Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары



бет44/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
29-30 тақырып.

Тамақ өнімдерін төмен температурада өңдеуге және сақтауға арналған тоңазытқыштар

1.Тоңазытқыштардың жіктелуі

2. Тоңазытқышты жобалаудың жалпы тәртібі

3. Тоңазытқыштардың кострукциясы


Тоңазытқыштардың жіктелуі

Тоңазытқыштарды құрылысының типіне немесе түріне, заттарды сақтау әдістеріне, белгілі мақсаттарына, сақтау камераларын салқындату әдісіне, көлеміне немесе өндірістік қуаттылығына және көптеген сипаттамаларын қарай жіктеуге болады. Түрлі тоңазытқыштарды сиымдылығына қарай салыстырғанда «тоңазытқыштың келісімді сиымдылығы» немесе «келісілген тоннадағы сиымдылықты тоңазытқыш» сияқты түсініктемелерді қолданады. Мұны тоңазытқыштың көлемін екіге немесе төртке бөлінген тұтас тоңазытылған сиыр етімен жүктегендегі 50:50 ара қатынастағы сиымдылық деп түсіну қажет.

Сиымдылық көлемінің үлкендігі тұрғысынан тоңазытқыштар кіші (500 т. дейін), орташа (5000 т дейін), үлкен (5000 т. жоғары) болып бөлінеді.

Құрылысының типіне қарай тоңазытқыштар: жерасты тоңазытқыштары, мұздықтар және мұздық қоймалары және Крыловтың мұздық қоймалары болып бөлінеді.

Жерасты тоңазытқыштар – бұл шынайы үңгірлерде және әктен тұратын жасанды тау, мрамор үйінділерінде немесе басқа жерлерде жасалған тоңазытқыштар. Олар жылу шығаруды оқшаулауды қажет етпейтін бірнеше метрлік қалыңдықтағы қоршауларға ие. Бұл тоңазытқыштардағы қоршауларды ұзақ уақыт салқындатып тұру қажет, өйткені олар кейін мықты салқын аккумулятор болып, салқындатылған орындарда температураны бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіншілік береді.

Мұздықтар- бұл мұзбен салқындатылатын немесе тұзды мұзбен қамтамасыз ететін жүйесі бар заттарды немесе өнімдерді сақтауға арналған қарапайым тоңазытқыштар Мұздықтарда жақсы желдету үшін бір- бірімен байланысты бір немесе бірнеше орындар қарастырылған.

Крыловтың мұз қоймалары – бұл мұзды тұрғызу арқылы тұрғызылған тоңазытқыштар. Оларда мұз тек құрылыс зат немесе шынайы тоңазытудың аккумуляторы ретінде ғана емес, тоңазытқыш құрал ретінде де қолданылады. Мұздатылған оқшаулағышты құрғақ оқшаулағыштың жұқа қабатымен, сосын шыммен жабады. Оларды жыл сайын қысқы уақытта бір жылдан соң жөндеп тұру қажет.

Құрылымы және қолданылу ерекшеліктеріне, сондай-ақ Қазақстанның ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты бұл типтес тоңазытқыштар өндірісте кеңінен қолданысқа ие болмады. Осыған байланысты бұл жерде ары қарай мәжбүрлі тоңазыту жүйесі бар тоңазытқыштар мұқият қарастырылатын болады.

Тоңазытқыш- бұл салқындатуға, тоңазытуға және түрлі заттарды және өнімдерді салқындатылған және тоңазытылған күйінде сақтауға арналған құрылғы.

Тоңазытқыштар мынадай ерекше қасиеттерден тұрады:

- оның ішінде шағын белгілі ылғалдылықта және қоршаған ортадан төмен температурада тамақ өнімдері сақталады және тоңазытылып өңделеді. Ол үшін негізі ауа және газ ортасының белгіленген құрамы қолданылады;

- салқындатқыш құрылыстарда жылулықтың және ылғалдылықтың енуін азайту үшін жылулық- және ылғалдылық оқшаулағыш кедергілер жасалады;

- тоңазытқыштардағы үлкен көлемді термо өңделуші жүктердің үлкен көлемділігі, оларды сақтау, тасымалдау және тиеп түсіруге байланысты арнайы тасымалдағыш транспорттар қажет етіледі;

-тоңазытқыштарға жоғары санитарлы талаптар қойылады.



Қолданылуына қарай тоңазытқыштар келесі типтерге бөлінеді.

Өндірістік тоңазытқыштар тамақ өнімдерін бірінші салқындатып өңдеуге арналған (салқындату және тоңазыту). Бұл тоңазытқыштар тамақ өндірістері жанында және шикізат зоналарында тұрғызылады. Олар өнімдерді салқындату және тоңазыту құрылғысының сақтау орынының аз көлемділігіне қарамастан өндіргіштігімен ерекшеленеді.

Өнімдерді салқындату және тоңазыту құрылғысының өндіргіштігіне байланысты өндіріс тоңазытқыштарында басқа типті тоңазытқыштарға қарағанда бірнеше қуатты салқындатқыш құрылғылар орналастырылады.

Базисті тоңазытқыштар бос орын және басқа тоңазытқыштардан түскен өнімдерді ұзақ уақыт сақтауға арналған.

Бұл тоңазытқыштар үлкен сақтау камераларын және мұздату және тоңазыту құрылғыларының төмен өндіргіштігімен ерекшеленеді. Базисті тоңазытқыштар көп көлемде халық тұратын жерлерге жақын салынады.

Портты тоңазытқыштар азық- түліктерді аз уақыт сақтауға және транспорт түрлерінің бір түрінен екінші түріне жүктелуіне арналған.

Бұл тоңазытқыштар ерекше қасиеті жүктеу операцияларының үлкендігімен,

Үлестіріп тұрушы тоңазытқыштар –жыл бойы тұрғындарды тамақ азық- түліктерімен қамтамасыз етуге арналған. Бұл типтегі тоңазытқыштар сақтау камераларының үлкенділігімен ерекшеленеді. Бұл тоңазытқыш құрылымдарда балмұздақ, су мұздарын өндіруге, немесе май мен етті қораптауға арналған өндірістік цехтар жобалануы мүмкін

Үлестіріп тұрушы тоңазытқыштарқалалар және өндіріс орталықтарында тұрғызылады.

Транспортты тоңазытқыштар азық-түлікті транспорттың түрлерімен тасымалдағанда қажетті төмен температура жасауға арналған.

(теміржол, су, автомобильді және ауатранспорттары).

Сауда тоңазытқыштары азық – түлік өнімдерін сауда базаларында, дүкендерде, тамақтану орындарында аз мерзімге сақтауға арналған.

Олар жоғарғы сақтау температураларымен ерекшеленеді.

Тұрмыстық тоңазытқыштар – үй жағдайында азық- түлікті аз мерзімге сақтауға арналған.

Өндірістік қуаты немесе азық- түліктерді салқындатқыштығымен өңдеуші (салқындату және тоңазыту) камералары бойынша тоңазытқыштар: кіші- өндіргіштігі тәулігіне 20 т дейін, орта- 100т\тәул., және өндірістілігі 100 т\ тәул. жоғары. Ғимараттың түріне қарай тоңазытқыштар көп қабатты және бір қабатты болып жіктеледі[1-3, 9-13, 18, 24, 25].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет