Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары



бет49/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek

Екі сатылы жобалаудың тәртібі . Екі сатылы жобалауда алдымен техникалық жоба, кейін оның бекітілуінен соң – жұмыс сызбалары дайындалады.

Техникалық жоба дайындалғанда кәсіпорынның құрамы анықталады; оның қуаттылығы белгілі болады; құрылыс алаңы тағдалынып алынады; салынып жатқан заводты шикізатпен, сумен, отынмен, жарық қуатымен қамтамасыз ету сұрақтары шешіледі; қосылып жүретін халық шаруашылығы салаларымен мамандандырылу және қамтамасыз ету сұрақтары (кәсіпорынды транспортпен, ыдыспен т.т. ұамтамасыз ету). Негізгі техникалық шешімдер жасалып (технологиялық схемаларды топшылау, негізгі және көмекші құралдарды таңдау), қажетті технологиялық есептеулер жүргізіледі.



Шикізат тасымалдаушы және дайын өнімді тасымалдаушы транспорттық қатар схемалары жасалады. Тоңазытқышқа қатысты архитектуралық және конструктивті шешімдер жасалады. Цехтардағы машина және аппараттарды тұрғызу шешімдері, негізі және қосалқы бөлмелердің алаңдары есептеледі. Кәсіпорынның бас жобасы дайындалады. Еңбектің өнімділігі, азық- түліктің өзіндік құны, өндірістің пайлалылығы, өндірісті автоматизациялау және механизациялау деңгейі, капитал салудың тиімділігі көрсетілген тоңазытқыш жұмысының техникалық экономикалық көрсеткіштері анықталады. [1-3, 5, 6, 24, 27-30, 32].

Техникалық жоба келесі бөлімдерден тұрады.:

  1. Жобаның мазмұнын баяндайтын түсініктеме хат;

  2. Тоңазытқыш құрылысының (реконструкциялау) қажеттілігін дәлелдейтін және кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерінен тұратын техникалық-экономикалық бөлім;

  3. Құрамына өндіріс технологиясы, технологиялық жұмыс барыстарын автоматтандыру, электр қуатымен қамтамасыз ету, энергетикалық құрылымдар және жылу жүйесі бойынша материалдар бар технологиялық бөлім;

  4. Еңбекті ұйымдастыру, өндірісті басқару жүйесі, оған қосымша байланыс пен дабыл;

  5. Тоңазытқыштың архитектуралық шешімдері және санитарлық техникадан тұратын құрылыс бөлімі;

  6. Бас жоспар және сыртқы транспорт;

  7. Құрылысты ұйымдастыру;

  8. сметналық құжаттама;

  9. жобаның паспорты.

Бекітілген жобаға сәйкес жобаның екінші сатысы- жұмысшы сызбалар жүзеге асырылады. Олар жобаланған нысананы аз бөлшектеріне дейін көрсетуге мүмкіншілік береді. Жұмысшы сызбалар ғимараттың және құрылғылардың беріктігін, сенімділігін, өміршеңдігін қамтамасыз ететін жан-жақты шешімдер береді. Бұл сатыда жобаның техникалық шешімімен қарастырылған өндірісті тұрғызу және монтаждау жұмыстарына қажеттінің барлығы жете анықталады. Сонымен қатар артық жетелеп анықтауға рұқсат етілмейді; типтік сызбаларды және шешімдерді қайталамау, нормативті құжаттарды келтірмеу ұсынылады. Аяқталған жоба құзырлы орынмен бекітіліп, тапсырушымен келісіліп, оған акт бойынша тапсырылады.

Ескертпе. Жоба жұмыстарын жобалау ұйымымен тапсырыс беруші арасында тікелей келісім- шарт бойынша орындалса құзырлы орынның міндетін тапсырушы өзі атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет