Химиялық реакциялардың энергетикасы мен бағыты АҚПАРАТТЫ – дидактиКАЛЫҚ бөлім Тақырыптың маңызы: Биоэнергетиканың теориялық негізінде термодинамика жатады, ал ол энергияның өзгеруімен қозғалуының зерттейтін ғылым. Тірі организмде зат алмасу процессі энергиясының өзгеруімен қозғалуына байланысты және ол энергияны түзетін заттардың жылу беру қабілетіне тәуелді. Қоректік заттарды, дәрі-дәрмекті қабылдағанда адам денесінде тотығу-тотықсыздану процесінде нәрлі заттардың химиялық энергиясы шығады. Ол энергия адам тіршілігіне жұмсалады. Осы энергияның өзгеруін оның сандық мөлшерімен бағытын анықтау өте маңызды.
Сабақтың мақсаты: Термодинамиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын түсініп, оларды химиялық реакцияның жылу эффектілерін есептеуге қолдану; қоректік заттардың, дәрі-дәрмектердің жылулық мөлшерін есептеуді үйрету.
Термохимия – химиялық реакциялардың жылу эффектілерін зерттейтін термодинамиканың бір бөлімі. Термохимиялық теңдеулер – жылу эффектілері көрсетіліп жазылатын теңдеулер. Термохимиялық теңдеулерде:
Заттардың агрегаттық күйі;
Процестің жүру жағдайы (298K-дегі стандартты жылу эффектісі ΔH0298 ) көрсетіледі.
Лавуазье-Лапласс заңы – заттың түзілу жылуы оның теріс таңбамен алынған ыдырау жылуына тең: ΔHтүзілу= -ΔHыдырау Стандартты түзілу жылуы (энтальпиясы) (ΔH0298)-стандартты жағдайда (T=298K, P=105 Па) жай заттардан бір күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу.
Гесс заңы-химиялық реакцияның жылу эффектісі тек жүйенің бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді, ал жүру жолына тәуелсіз. Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеу үшін Гесс заңының салдарын қолданады.
Гесс заңдарының салдары: стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкес стехиометриялық коэффиценттеріне көбейтілген өнімдердің түзілу жылуларының қосындысы мен бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындыларының айырымына тең: