Лекция №1,2
Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері.
1.Температура бағаналары.
2.Термодинамикалық диограммалар.
3.Төменгі температура алу әдісі.
4. Заттың күйін өзгерту құбылысын суыту процесіне пайдалану
1. Температура бағаналары
Температура дегеніміз – дененің қызу мөлшері, яғни дененің жылулық күйін сипаттайтын шама. Кинетикалық теория бойынша температура кинетикалық энергияның мөлшерімен, яғни дененің молекулаларының жылдамдығымен анықталады. Молекула жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, дененің температурасы да соғұрлым жоғары болады. Молекула жылдамдығы төмендесе, дененің температурасы да төмендейді.
Температураның өлшем бірлігі ретінде градус алынды. Градус дегеніміз- температура бағанасындағы негізгі екі нүкте аралығының бір бөлігі. Реомюр, Цельсия және Фаренгейт температура бағаналарын қалыпты жағдайда судың қату және қайнау температура аралығын тең бөліктерге бөлу арқылы сипатталынады.
Реомюр бағанасында бұл аралықты (0-ден +800R), Цельсия бағанасында өзара тең 100 бөлікке (0-ден +1000С), ал Фаренгейт бағанасында 180 бөлікке бөлген (+32- ден +2120F).
Бір бағанадан екінші бағанаға өту формулалары мынадай:
(1.1)
Температураны өлшеу бірнеше тұрақты температура нүктелеріне немесе термодинамиканың екінші заңына негізделуі мүмкін. Осыған байланысты екі температура бағанасы пайда болды.
Халықаралық температуралық бағана (ХТБ) – бірнеше тұрақты температура нүктелеріне сәйкестендірілген. Мысалы: судың қайнау температурасы (+1000С), оттегінің қайнау температрасы (-182,960С), алтын және күмістің қату температуралары (1064,430С, 961,930С).
Халықаралық термодинамикалық бағана – термодинамиканың екінші заңына (жылу мөлшері мен температура арасындағы байланысқа) негізделген.
1967 жылы өткен дүниежүзілік өлшемдер мен салмақтар стандартының ХII Бас конференцияның резолюциясы бойынша абсолюттік нөл деп -273,160С температурасы болды. Кельвин бағанасынымен Цельси бағаналарының арасындағы байланыс теңдеуі мынаған тең
Т= t0C +273,16; t0C= Т-273,16 (1.2)
Кельвин бағанасы кинетикалық теорияның температураға беретін анықтамасына сәйкес. Бұл теория бойынша абсолютті нөлде ешқандай қозғалыс болмайды. Молекулалар қозғалысы жоқ, дененің температурасы 0 К – тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |