Лекция 12 Педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті



бет2/4
Дата20.12.2021
өлшемі27,34 Kb.
#104266
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
12 лекция

Шығармашылық ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекет кез келген әрекет сияқты сандық қана емес, сонымен қатар сапалық ерекшелікпен сипатталады. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын өз іс-әрекетіне шығармашылық қарым-қатынасының деңгейі негізінде ғана анықтауға болады. Педагог іс-әрекетінің шығармашылық деңгейі өз мүмкіндіктерін алға қойған мақсатқа жету үшін қолдануынан көрінеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық ерекшелігі оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ғылым, техника, өнер сияқты сфералармен салыстырғанда педагог шығармашылығының мақсаты жаңа бір бағалы, әлеуметтік құндылықты құру емес. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, оның ішінде жаңашыл педагог өзінің педагогикалық жүйесін құрады.

Педагогтың шығармашылық потенциялы жиналған әлеуметтік дағдымен, психологиялық және педагогикалық білімімен, жаңашылдығымен қалыптасады. Тәжірибеде дәлелденуі бойынша жоғары мамандырылған, білімін, мамандық квалификациясын жоғарлатып отыратын мұғалімдер ғана шынайы педагог бола аллады.

Педагогикалық шығармашылықтың көріну саласы педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің құрылымымен анықталып, оның барлық жақтарында: жоспарлауда, ұйымдастыруда, жүзеге асырылуда, нәтижені талдауда көрінеді.

Қазіргі ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі ретінде қарастырылады. Әр түрлі көптеген мәселелердің шешілуіне назар аударсақ мұғалім де басқа да адамдар сияқты өз қызметін белгілі бір эвристикалық ережелерді ізденуімен жүзеге асырылады, мысалы: педагогикалық ситуацияны, берілген ақпараттар бойынша нәтижені талқылау және алынған нәтижелерді бағалау арқылы, сонымен қатар жаңа мәселені қалыптастыру арқылы. Бірақта педагогикалық қызметті тек педагогикалық мәселелерді шешумен ғана шектелмейді, ол өзінің шығармашылық қызметінде танымдық, эмоционалды-еріктік, мативациялық сияқты тұлғалық компанентерді көрсетеді.

Педагог шығармашылығы коммуникативті міндеттерді шешуде де көрінеді. В.А.Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық-педагогикалоық аспектісін және субъективті-эмоционалды жағдайларымен қатар, ситуативті міндеттерді шешуде көрінетін коммуникативті іскерліктерді нақтылайды. Бұндай іскерліктердің алдыңғы қатарына өзінің психикалық және эмоционалды жағдайын басқару, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып назарды өзіңе қарата білу жатады. Шығармашылық адамды жеке бастық іскер сапалар, яғни оның креативтілігін сипаттайтын сапалар көрсетеді.

Е.С.Громов және В.А.Моляко креативтіліктің 7 қасиетін көрсетеді: оригиналдылық, эвристикалық, фантазия, белсенділік, тұрақтылық, нақтылық, сезімдік. Педагогқа сонымен қатар инициатива, өзінділік, мақсатқа бағытталғандық, бақылампаздық, ойлауды дамыту тән.

2.  Адамның белгілі бір мамандыққа қабілеті оның іс-әрекетінің ерекшелігінен және ойлауынан көрінеді. Е.А.Климовтың ұсынған жіктелуі бойынша педагогикалық кәсіп – пәні басқа адам болып табылатын мамандық тобына жатады. Бірақ педагогикалық мамандықты ең алдымен оның қайраткерлерінің көзқарастары мен жауапкершілігі тарапынан таңдайды. Осыған байланысты педагогикалық мамандық жеке топ болып жіктеледі. Оның басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі жеке тұлғаны қалыптастыру, оның интеллектуалды, эмоционалды, дене тәрбиесін басқарып, рухани әлемін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет