Сабақ Мектеп: «Көкөзек ауылындағы орта мектебі»



Дата18.05.2017
өлшемі473,42 Kb.
#16330
түріСабақ
2016-2017 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспарлау туралы жазбалар


САБАҚ: Математикалық Квн сайыс сабақ


Мектеп: «Көкөзек ауылындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Оспанбекова Ж.Қ




СЫНЫП: 4

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:3

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың білімдерін жан-жақты болуға,өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;

4 «Б» сынып білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды,білімді оқушыны анықтай алу,көшбасшы болуға тәрбиелеу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тапсырмаларды орындау барысында сұрақ-жауапқа жауап бере отырып жылдамдыққа үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тапсырмаларды орыорындай отырып ұқсастығын, айырмашылығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

  • Математика және әдебиет пәнімен байланысты екеніне дәлелдемелер келтіреді

  • Кейбір оқушылар математика туралы тереңдетіп алған білімдерін өмірде қолданыста пайдалана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Математикалық ребус, лото ойнындағы тапсырмаларды шешіп,түсіне алады.

Алдыңғы оқу

Сабақтардың бір –бірімен байланысының негізгі қағидалары?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Уақыты

10 мин


  1. Сәлемдесу. Сынып оқушыларын ортаға жинау, қол ұстаса шеңбер құру, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру Сыныпта психологиялық қалыпты ахуал туғызу.

Өнерлі боп өсеміз

Өмір сырын шешеміз

Өсіріп ой -сананы

Қуантамыз сіздерді. Түстер арқылы топқа бөліну.Енді бізге келіп түсті таңдап және сол түстегі партаға барып отырайық. Сайысқа қатысушыларды күннің суреті арқылы бағалаймыз әр күннің суреті бар қағаз 1 ұпай болып есептеледі.



  • Сайыс барысында тыныштық сақтау ;

  • Топен жұмыс жасау

  • Тапсырмаларды орындау барысында жылдамдық таныту

  • Тапсырманы орындау барысында сұраққа уақытынан бұрын жауап бергілеріңіз келсе ЖАСЫЛ түсті текшені,түсінбеген жағдайда ҚЫЗЫЛ түсті текшені көтеру керек.

Енді байқағанымыздай әр топтың алдында әріп қиындылары жатыр.Сол әріптерден сөз құрастыру арқылы біз тобымыздың атын анықтаймыз.

Сайыс 5-кезеңнен тұрады.



  • «Аукцион» ойыны

  • «Гүлдер, аралар» ойыны

  • «Қимақ»

  • «Көшбасшылар» сайысы.

  • «Кім жүйрік?»

Кеспе қағаздар,

Плакат,

Маркер,



Бағалау парақшасы, смайликтер
Күннің суреті
Қызыл,жасыл текше



Ортасы 28мин.
5 мин

5 мин


4 мин

4 мин

2-мин

4 мин
4 мин



Жаңа сабақ барысы:

1-топ Алғырлар

Қиындықтан қашпаймыз

Алған беттен қайтпаймыз

2-топ Тапқырлар

Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста

Алғырлықпен аламыз.



3-топ Білгірлер тобы

Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

4- топ Ойшылдар

Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.


  • Аукцион .
    Мақсаты: сандар құрамына негізделген есептеу дағдыларын қалыптастыру.Күнделікті өмірмен байланысты аукцион тақырыбына лайықты есептер шығару.
    Ойын мазмұны: тақта алдында аукционға қойлатын заттар қойылады.Сынып ішінен аукцион жүргізуші және сарапшылар белгіленеді. Теңге үлгілері 10 – 100 көлемінде оқушыларда болу керек. Қалған сатып алушылар өздеріне ұнаған заттарды таңдап, алғашқы аукционға түсіретін қажетті заттарды атайды. Ең соңғы баға анықталғаннан кейін ғана зат сатылуға тиіс.Немесе төмендегідей сыйлықтар аукционын өткізуге болады.Сыйлықтар аукционы.
    Тапсырмалар лоторея түрінде беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы сыйлықты алады. Қателессе келесі оқушы шығады. 

Кітап – 2 457:3+1 373•2=819+2746=3 565

(318•5+1052)-2210=432

Телефон – 1. Автобус 47км/сағ жылдамдықпен 141км жол жүді. Автобус қанша уақыт жол жүрді.

V-47км/сағ

S- 141км

t-?сағ t-141км :47км/сағ=3 сағ



2.Арақашықтығы 81км екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір біріне қарама-қарсы шықты. Біріншісінің жылдадығы 12км/сағ, ал екіншісі 15 км/сағ.Олар неше сағаттан кейін кездесті.

S- 81км

V1-12км/сағ

V2-15км/сағ

t-?сағ t-81км :(12км/сағ+15км/сағ)=3 сағ

Компютер- Есепті шығар.

Егіс алқабынан 600 кг бидай жиналды. 320 кг бидай қоймаға жіберілді, ал 118 кг бидай диірменге жіберілді. Қанша кг бидай қалды?

Ш: 600-( 320+118)=162

Машина –

Теңдеу шеш

492+х=20 000-2 511 х-1509=2356

492+х=17 489 х=2356+1509

Х=17 489-492 х=3865

Х=16 997 3865-1509=2356


  • 2- кезең «Гүлдер мен аралар» Ойынның мазмұны. Ойынды топқа бөліп ойнатуға болады.Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған.Әр күлте жапырақшаларында үш түрлі жауап.Мысалы, 20+30 ( 50, 60, 90 ). Әр топтағы ара рөліндегі оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп, өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде балалардың білім деңгейі тексеріледі.

  • Алғырлар тобы көк гүл

5891-971=

9082-8048=

37931-5721=

5782-56=


8403-7020=

  • Тапқырлар тобы

54376+2414=

7479+2414=

3924+759=

4005-759=

72348+552=


  • Білгірлер тобы

2457:=

1373•2=


11415:3=

6789+921=

5678+5899=


  • Ойшылдар тобы

318+1052=

5256+1250=

74612+3072=

39207-4017=



55200+6548=

  • Сегіт сәті : Көңілді күй

  • 3-кезең «Қимақ» Бұл кезеңде тез есептеу дағдыларын ұштау.
    Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы топ қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.

Х+205=1708

Х=1503

Х=1215




4-кезең «Көшбасшылар сайысы» «Мақалды жалғастыр» ойыны.
* Білгенің бір тоғыз,
...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)
* Батыр бір рет өледі,
...................................(Қорқақ мың рет өледі)
* Екі аяқтыда құрдас тату,
.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)
* Жалғыз ағаш үй болмас,
.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)
* Ақылсыз достан мың сақтан.
................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
* Елуінде – ер дана,
...............................................(Елуінде – ел жаңа)
* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,
...................................................(Өмірде жүз досың болсын)

5-кезең «Кім жүйрік» Логикалық есептер.( тест пен жұмыс)
1.1жанүядағы ағайынды 2 жігіттің әрқайсысының 1 апасы,1 
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4). 

2.Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы) 

  1. Табақта 55 алма
    Қолымда 5 алма
    Барлығын қосқанда
    Айтшы сонда нешеуі
    Болады неше алма? (60 алма)

  2. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада
    неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау, 1 Тауық)

  3. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)

  4. Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.

Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,

Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?



(61саңырауқұлақ)

  1. Жайлы орын маңай толы үйеңкі,

Батыр барыс алтыбақан құрыпты.

Кешке қарай жиналыпты көршілер.

40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,

Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.

Айтшы аңдар саны қанша,

Болып қалмай тек күлкі. (48 аң)



  1. Шыңғыс берді 1 гүл

Алмас берді 2гүл,

Саят пенен Жақсылық

Тағы  берді 5гүл

Нұршат пенен Назерке

Әкеліп берді 3гүл

Қалғандары қосылып,Берді тағы 5гүл.

Қанша гүл болды барлығы? (16 гүл)

«Ой қозғау»


Оқулық, суреттер, ақ парақ, стикерлер

аукционға түсетін бұйымдар, әртүрлі заттар, теңге үлгілері.
Кітап , телефон, компютер, машина .

Гүл. ара суреті





  • Орындаған тапсырмаларына бал арқылы бағалау

қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
жетон

«Аяқталуы 7 мин

  1. Не білдім?

  2. Нені білгім келеді?

Оқушылар стикерге жазып жапсырады.

Кері байланыс

Қосымша ақпарат АҚТ пайдаланып презентация жасау



-Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


  • Жекелей сұрақтар қою арқылы

  • Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты сұрау, кері байланыс орнату.

  • Белсенді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы




  • формативті бағалау

  • табыс критериясы арқылы бағалау

  • смайликтер арқылы бағалау

  • математика

  • әдебиет




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Менің жоспарлаған сабағымның мақсаттары шынайы деп ойлаймын. Өйткені оқушы өз бетінше оқып біледі, өзара ынтымақтастық әрекетке түседі. Сыныптағы ахуал жағымды эмоциялар тудырады.



Тиімді болады деп пайымдаймын. Әр оқушы өз ойларын айтып жаңа қырынан көрінеді. Бір бірлеріне деген гуманистік қарым қатынас туындайды. Мен берілген уақытқа үлгеремін деп ойлаймын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақты түсініп өздігінен білім алуы

2: Ерекше назар аударатын оқушылардың іс әрекет жасауы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық және жұптық жұмыс

2: Формативті бағалау

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Барлық бала ұйымдасқан түрде жақсы жұмыс жасай алды.

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ішінен көшбасшы балаларды анықтай алдым.






Бекітемін

Мектеп директоры:

Ж.Б Манкеева

«Көкөзек ауылындағы орта мктебі» КММ

Сайыс сабақ тақырыбы:



Математикалық

Квн

Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанбекова Ж.Қ
Каталог: uploads -> doc -> 03aa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03aa -> Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Пән мұғалімі : Дауылбева а сыныбы : 6 Д
03aa -> Долбнев Василий Викторович, учитель биологии и географии, первая квалификационная категория Виахту 2016 пояснительная записка Настоящая рабочая программа


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет