Лекция 12 Педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті


Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны



бет3/4
Дата20.12.2021
өлшемі27,34 Kb.
#104266
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
12 лекция

Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны адамдармен өзара қарым-қатынасты құрайды. Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.

Іс-әрекет ретінде оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі әлеуметтік басқару жағынан екі құралдан тұрады. Біріншісі, егер жетекшіде басқа адамдармен қатынас орнай алмаса, онда ең негізгі басқару функциясы жоқ дейміз. Екіншісі, бұл мамандық адамнан арнайы белгілі бір салада білім, дағды, іскерлікті талап етеді. Педагог оқушылардың іс-әрекетін жақсы біліп, процестің дамуына дұрыс басшылық жасай алу керек. Осыған сәйкес, педагог мамандығы екі – адамгершілік және арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім мамандығында қарым-қатынасқа түсе алу негізгі сапалардың бірі. Мұғалімдердің тәжірибесіне зерттеуді жүргізген В.А.Кан-Калик қарым-қатынаста өте жиі кездесетін қиындықтарды атап өтеді. Олардың өзі педагогикалық міндеттерді шешуге қиындық келтіретінін айтады: бағдардың сәйкес келмеуі, сыныптың қорқуы, қатынастың болмауы, педагогикалық қателерден қорқу және т.б.

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады.

Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік – жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.

XIX ғ.ортасының ғалымы, көрнекті педагог, неміс мұғалімдерінің атасы Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег тәрбиенің мақсаты – шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа құлшылық ету деген. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ерекше ролін атап көрсетеді.

Ұлы орыс жазушысы және педагогы Лев Николаевич Толстой педагогикалық мамандықта алдымен гуманистік бастаманы көреді, оның өзі балаларға деген сүйіспеншіліктен тұратынын айтады. Л.Н.Толстой баланың бостандығын оқыту мен тәрбиенің негізгі принципіне жатқызады. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсару қажет дейді.

XX ғ. 50-60 жылдарында гуманистік тәрбиенің теориясы мен практикасына ерекше еңбек сіңірген – Василий Александрович Сухомлинский – Полтавщинадағы Павлыш орта мектебінің директоры. Мұғалімнің негізгі табысы – оның рухани жан байлығы, сезімі, эмоционалды мәдениетінің деңгейі деп атап көрсетеді.

Батыс педагогикасы мен психологиясындағы қазіргі гуманистік бағыттың негізін салушылардың бірі – Карл Роджерс. Белгілі бір жағдайға бейімделмеген оқушыны тәрбиелеуде мұғалім оның өміріне қиындықтар келтіреді. Ал қоғамның бейімделген мүшесін тәрбиелеуде өзін өзгертуге арналған қажеттілікті қалыптастырмайды.

Ұжымдық сипаттамасы. «Адам-адам» тобының басқа мамандықтарында нәтиже бір маман иесінің іс-әрекет жемісі болып табылса, мысалы, дәрігер, сатушы, кітапханашы, ал педагогикалық мамандықта – тәрбиеленушіге әсер етушілердің педагогтың, отбасының және т.б. еңбектерін атап көрсету өте қиын.

Педагогикалық мамандыққа педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас субъектісі түсінігі бірте-бірте енуде. Біртұтас субъект кең мағынада – мектептің немесе басқа білім беру мемкемесінің педагогикалық ұжымы ретінде, ал тар мағынада – оқушылар тобына немесе нақты оқушылармен қатынасы бар педагогтар ұжымы.

 А.С.Макаренко мұғалімнің педагогикалық шеберлігі педагогикалық ұжымның қалыптасу деңгейімен шарттасады деген заңдылығын ашады. Ол Мұғалім тек қана педагогикалық ұжым арқылы ғана шеберлікке жетеді дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет