Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары


Суықпен өңдеу және сақтау кезінде қолданылатын көмекші құралдар



бет40/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
Суықпен өңдеу және сақтау кезінде қолданылатын көмекші құралдар
Өнім сапасын сақтау шығынды төмендету және өнімнің сақталу ұзақтығын жоғарылату үшін суықпен өңдеуден басқа ультра күлгін және ионданушы сәуле, антисептик, реттелетін және модифицирленген газды ортаны көмекші құралдар ретінде пайдаланады.

Ультра күлгін сәуле ауаны және өнімнің беттік қабатын баптау үшін тамақ және сауда орындарында кеңінен қолданылады. Ол 136 - 4000А толқын аралығындағы электромагниттік энергияны қамтиды. Оларға өте үлкен химиялық, физикалық және биологиялық факторлар әсер етеді. Толқын ұзындығына байланысты ультра күлгін сәулелердің әсері де әр түрлі болады. Бактерияларды толық өлтіруге 2000-2950 А-ға дейінгі толқын ұзындықтары қажет. Бұл арақашықтық бактерицидті деп аталады. Бактерицидті әсер етуші толқын ұзындықтары 2600 А шамасында болады.

Өндірістерде шығарылатын бактерицидті лампалардың ультра күлгін сәулелер төменгі қысымды, өздігінен қызатын катодтары бар газды лампалар олып келеді. Олар 127- 220 В кернеуі бар айналмалы токпен қуат алады.

Ультра күлгін сәулелер әсерінен өнім бетіндегі микроағзалар өледі, сәулелердің өткізгіштік қасиеті 0,1 мм-ден аспайды. Залалсыздандыру процессі өнімнің микробиологиялық ластануы мен микроағзалардың даму сатысына байланысты. Төменгі температураларға байланысты кейбір өнімдердің сақталу мерзімін ұзартуға болады, олар: ет, жұмыртқа, жартылай дүмбілдер, ірімшік, цитрусты және де басқа өнімдер болып табылады.

Сәулелену әсерінен микрофлораның өсуі күрт төмендейді, яғни сәулелену шамасына ғана емес, сондай-ақ сыртқы орта күйіне байланысты бактериялардың тиімділігі жүреді. Температура төмендеген сайын бактериялардың тиімділігі де жоғарылайды.



Ионданушы сәулелену жоғарғы энергия әсерінен бейтарап атомдар мен молекулалардың электрлі иондануын, ал сәуле шашыраған беттерде химиялық реакциялардың болуын тудырады.

Өнімдерді өңдеу процессі арнайы аппараттарда өтеді, онда әртүрлі изотоптардың радиоактивті құлдырауы болады. Сонымен қатар, судың иондануы жүреді, ал жасушаларда жоғары химиялық бос радикалдарды түзеді. Сәулелердің нақты белгіленген мөлшерінде микроағзалар өледі.



Антисептиктерді қолдану өнімдерді бұзылудан сақтау үшін микроағзаларды ығыстыруға негізделген. Микроағзалар жасушасына енген заттар протоплазмалармен өзара байланысқа түседі де, олардың жойылуына әкеп соғады.

Антисептиктер өнімдердің қажетті қасиеттерінің неғұрлым аз өзгеруі және зиянсыз болуымен қадағаланады. Антисептиктерге сорбин және бензоил қышқылдары, сутекті асқын тотығы, күкірт диоксиді және т.б жатады.

Реттелетін газ (РГО) ортасы- консервілеу тәсілі сияқты жемістер мен көкөністерді атмосферадағы оттегі мөлшері өте жоғары немесе төмен жерлерде сақтауға негізделген. Оттегі концентрациясы төмен және көміртегі диоксиді жоғары концентрацияда газды түзу процессі 2-3 есе баяу жүреді, 3-5% жылудың бөлінуін төмендетеді. Реттелетін газды ортаны қолданып жемістер мен көкөністерді сақтау жетілу мерзімін ұзартады, шығынды азайтады. Газ қоспасының құрамы шикізат түріне, сорттарына, өсіру шарттарына және басқа да факторларға байланысты болады.

Модифицирленген газ ортасы- реттелетін газ ортасының бір түрі. Бұл жағдайда жемістер мен көкөністерді сақтау кезінде газ құрамы буып түйілген өнім ішінде құрылады. Буып түйілген ыдыс ішінде газды орта тұрақтылығын ұстап тұру үшін селективті өткізгіш мембрананы, жоғарғы газ өткізгіштігі бар пленкадан жасалған қолданады. Көбінесе, бұл әдісті араластырып пайдаланады, жемістерге қосымша өңдеу жүргізіп, сақтау кезінде жемістерден бөлінген, сапасына әсер ететін этилен, альдегид және басқа заттарды жұтады.

Селективті- өткізгіш мембрана силиконды каучуктан әзірленеді, осындай буып түйілетін ыдыс модифицирленген атмосфера құрады, оларды анықталған мөлшерде реттеуге болады. Селекционды өткізгіш ыдыстарды жемістердің мөлшері мен сортына, сақтау қоймасындағы температуралық және ылғал тәртібіне байланысты таңдайды. Полиэтилен силексионды контейнерлерде алмаларды сақтаған кезде жемістердің тауарлық шығымын жоғарылатып, шығынды азайтады және табиғи шығымын қысқартады.

Күнделікті немесе аз мөлшердегі қолданыстағы жемістер, көкөністер және жидектерге тыныс алу интенсивтілігіне байланысты пленка материалдарын қолданады.

Модифицирленген газды атмосфераны жануар шикізаты және олардан жасалған өнімдер үшін де пайдаланады. Көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы майдың тотығу процессіне және салқындатылған ет және ет өнімдерінің бұзылуына алып келетін микроағзалардың өмір сүруін тоқтатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет