Жаңа вакциналарды шығару Жаңа вакциналарды шығару және вакцинацияның жаңа жолдарын табу маңызды мақсат. Мұның себебі:
- барлық жұқпалы ауруларға қарсы тиімді вакциналар әлі жасалмаған;
- вакцина препараттардың құрамына зиянды қоспалар кіреді. Бұл қоспалар вакцинаның қосымша зиянды әсерінің, аллергияның, энцефалиттің, артриттердің т.б. себебі деп саналады;
ертеде алынған кейбір вакциналар өзінің тиімділігін жоғалтқан;
жұқпалы аурулардың кейбір қоздырғыштары өзгерістерге ұшырады, сондықтан оларға қарсы пайдаланатын (оларды бейтараптандыратын) вакциналардың тиімділігі төмендеді немесе толық жойылды. Сондықтан вакциналарды енгізгенде ағзада тиімді иммундық жауап дамымайды.
Биотехнологиялық әдістердің көмегімен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының кез келген антигенін таза түрінде бөліп алу немес антигеннің тура көшірмесін синтездеу мүмкін. Антигеннің негізінде жасалған вакцина тиімді болу үшін оның иммуногендік қасиеті жоғары, яғни оны енгізгеннен кейін ағзада тиімді иммундық жауап қалыптасу керек.
Қазіргі күнде тиімді иммуногендер мен вакциналарды құру жаңа принциптердің негізіне алынады. Белгілі бір антигенді им-мундық жүйені ынталандыратын полиэлектролитпен байланыстырады, құрылған кешенді вакцинаны құру үшін пайдаланады. Алынған вакцинаны полимер-суббірлік вакцина деп атайды. Ресейде тұмаудың (гриптің) А1, А2, В штамдарына қарсы полимер-суббірлікті вакциналар жасалды, медицинада кең пайдаланады, атауы «Гриппол». Сарып, іш сүзегі, дизентерия, туберкулезге, тағы басқа жұқпалы ауруларға қарсы полимер-суббірлікті вакциналарға клиникалық сынақ жүргізіліп жатыр.
«Өсімдік жеуге жарайтын вакциналар» Ресей ғылыми академияның Сібірлік бөлімінің (РАН СО) ғалымдары
туберкулезге қарсы вакциналарды жасау тәсілін ұсынды.
*Туберкулез қоздырғышының (Mycobacterium tuberculosis) ақуыздарына қарсы ерекше антиденелердің синтезін кодтайтын адам генін бөліп алды.
Ген кодтайтын антиденелер туберкулезге қарсы адамның иммунитетін
қамтамасыздандырады.
*Генді өсімдік жасушаның геномына енгізді.
*Трансформацияға ұшыраған жасушалардан толық бағалы өсімдіктің регенерациясын жүзеге асырды.
*Регенераттар туберкулезге қарсы антиденелердің синтезі жүзеге асыру қабілеттілігін көрсетті.
Осы өсімдіктерді пайдаланып туберкулезбен күресу мүмкін деген болжам жасалды.
Өсімдіктердің физиология және биохимия институтында (Ресей ғылыми академияның Сібірлік бөлімі) томат пен қиярдың трансгенезінің негізінде СПИД пен гепатитке қарсы вакцинаны құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Корея ғылымдары Альгеймер ауруға қарсы вакцинаны трангенді помидордың негізінде алу жұмысты жүргізіп жатыр.
Франкфургта Giessen University генетиктері генетикалық түрөзгерген