- n - бас квант саны, орбитальдағы электронның энергиясын және орбитальдың көлемін көрсетеді, күрделі атомдарда электрон орналасқан қабаттың реттік нөмірін көрсетеді. n=1; 2; 3; 4; 5; 6; 7... - бүтін сандар. Квант қабаты K, L, M, N, O, P, Q деп белгіленеді.
- l - орбиталь квант саны, электрон бұлтының пішінін сипаттайды, оның мәндері: l=0, 1, 2, 3... n-1. l- дің бұл мәндеріне s, p, d, f деп белгіленетін орбитальдар сәйкес келеді, Олардың пішіндері: s - шар тәріздес, p - гантель; d - күрделі гантель, f – гүл жапырақтары типтес, күрделі пішін (сурет).
-
- m - магнит квант саны - бұл сан орбиталдық (l) квант санына тәуелді, бір пішіндес орбитальдардың жалпы санын және олардың кеңістікте орналасуын көрсетеді.
- m = - l +l
- m - атом орбитальдарының қай жаққа бейімделіп созылуының бағытын білдіреді, сондықтан (+) немесе (-) белгісі болады. Бұл үш квант саны Шредингер теңдеуінен шықты.
- Ал кейін спектрдегі сызық өте күшті магнит өрісінде екіге жіктелетіні анықталды. Бұл құбылыс электронның төртінші квант саны ms- пен сипатталатын жағдайын көрсетті. ms - спин квант саны.
- Мәні (+ ) және (-); Электронның осінің айналасындағы қозғалысын сипаттайды. Квант сандары квант қабаттарындағы электрондардың санын және ықтималды орындарын сипаттайды. Осы орындарды көрсететін орбитальдарды шығарайық, кесте құрайық (7-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |