Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Гесс заңын және одан шығатын салдарларының анықтамасын беріңіз.
Химиялық реакцияның жылу эффектісіне анықтама беріңіз.
3.Қосылыстардың қалыпты түзілу және жану жылулары, оларды химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеуге қолдану
Гесс заңы
Химиялық реакцияның жылу эффектілерін қарастыратын термодинамиканың тарауын термохимия деп атайды.
Ең алғаш термохимияның екі заңы белгілі болды. Біріншісі - Лавуазье және Лаплас заңы (1780): химиялық қосылыстың ыдырау жылуы осы қосылыстың түзілу жылуына абсолюттік шамасы бойынша дәл тең, ал таңбасы жағынан қарама-қарсы болады.
Гесс заңын (1840) термодинамиканың 1-заңының химиялық түрі деп айтуға болады:
Егер реакцияны бірнеше жолмен жүргізуге болатын болса, онда энтальпияның жалпы өзгерісі (тұрақты қысымдағы реакцияның жылу эффектісі) реакцияның жолына тәуелді емес.
Гесс заңы P = const және V = const жағдайындағы процестер үшін дәл орындалады:
qv = DU; qp = DН.
Гесс заңы
C(қ)+O2(г) = CO2 (г) DН1
Екінші жол бойынша CO2 екі сатыда алынады; оларды қосып және бірдей мүшелерін қысқартып қажет реакцияны алуға болады:
а) C (қ)+1∕ 2O2 (г) = CO (г) DН2
ә) CO (г) +1∕ 2O2 ( г) = CO2 (г) DН3
Суммарлық реакция: C (қ)+O2 (г) = CO2 (г ) DН1
Мұнда DН1, DН2, DН3 - сатыларға сәйкес жылу эффектілері.
Гесс заңы бойынша:
DН1= DН2 + DН3
Гесс заңы орындалу үшін екі жолда да бастапқы заттар (C, O2 ) мен соңғы зат (CO2 ) бірдей күйде болуы шарт. Бірдей күй деген – химиялық құрамы, агрегаттық күйлері мен кристалдық модификациясы, реакция жүру жағдайлары бірдей болуын білдіреді.
Гесс заңының салдарлары
3-салдар: Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылулары мен бастапқы реагенттердің түзілу жылуларының айырмасына тең.
аА + вВ +…... = dД + eE +...
DH= (d DHтүз. Д + e DHтүз. Е +...) - (aDHтүз. А + в DHтүз. В+...)
немесе DH0298 =ΣνiDH0түз. өнім - ΣνjDH0түз. Баст (56)
. мұндағы νi және νj - реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер.
Жай заттардың түзілу жылуы нөлге тең деп қабылданады.
4-салдар: (Жану жылуын еске түсіріңіз). Егер реакцияға қатысушы заттардың жану жылулары белгілі болса, онда реакцияның жылу эффектісін есептеуге болады.
Гесс заңынан шығатын тұжырым бойынша реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылуларының айырымына тең:
DH0298 =ΣνiDH0жану, баст. - ΣνjDH0жану, өнім
Жану жылуларын да заттың 1 молі үшін табады (арнаулы калориметрде) және анықтама кестесінде мәндері келтірілген.
2.Химиялық реакцияның жылу эффектісіне анықтама беріңіз
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
Кейбір заттар оңай от алып жылу бөле әрекеттессе (бензин, керосин, газ, т.б.), кейбіреулері реакцияға түсу үшін үнемі қыздырып отыру керек болады.
Жылу бөле жүретін реакция экзотермиялық, ал сіңіре жүретіні эндотермиялық деп аталады (экзо - сыртқы, эндо - ішкі). Мысалы, тамақ пісіру осы үдеріске жатады. Жоғарыда қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді.
Жылу эффектілері көрсетіліп жазылған реакция теңдеулері термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С + O2 = CO2 + 393 кДж (экзотермиялық қатты газ)
С + Н2O = CO+ Н2 - 132 кДж (эндотермиялык қатты бу газ)
Термохимиялық теңдеулер бойынша өндіріске қажетті жылу немесе бөлінетін жылудың шамасын анықтап, олардың мәндері бойынша реакциялардың жүрісін басқаруға болады.
Жылу эффектісі әрекеттесуші заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне байланысты, сондықтан термохимиялық теңдеулерде заттардың күйлері көрсетіледі. Мысалы, 1 моль су буы мен сұйық су түзілген кезде бөлінетін жылу шамасы әр түрлі:
Стандартты жағдайда (t=25°С, 101,3 кПа) жылу мөлшерлері әр түрлі болады екен. Зат массасының сақталу заңы сияқты энергия сақталу заңы да болады. Зат молекуласы түзілгенде қанша энергия бөлінсе, оны айыру үшін сонша жылу сіңіріледі:
Отынның түріне қарай (газ, сұйық, қатты) олар жанғанда бөлінетін жылудың шамасы да әр түрлі болады. Ол әрекеттесуші заттардың табиғатына, жанасу бетінің ауданына және қысымның шамасына (газ күйіндегі отындар үшін) тәуелді. Химиялық реакциялар тек жаңа заттар алу үшін ғана емес, энергия көзі ретінде де пайдаланылады.
Химиялық реакциялар , әдетте, жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді.
Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады.
«Экзо» гректің «сыртқа» деген сөзі. Егер химиялық реакция энергия бөле жүретін болса сол бөлінген энергияны тиімді пайдалануға болады. Айталық отынның жану кезінде бөлінген энергияны үйді жылытуға пайдаланады, ғарыштық ракетаның жану камерасындағы отыннан бөлінген жылу сол ракетаның жұмысына жұмсалады,тұрмыста бөлмені әктеу жұмыстарында сөндірілмеген әкті суға салып араластырғанда, өздігінен реакция жүріп, ыдыстың сыртын ұстағанда жылу бөлінгендігін байқауға болады. Күнделікті т.б. экзотермиялық реакция ұғымы жөнінде түсінік береді, яғни жылу түрінде энергия бөле жүретін химиялық реакцияларды-экзотермиялық реакция дейміз
Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық реакция деп аталады.
«Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. судың электр тоғымен айырылуын көрсетіп, реакцияның жылуды сіңіре жүретініне де оқушы назарын аударады. Мысалы күнделікті тұрмыста тамак пісіру, суды қайнату осы үдеріске жатады. Оттекті зертханада алу үшін қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді.Демек энергия жұмсалады, жылу сіңіріледі. Бұл эндотермиялық реакцияларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |