Лекция 11. Масс-медиа және ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі


Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді



бет6/15
Дата25.03.2022
өлшемі100,25 Kb.
#136714
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Әлеуметтану дәрістер

Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді: а) еңбекке деген қатынас және еңбекпен қанағаттану; б) еңбекке деген қызығушылық дәрежесі; в) кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.

Еңбектің мазмұны оның техникалық –функциональдық жағын, ал еңбектің мазмұндылығы – оның әлеуметтік – психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек ынталандырғышы, еңбек мотиві, құндылықтар және құндылықтық бағдарлар: еңбек қызметіндегі құлықтық нормалар).

Кәсіп қоғам ішінде еңбек бөлінісінің әсерінен пайда болады. Қызметкер өз кәсібінің күштеріне қарай физикалық немесе ақыл –ой еңбегіне, өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы, атқарушы немесе басқарушы еңбегіне жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы еңбектің кәсіптік бөлінісінің дамуын да көрінеді. Кәсіп белгілі бір теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін барынша ауқымды және тұрақты қызмет түрін білдіреді. М. Вебер кәсіпті бір адамның белгілі бір функцияны өзін қамтамасыз етуші немесе жалақы алуына негіз ретінде тұрақты орындауы ретінде анықтайды. Кәсіп негізінде даралық еңбек бөлінісі құрайтын мамандықтарға бөлінеді. Мамандық қызметтің барынша тар және тұрақтылығы шамалы түрін білдіреді.

Өндірістің бөлінісін тереңдету мен қоса жүретін ғылыми-техникалық прогресс өзімен кәсіптік еңбек бөлінісін тереңдете түседі. Кәсіптің саны барған сайын арта түсуде. Мамандар казіргі кезде біздің елімізде шамамен 7000 кәсіпті атайды. Кәсіпті жіктеудің халықаралық стандартына 1998 жылы 9333 кәсіп енгізілді. Мамандардың айтуынша, адам өз өміріне 5 рет кәсібін өзгертеді.

Кәсіп-бұл кез келген еңбек қызметі емес, белгілі бір белгілері бар қызмет қана. Кәсіптің көпшілік анықтамалары оның бес сипаттамасынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет