Сабақтың тақырыбы: Омонимдер Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі40.99 Kb.
түріСабақ
5 сынып қазақ тілінен Омонимдер тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары
Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Омонимдер

Сабақтың мақсаты:

1.Омоним сөздерді бір –бірімен салыстыра отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы ұқсастығын анықтау.

2. Оқущылардың танымын кеңейту, тез қабылдауға жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру.

3. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер , интерактивті тақта,қоржын, кеспелі карточкалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кезекшімен сұхбаттасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә) психологиялық ахуал

Мен бүгінгі сабағымызды эпиграфпен бастағым келеді.



«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатына біле-біле»

Міне , балалар, алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін көп оқып, іздене білуіміз керек. Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық!

ІІ. Жаңа сбақ.


  1. Марат атты суар

  2. Ол нысананы көздеп тұрып атты.

  • Тақтаға жазылған осы екі сөйлемдердегі атты жазылуын және қай

сөз табы екенін салыстырыңдар.

Осыдан қандай ой түйдіңдер? – оқушыларға сұрақ қойдым.

Оқушылар: - біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер, - деп жауап береді.

Оқушылардың көп мағыналы сөздер мен омонимдерді ажырата білу білім- біліктерін тексеру мақсатында «Кім жылдам?» ойынын жүргіздім.

Ойынның шарты. Сыныпты екі топқа бөліп, 1- топты «Көп мағыналы сөздер» 2 – топты «Омонимдер» деп аталды. Үстелден кеспе кағаздарды тауып, қоржынға жинауы керек.


Сөздің төркіні,

Істің төркіні



Мысалы : 1) «Көп мағыналы сөздер»

қоржынына салу


Кітапқа қара ,

Қара етік


2) «Омонимдер»

қоржынына салу

Ойын соңында кеспе карточкаларды дұрыс жинаған топты мадақтау.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы, айырмашылығы Венн диаграммасы бойынша оқушыларға анықтаттым




Көп мағыналы сөздер

мағыналары бір-біріне

жақын, ұқсас болып,

бір ғана сөз

табына жатады.


Сыртқы Омонимдер

тұлғалары дыбысталуы

жағынан, біркелкі,бірақ

дыбысталуы мағыналары

жағынан басқа-басқа

ұқсас болып

келеді.Бір сөз

табына да,әр басқа

сөз табына да

қатысты болады.



Оқулықпен жұмыс

64- жаттығуды сынып болып талдау

а) 2-3 оқушыға тыйым сөздерді оқыттым.

ә) осы сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздер бар-жоғын анықтау.

б) Осылардың ішінде өздері біліп, орындайтын тыйым сөздерді талдау.



ІІІ. Жаңа материалды бекіту

Деңгейлік тапсырмалар орындау



  1. деңгейлік тапсырма- берілген мәтіннен омонимді табу. Жаз өтіп, күз

келді. Аманжол үй жұмысын жазды. Ол ауруханадан жазылып шықты.

  1. деңгейлік тапсырма - қол, қыс, сіңір сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрау

  2. деңгейлік тапсырма- сурет бойынша әңгіме құрау.

  3. деңгейлік тапсырма- берілген тақырыптардан шағын әңгіме жазу немесе өлең шумақтарын құрау. Тақырыптары: «Менің анам», «Сабақ үстінде»

ІҮ.Сабақты қорытындылау

Ойды жинақтау мақсатында «Топтастыру әдісі» арқылы өз білімдерін тиянақты қорытындылау.




Омонимдер
Әр түрлі сұрақтарға Дыбысталуы бірдей

жауап береді


Мағыналары басқа- Әр сөз табынан болады



басқа

Ү. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы
Каталог: 433A5DDF800BAE38
433A5DDF800BAE38 -> Сабақ жоспары 5,6 сынып 5 сынып тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
433A5DDF800BAE38 -> Краснофлот негізгі мектебінің 2016 жылғы 24 ақпаннан 4 наурыз аралығында ғы «Бақытты балалық шаққа құқық» атты онкүндіктің есебі
433A5DDF800BAE38 -> Сыныптарға арналған олимпиадалық тапсырмалар. 5- сынып Олимпиадалық тапсырма
433A5DDF800BAE38 -> Еңбекшілдер ауданы Краснофлот негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан А. Бағдарламаның 7 модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасы орташа мерзімді жоспарлау туралы түсінік хат
433A5DDF800BAE38 -> Бекітемін: мектеп директоры Абужусипов Ж. О. Тарих апталығының жоспары. (7 желтоқсаннан 12 желтоқсан аралығында өтеді ) Апталықтың тақырыбы : «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»
433A5DDF800BAE38 -> Жұмыс жоспары (16-23. 02. 2015ж) Апталықтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Бастауыш сыныптар арасында өткен «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты апталықтың қорытынды есебі
433A5DDF800BAE38 -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет