстық ауа райы кезінде қылқан жапырақты ағаштардан аққан сағыздар оңтүстік жағына көбірек жиналады т.б.
Жорық кезіндегі бағдарлаудың негізгі түрлерінің бірі — компас арқылы бағдар жасау. Компастың магнитталған тілшігі магниттік меридиан бойымен орналасуы қасиетін пайдаланып көкжиек жақтарын анықтауға болады. Тілшік 0°-ты көрсетсе, бұл бағыт солтүстікке, кері жағы оңтүстікке, оң жағы шығысқа, сол жақ батысқа сәйкес келеді. Географиялық обьектілердің азимуттарын және жүру, қозғалу бағыттарын анықтай аламыз. Азимут — сағат тілінің бойымен меридианның солтүстік бағытынан белгілі-бір бағытқа дейінгі 0°-тан 360°-қа дейін есептелетін бұрыш. Азимут географиялық және магниттік болып ажыратылады. Географиялық азимутты топографиялық карта бойынша меридианнан бастап транспортирдің немесе компастың көмегімен анықтайды. Магниттік азимутты магниттік меридианнан бастап есептейді, магниттік меридианның бағыты компас тілшігінің қалыптасқан бағытымен сәйкес келеді.
Азимуттар бойынша сызықтарды бағдарлау.
- нағыз меридиан
- магниттік меридиан
- тордың вертикальдық сызығы
Туристік жорықтарда көп қолданылатын компас түрлері —Андрианов компасы, туристік компас, спорттық және тау компастары. Андрианов компасындағы көздеу үшін қажетті мушка мен ойықты екі бағаналы және қорғайтын әйнекті корпус қақпағын айналдыра қозғалтуға болады. Бұрыштарды өлшеу үшін 2 шкалалы лимба қызмет етеді. Бұрыштық бөліктер сағат тілі бойынша 15°-тан бөлінген (бөліктер мәні 3°). Компас тілінің солтүстік шеті, есептеу көрсеткіші, лимбадағы бөліктер (0°, 90°, 180°, 270°) қараңғыда жарық беретін қоспамен жабылған. Компас тілінің екінші шеті көк түске боялған.
Көкжиек жақтарын анықтау үшін компасты көлденең ұстап тұрып, босаған компас тілінің тоқтауын күтеді, сонан соң компасты бұрып оны компас тілінің солтүстік шетін 0° -қа келтіріп, оңтүстік 180°, шығыс 90°, батыс 270° бағыттарын анықтайды. Белгілі-бір обьектінің азимутын анықтау үшін көлденең жатқан компасты алдына ұстап осы нысанаға қарама-қарсы тұрады. Алдымен компасты бағдарлайды, тілшіктің солтүстік шетін 0°-қа келтіреді, одан кейін компасты осы қалыпта ұстап тұрып, оның қақпағын ойық пен мушкадан тұратын көздеу сызығы керекті обьектіге бағытталғанша айналдырады және көрсеткіш арқылы азимутты анықтайды. Белгілі-бір азимут бойынша бағытты анықтау үшін компас көрсеткішін керекті градусқа келтіреді де компасты бағдарлайды және оны иық деңгейінде ұстап тұрып “ойық-мушка” көздеу сызығы бойынша осы бағыттағы жергілікті бір затты бағдарлайды. Сол зат керекті азимут бойында жатады.
Бұл жұмыс туристік компасты қолданған кезде едәуір жеңілдейді, өйткені онда серпіліп ашылатын қақпағының ішкі жағында металл айна бар. Көздеу кезінде (“ойық-мушка-қақпақтың кесік” сызығы бойынша) бір мезгілде айна арқылы компас тілінің лимбаның 0°-тық бөлігіне сәйкестеу дәлдігіне бақылау жасайды. Компасты бағдарлау компасты емес лимбаны бұру арқылы жүзеге асады.
Спорттық компаста қойыртпақ сұйықтық толтырылған колбада (резервуарда) орнатылған компас тілі магиттік меридиан бойында тез тоқталады және қозғалыс кезінде өте тұрақты. Тау компасының көмегімен тек азимутты емес көлбеулік өлшегіш арқылы беткейлердің тіктігін де өлшеуге болады. Көлбеулік өлшегіш — тік тұрақ (отвес) түріндегі қосымша компас тілі.
Компасты маршрутты немесе шағын бөліктерді тез түсіру үшін пайдаланады. Маршрут бойынша қозғала отырып қозғалыс бағытын және екі шеткі 250 — 500 метрлік жолақты түсіреді, бастапқы нүктеде және барлық бұрылыс нүктелерінде жүрістің тік сызықты бөліктерінің азимуттары мен ұзындықтарын (қадамдау және көз мөлшер арқылы) өлшейді. Жергілікті жердегі заттардың түсіру бұрылыс нүктелерінде дәл тіркеу (засечка), полярлық және ұзына бойы өлшеу әдістері арқылы жүргізіледі, бұл кезде олардың бағыт азимуттары қатар өлшенеді. өлшеу нәтижелері абриске (қолмен орындалған бір бөліктің схемалық сызықтары) енгізіліп, олар бойынша таңдап алынған масштабқа сай маршрут схемасы сызылады.
Бағдарлаудың келесі түрі — карта арқылы бағдарлау. Жорықтар кезінде масштабы 1см : 200 000-дегі және одан ірірек масштабтағы карталар (1см : 100 000, 1см : 50 000 т.б.) көп қолданылады. Бағдарлау кезінде алғаш картаны ыңғайлап, одан соң оны жергілікті жермен салыстырады, өзі тұрған жерді тауып, қозғалыс бағытын анықтайды. Картаны ыңғайлау кезінде картаның жоғарғы жағы солтүстікке қаратылады (төменгі жағы оңтүстік, оң қол шығыс, сол жақ батыс), ондағы бағыттар жергілікті жердегі бағыттарға сай келуі керек. Бағдар саны көп аумақтарда және жақсы көрінетін жағдайда картаны жергілікті жер линиялары бойынша және бағдарды көздеу арқылы ыңғайлайды. Бірінші тәсіл бойынша бағдарлаушының тұрған нүктесі сызықтық нысанада жол, орман шеті, байланыс линиясы тұруы керек, бұдан кейін картаны линиялық белгі мен басқа нысана белгілері олардың жергілікті жердегі жағдайларына сәйкес келгенге дейін бұрады. Бағдарды көздеу тұру нүктесі анық болған жағдайда қолданылады. Бұл кезде картада көрсетілген зат жергілікті жерде анық көрініп тұру керек. Тұру нүктесі мен заттың картадағы орындары арасына сызғыш қойылады да сызғыш қабырғасы таңдап алынған бағдарға (затқа) бағытталғанша картаны бұрады. Нашар көрінетін жағдайларда (түнде, орманда т.б.) және бағдары аз жерлерде картаны ыңғайлау кезінде компас қолданылады. Ол үшін оны картаның бетіне 0° — 180° диаметрі Солтүстік — Оңтүстік меридианына параллель болатындай етіп қояды. Одан соң картаны магниттік тілі босатылған компаспен бірге компас тілінің солтүстік шеті лимбаның нөлдік белгісіне немесе магниттік ауытқу шамасына тең белгіге келгенге дейін бұрады, яғни карта магниттік немесе нағыз меридиан бойынша бағдарланады.
Тұрған орынды картаның жергілікті жермен қоршаған заттар бойынша мөлшерлеп және картада белгіленген жақын бағдарларға жасалатын дәл тіркеулер (засечки) мен ұзын өлшеулер арқылы салыстырып анықтайды. Бұл кезде жоғарыда айтылған полярлық қадаммен өлшеу және бағдарды көздеу (визирование) әдістері де пайдаланылады. Бұл әдістер және дәл тіркеу әдісі көз мөлшер бойынша карта түсіру кезінде де қолданылады. Көз мөлшерлік түсіру —маршруттың немесе шағын аумақтың (асу алды, арғы беткі өту орны т.б.) қарапайым, жуықтау кескінін жасау үшін қолданылатын топографиялық түсіру. Ол планшет пен компас көмегімен орындалады. Нысаналарға дейінгі қашықтықтарды көбінесе көз мөлшермен немесе қадамдау арқылы анықтап, таңдап алынған масштаб бойынша жер кескінін план ретінде түсіріледі. Ірі нысанлардың келбетін алу үшін жер кескініне оның негізгі нүктелерін түсіріп, олар арқылы сызықтар жүргізеді. ұсақ нысаналарды масштабтан тыс шартты белгілермен белгілейді. қашықтықты қадаммен анықтағанда 2 орташа қадам-1 метр шамасы пайдаланылады.
Жүру сызығына жақын жердегі нысаналарды полярлық тіркеу әдісі бойынша түсіреді. Ол кезде жүру сызығының бір нүктесінен нысана бағытына және қашықтығын оған жүргізілетін сызық арқылы анықтайды. Алыс нысаналар оларға екі нүктеден жүргізілетін сызық арқылы жүргізілетін тура дәл тіркеу (прямая засечка) әдісімен анықталады. Тұрған жерді кескінге түсіру үшін кескінде бар екі затқа қарай өзі тұрған жерден екі сызық жіберіп, олардың қиылысқан жері арқылы тұру нүктесін табады. Бұл әдісті қайтара тіркеу (обратная засечка) деп атайды. Түсіру жолына біршама бұрыш жасай орналасқан тура сызықты нысаналарды тік сызықтар арқылы түсіреді. Ол үшін түсіру жолынан түсіретін нысанамен қиылысатын нүктені тауып, ол арқылы нысана бойымен сызық жүргізеді.
Көз мөлшер түсіруі кезінде жер бедері схемалық түрдегі горизанталдар арқылы белгіленеді. Салыстырмалы биіктік анероид немесе альтиметр арқылы, кейде көз мөлшермен анықталады. құламалардың (пороги), өткелдердің асу алдыларының кескіндері ірі масштабта (1 : 500–1 :25000) түсіріледі. Топографиялық нысаналардан басқа оларға бағдарларды, кедергілерді, олардан өтудің мүмкін болатын жолдарын түсіреді. Мысалы құламалар кескінінде арнадағы кедергілерді (тастарды, иірімдерді т.б.), жағалаулардағы бағдарларды, жағаға тоқтау және сақтандыру орындары көрсетіледі. Түсіруді бір жаға бойынша созылатын түсіру жолымен жүргізеді, ол кезде нысаналарды шартты белгілер арқылы белгілеп, оларға деген түсініктемелерді кескін шетіне жазады. Асу кескінін (схемасын) оған жақындаған кезде, яғни асу орны вертикалды кескінге жобаланатындай болған кезде көз мөлшер арқылы сызады. Жоғары көтерілу және төмен түсу жолы бойында беткей көлбеуліктерін, салыстырмалы биіктіктерді, жер сипаттарын (жар тастар, қар т.б.) кедергілерді (жарықшақтар, тасты жерлер т.б.) және топтың жүру жолы мен оның жеке бөліктерінен жүріп өту уақыттарын, түнеу орындарын көрсетеді. 
Көз мөлшері түсіруі кезінде қадамдау, уақыт, жүру жылдамдығы, көз мөлшер т.б. әдістерден басқа қашықтықты (L) анықтаудың басқа да амалдары қолданылады. Олар:
1) Нысаналардың сызықтық көлемі (м, ) және бұрыштық шамалары (см, 1) бойынша анықтау. Ол үшін сызғышты көзден 50 см алыс ұстап тұрып алыстағы затты жауып тұрған сызғыш ұзындығын санайды да төмендегі формалаға қойып ол затқа дейінгі қашықтықты шамалап анықтайды.
2) “Мыңдық” формуланы пайдалану. Бұл тәсіл бойынша заттың бұрыштық шамасын бұрыш өлшеуіш (угломер, мыңдық) бөліктері түрінде білдіреді, бұл кезде бір миллиметрлік бөлік 50 см-лік қашықтықта 0-02-лік (2 мыңдық) бұрышқа сәйкес келеді. формуладағы «-нысананың сызықтық көлемі, м; оның бұрыштық шамасы, см; Нысананың бұрыштық шамасы сондай-ақ кіші бөліктері 5 мыңға, үлкен бөліктері 100 мыңға тең призмалық дүрбінің шкаласы арқылы және тұрақты көлемдегі кейбір заттардың көмегімен де анықталады. Мысалы сіріңке талының ұзындығы 41 мм, бұрыштық шамасы 0-82.
1) Белгілі бұрыштармен салыстыру арқылы көз мөлшермен;
2) 20-20 дейінгі көлбеулікте горизонталды көздеу және қадаммен өлшеп шығу арқылы. Ол үшін көлбеу алдында тұрып, сығышты көз деңгейінде горизанталды түрде ұстап, көздеу нүктесін ол бойынша байқап алып, оған дейінгі қашықтықты қос, қадамдармен өлшеп шығады да, көлбеулікті мына формула бойынша есептеп шығады; мұндағы n-қос қадамдар саны, 60-тұрақты сан.
3) Бұрыш өлшеуіш, яғни транспортир арқылы. Транспортир ортасына салмақ байланған жіп ілінеді, тік сызықты диаметрді көз деңгейіне келтіріп, еңкіштік сызығы бойына бағыттайды. 90° штрих пен жіп арасындағы бұрыш еңкіштік көлбеулігін көрсетеді.
4) Көлбеулік графигін пайдалана отырып топографиялық карта арқылы өлшенеді.
Өзен ағысы жылдамдығын анықтау үшін оның тік бөлігіндегі тегіс жағаға 100 м қашықтыққа екі қазық қағады. Олардың әрқайсысының жанында секундтық тілі бар сағат ұстаған бақылаушы тұрады. Бірінші қазықтың бас жағынан суға зат тасталынады. Оның қазықтар арасынан ағып өту уақытын есептеп алып жылдамдықты анықтайды.
Тау туризмі бойынша бағдарлау негізінен рельеф элементтері арқылы орографиялық схемаларды, сипаттамаларды, фотосуреттер мен кескін сызбаларды пайдалана отырып жасалынады. Бұл материалдарды бұған дейінгі туристер–саяхатшылар топтары дайындайды. Компасқа көмекші ретіндегі екінші қосымша орын беріледі. Дайындық кезеңінде (жорықтың) аңғарлардың, жоталар мен шыңдардың өзара орналасу ретін, негізгі және аралық бағдарлар болып табылатын жергілікті заттар мен рельф ерекшеліктерін айқындап, олар туралы анық хабардар болу керек. Ерекше көңілді тұман кезінде және түнгі уақытта тұрған орынды айқындауға мүмкіндік беретін сызықтық бағдарларға – өзендерге, мореналық жолдарға, жар тасты қырларға ж. т.б. болу керек.
Аңғарлармен (шатқалдармен) жүру кезінде бағдар ретінде негізгі аңғардың көлденең аңғарлармен қосылған жерлері, аңғардың тарылған жерлері, шығыңқы тастар т.б. жергілікті заттар қызмет етеді. Көптеген рельф ерекшеліктері қар астында қалатын қыс кезінде бағдар жасауға қар тоқтамайтын жарлар, шығыңқы тастар және сызықтық бағдарлар – аңғарлар, өзендер, бұлақтар көмек жасайды. Туристік топтың бағдар жасауына маршруттар бойындағы бұтақтарды сындыру, ағаш діндерінде белгілер қою, тастардан қаланған турлар жасау, ал түнде от және фонар арқылы жарық сигналдары сияқты жасанды микробағдарлар көп көмек жасайды.
Бағдарлаудың ерекше түрі – спорттық бағдарлау. Ол-өзінің тұрған жерін анықтаумен қатар жүретін жергілікті жердегі жылдам қозғалу түріндегі түрлі жарыстарды біріктіретін спорт түрі. Жарысқа қатысушылардың негізгі міндеті – ірі масштабтағы карта мен компасты пайдалана отырып бақылау пункттерден жүріп өту.
Курорттық және танымдық туризм, сонымен қатар саяхаттар кезінде арнайы туристік карталар пайдаланылады. Туристік карталар – түрлі анықтағыш мәліметтермен, текстермен, түрлі-түсті суреттермен бірге болатын көрнекілігімен және тартымдылығымен сипатталатын туризм мақсаттары үшін қызмет ететін географиялық карталар. Олар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы карталар ауданмен, оның көрікті, көрнекі жерлерімен туристерге қызмет жасайтын мекемелермен танысу және саяхат маршрутын таңдап алу үшін керек. Оларда жалпы географиялық элементтермен (елді мекендер, жолдар, өзендер мен сулы орындар, ормандар, рельф т.б.) қатар кең түрде туризм нысандарының: туристік ұйымдар мен мекемелердің, кешендердің, мұражайлардың, архитектуралық және тарихи ескерткіштердің, ұлттық парктердің, қорықтардың ж.б. орналасуы беріледі. Жалпы туристік карталар тобына сондай-ақ елдер мен олардың бөліктерінің шолу карталары, маршруттардың (су, жаяу, автомототуризм т.б. бойынша) карта-схемалары, қалалардың кескіндері (жеке беттердегі немесе басқа туристік карталарға қосымша түрінде), қалалардың туристік атластары жатады. Шолу карталары, әдетте, 1 : 200 000-ден 1 : 1000 000 дейін және одан да ұсақ, ал жаяу маршруттар карталары 1 : 100 000-ден 1: 400 000-ге дейінгі масштабтарда жасалады.
Арнайы туристік карталарға спорттық бағдарлау бойынша жарыстар үшін керекті карталар, демалыс орындары мен туристік нысандарды таныстыру және туризмді насихаттауға бағытталған карталар жатады. Бір ғана тақырыпқа арналған және жеке нысан түрлеріне -әдеби-мемориалдық орындар, архитектуралық ескерткіштер т.б. байланысты карталар да бар. Қолдануға қолайлы болу үшін туристік карталарды буклеттер немесе жинақы кітапшалар түрінде шығарады. Туристер мен альпинистер үшін сондай-ақ фото карталар – деректі және көрнекілік космостық фотосуреттердің үлкейтілген (мысалы 1 : 70 000 масштабта) қайта жасалған түрлері де керек.
Туристік жорықтар мен саяхаттар маршруттарында шарты белгілемелер жүйесін пайдаланып белгілер қою (маркировка) қолданылады. Белгілер қою туристерді қысқа демалыс орындары, жүру жолы бойындағы табиғи кедергілер мен қауіпті бөліктер, маршруттағы тыйым салынатын немесе кеңсе берілетін мінез-құлық түрлері, маршруттың табиғи, тарихи, мәдени көрнекі жерлер, мәдени-тұрмыстық қызмет ету нысандары жайлы хабардар етеді. Маршруттарға белгілер қою – саяхаттар мен жорықтардың қауіпсіздігіне, туристер мен экскурсанттардың жинақылығына, қоршаған ортаның сақталуына жағдай жасайды. Маршруттарға белгілер қою үшін түрлі маршруттық маркалар, көрсеткіш, ескертуші, тыйым салушы белгілер, маршруттардың бағыттар мен қашықтықтардың сілтеме-көрсеткіштері, маршруттық схемалар және басқа белгілердің арнайы түрлері қолданылады.
Маршруттық марка жергілікті жердің нақты бөлігінің белгілі-бір маршрутқа тиістілігін көрсетеді және ол маршрутта негізгі бағдар ретінде қызмет етеді. Маркаларды ірі үйлер мен сарайлар бұрыштарына қояды. Аралық, кварталдық, ағашқа және тастарға қойылатын маркаларды, сондай-ақ арнайы белгі бағағаналарын маршруттық екі бағыты бойынша да жолдан жақсы көрінетіндей етіп қояды. қиылыстары мен бұтақтық жолдары жоқ жалғыз аяқ жолдар мен қара жолдарда маркалар 200-250 метр аралықта, ал бірнеше жалғыз аяқ жолдар және жолсыздық жағдайларында алдыңғы және соңғы марка бір-бірінен көрініп тұратындай етіп қойылады. Жолдағы бағыттардың шұғыл өзгеруі жағдайында және таңдаған бағыттың дұрыстығына күман келетін жерлерде маркалар 10-12 метр қашықтықта болады. Маршруттағы бұрылыс орындары жолдың екі жағынан “қақпа” түрінде белгіленуі мүмкін. Маркалардан басқа бағыттаушы көрсеткіштер де пайдаланылады. Егер бірнеше маршрут бір жерде түйісетін болса көрсеткіш түсі олардың ең “маңыздысының” түсімен (әр маршруттың категориясы, уақыты, ұзындығы, ұзақтығы бойынша өз маркасы бар) немесе барлық маршрутқа тән түстер көрсеткіш қасына боялады.
Көрсеткіш белгілер саяхатшыларды, туристерді маршруттағы түрлі көрнекі нысандардың (шолу нүктелері, сирек өсімдіктер, қорықтар мен табиғат ескерткіштері, ескерткіштер мен мұражайлар т.б.), спорттық-сауықтыру орындарының (шағын демалыс орындары, қонақжайлар, ауыз су көздері, өткелдер т.б.), туристік-экскурсиялық қызмет орындарының (турбазалар, кемпингтер, асханалар, медициналық көмек пункттері) бар екендігі жайлы хабардар етеді. Көрсеткіш белгілерді нысандардың дәл қасына немесе олардан біршама қашықтыққа – оларға баратын жолдар бойына орналастырады. Нысана жанындағы белгілерге осы нысананың балама белгісі, ал нысаналардан алыстау орналастырылатын белгілерде, әдетте, қосымша информациялар, мысалы, нысанаға дейінгі қашықтық, оған қарай қозғалыс бағыты көрсетіледі.
Ескерту белгілері туристерді кедергілер және мүмкін болатын қауіп-қатерлер жайлы хабардар етеді, оларды қырағылыққа, байқампаздыққа шақырады. Ескерту белгілері автожолдарға, тау және тау шаңғысы маршруттарына қауіпті орындарға 100-300 метр, жаяу және шаңғы маршруттарында 25-50 метр қалған қалғанға дейін орнатылады. қажетті жағдайда белгі қауіпті орнының (кедергінің) дәл қасына қайталап қойылуы мүмкін. Ескертуші белгілер сонымен қатар маршруттар бойынша қозғалыстарды шектеу және тәртіпке келтіру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Олар ондай кезде маршрут алдында, оның түйінді нүктелерінде және нысаналар қасына қойылады.
Тыйым салатын белгілер туристертің маршрутта болған кездерінде олардың мінез-қылықтарына қауіпсіздікті күшейту, қалыпты демалысты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, аудан экологиясының бұзылуына жол бермеу, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мақсаттарында шектеу қояды. Жоғарыда көрсетілген тыйым салу түрлері таралатын орындар мен нысаналардың, маршрут бөліктерінің тікелей алдына орнатылады.
Маршрут көрсеткіші әр маршруттың басталатын жеріне орнатылады және әр 5-10 км сайын белгілі бір түзетулермен бірге қайталанып отырылады. Маршрут схемалары регионның туристік-экскурсиялық мүмкіндіктерін көрнекі түрде бейнелейді. Олар бойынша саяхат трассасы мен маршрутын белгілейді. Маршруттық схемалар бірнеше жүз км территорияларды қамтып, бір мезгілде 5-10 маршруттарды бейнелеуі мүмкін. қашықтықтар көрсеткіштері маршрут трассасындағы және одан шеттегі нысаналардың (көрсеткіште бейнеленетін) сол жерден қаншалықты алыстығын көрсетеді.
Елді мекендерде, турбазалар, кемпингтер, демалыс белдеулері территорияларында бағдарлауды жеңілдету үшін көп жағдайда бағыт көрсеткіштерді де орнатады. Маршруттарды белгілеудің басқа құралдарымен қатар бақылау-құтқару қызметінің талаптары мен ескертулері, сирек кезедесетін өсімдіктер мен жануарлардың тізімі, қорық территорияларындағы мінез-құлық ережелері, тарихи және басқа көрнекі жерлердің сипаттамалары бар ақпараттық қалқандар, сондай-ақ километрлік бағаналар мен тақтайшалар пайдаланады.
Маршрут трассаларын және су, тау туризмі, тау шаңғысы бойынша жарыс қашықтықтарын белгілеу үшін маршрутты белгілеудің өзіндік арнайы түрлері қолданылады. Мысалы, су туризмі бойынша лоция пайдаланылады. Лоция – су бассейнінің толық сипаттамасын беретін жетекші құрал. Онда жағалардың, түптік рельефтің, өзен бойынша бағдарлаудың, арнадағы кедергілер мен олардан өтудің сипаттамалары беріледі. Туристік лоцияның ірі кемелер үшін жасалатын өзен лоциясынан айырмашылығы – тек өзеннің күрделі бөліктері бойынша толығымен жасалынады. Түрлі кемелер үшін әрбір бөліктен өтуге қажетті уақыт, арна арқылы жүзіп өту варианттары, сақтандыруды ұйымдастыру жүйесі, шоңғалдардағы бағдарлауды жеңілдету үшін белгі беретін адамдарды таратып қою орындары және сонымен бірге жағаға жүзіп тоқтаудың мүмкін болатын (жүзіп тоқтауға мүмкіндік беретін) орындары, кеме қоюға ыңғайлы тұрақтар, экскурсиялық нысаналар көрсетіледі.
Лоцияны құру кезінде төмендегі нәрселерді ескеру қажет. Туристік кеменің қозғалыс сызығы судың сипатына байланысты. Шағын өзендерде қозғалыс сызығын ағыс жалдамдығын толық пайдалана отырып, терең жерлер арқылы жүргізеді. қысқа өзендерде ірі кемелердің қозғалысына кедергі келтірулесу үшін жүріс бағыты бойынша оң жағаны жағалап жүзу керек. Шағын су қоймалары мен көлдерде қозғалыс сызығын желді, толқындарды, жаға толқындарын есептей отырып, жағадан алыстамай, керек кезде, тез арада оған тіреле қоятындай өтіп жүргізеді.
Лоцияны құру үшін негіз ретінде 1:100000 немесе 1:200000 масштабындағы карталар немесе олардың көшірмелері қызмет етеді. Бұл карталар көшірмелеріне өзендегі барлық кедергілер (жаға бойы, тез толқынды жерлер, шоңғалдар, шиверлер, көпірлер, паромдар т.б.) енгізіліп, олар ағыс бағыты бойынша номерленеді. Кедергінің қатарына оның қысқаша сипаттамасы, одан өтудің ең тиімді тәсілі және керек болған жағдайда 1:10000 не 1:20000 масштабтардағы кедергі схемалары беріледі. Кейде кедергілердің сипаттамалары мен схемаларыны Лоцияның түсініктеме жазылмаларында көрсетіледі.
Туризм бойынша жергілікті жердің перспективалық түсірілуі пайдаланылуы мүмкін. Перспективалық түсірілу дегеніміз – белгілі бір жер бөлігін оның табиғи кейпінде не фотосуретін пайдаланып ландшафтың ең сипатты нүктелерін (элементтерін) белгілей отырып кескіндеу. Алынған ландшафтың преспективалық бейнесі (оның схемасы) маршрутты анықтау және одан кейінгі жорық кезіндегі жергілікті жердегі бағдарлай үшін пайдаланылады.
Жергілікті жерді табиғи кейпінде кескіндеу болашақ схеманы бейнеленетін жер бөлігіне “жақындатудан” басталынады. Ол үшін көз деңгейі бойынша көзбен байқай отырып көкжиек сызығы мен негізгі вертикальды, олар сипатты бағдарлар, мысалы, беткейдегі жеке, өскен бұта не ағаш, болмаса ерекше формадағы шығыңқы жертас арқылы өтетіндей етіп қағаз бетіне түсіреді. Одан соң схемаға өзара орналасу жағдайы мен көкжиек сызығынан, негізгі вертикальдан қашықтығын сақтай отырып негізгі бағдарлайды белгілейді. Схема құру кейде түсініктер берумен, жол күрделілігін алдын-ала бағалаумен, қауіпті орындарды сыйпаттаумен қатар жүреді. Перспективалық түсірудің артықшылығы, оның түсіру аяқтала салысымен бірден пайдалануға жарамдылығында. Түсіру кезінде маршрутты анықтау үшін қажетті ландшафтың маңызды элементтері мен нүктелерін бөліп көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет