Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет22/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Әдебиеттер
1.Ағелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж.
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. Изд. Эдиториал УРСС.
Лекция № 15,16


Тақырыбы: Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі

Лекция мақсаты: Студенттерді сүректі және шөптесін өсімдіктердің жапырағының морфологиялық және анатомиялық құрылысы және қызметі туралы білім беру.
Жоспары:
Жапырақ. Өркеннің бүйірлік мүшесі
1.Жапырақ. Өркеннің бүйірлік мүшесі, оның морфологилық бөлшектенуі және қызметі.
2. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысы.
3.Жапырақтың жүйкеленуі, талшықты өткізгіш шоқтарының құрылысы.


Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтан айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ – тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекс пен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.
Жапырақ өзінің даму барысында екі кезеңді басынан өткізеді, олар бүршік ішіндегі және бүршік сыртындағы кезеңдер. Бірінші кезеңде жапырақ бастамасы негізінен клеткалардың бөлінуі есебінен көлемін ұлғайтып, біртіндеп жапыраққа тән пішінге келе бастайды, бірақ қабатталған немесе бүктелген кішкентай қалпында қалады. Екінші кезеңде жапырақ жазылып, клеткалардың бөлінуі мен созылу есебінен көлемін тез ұлғайтады.
Жапырақ - өсімдіктер денесінде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес заттардан органикалық заттар түзетін, ауа алмасатын (тыныс) – көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және швғаратын, суды буландыратын (транспирация) маңызды вегетативті мүше. Осы негізгі қызметтерімен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін атқарады.
Жапырақтың негізгі бөліктері. Жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктер жапырағында бірдей кездесе бермейді.
Жапырақтың негізгі бөлігі – оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
Сағақ – жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз – жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қандырмалы жапырақ деп аталады.
Жапырақ қынабы – жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі.
Жапырақ формациялары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің ішінде әсіресе жапырақ өзінің пішіні, көлемі, реңі, өмір сүруі және т.б. ерекшеліктері жағынан өзгергіш. Әлемдегі өсімдіктердің түрлеріне қарай, оның жапырақ пішіндері де әр түрлі болады.
Жапырақтардың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ. Төменгі жапырақтар – қорғаныштық немесе қор жинаушы және т.б. арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы, бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіндегі өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады. Ортаңғы жапырақтар – белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі – фотосинтез, транспирация (суды буландыру) және ауа алмастыру (тыныстану). Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады. Бұлар, әдетте, толықжетілмеген және жапыраққа тән қызмет атқармайды.
Әр түрлі жапырақтылық (гетерофиллия грекше гетерос - әр түрлі) бір өсімдікте әр түрлі пішіндегі жапырақтардың болуы. Жапырақ – сыртқы орта жағдайларының өзгеруін тез сезінетін өсімдік мүшесі. Жапырақ, жылу, ылғал, қоректену және т.б. жағдайлардың әсерінен жапырақ пішіні өзгеріске ұшырайды. Мысалы, су сарғалдағы, жебежапырақ сияқты су өсімдіктерін алайлық, олардың су астындағы жапырақтарының су бетіндегі жапырақтарынан айырмашылығы бар. Су астындағы жапырақтар таспа тәрізді немесе жіп тәрізді тілімделіп, жіңішкеретін болса, ал су бетіндегілері бүтін немесе тілімделген тақталы болады. Гетерофиллия құрылық өсімдіктерінде де байқалады. Мысалы, інжір, тұт ағаштары.
Анизофиллия (грекше «анизос» - тең емес) дегеніміз өркеннің бір буынында орналасқан (қарама-қарсы, шоқтанып) жапырақтардың пішіндері мен әр түрлі болып келуі. Анизофиллия сүректі және шөптесін өсімдіктердің плагиотропты өркендерінде жиі байқалады. Мұндай айырма өркеннің үстіңгі және астыңғы беттеріне түсетін жарық пен салмақ әсеріне байланысты.
Жапырақтың негізгі бөлігі оның тақтасы дедік. Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса, онда ол жай жапырақ деп аталады. Жапырақтардың түсуі кезіндегі жай жапырақ тұтас түсіп қалады. Мысалы, егер жапырақ сағақты (серігүл, жөке және т.б.) болса, тақтасы сағағымен бірге үзіледі.
Күрделі жапырақта, бір жапырақтың негізгі сағағында екі, үш немесе бірнеше жеке тақташалар болуы мүмкін. Кейде олар өз сағақшалары арқылы өсіп жетіледі де кейін әрқайсысы жеке-жеке түседі. Мұндай жапырақ күрделі жапырақ деп, ал оның жеке тақталары күрделі жапырақтың жапырақшалары деп аталады. Күрделі жапырақтың жапырақшалары орналасқан ортақ сағақ бөлімі рахис (грекше «рахис» - омыртқа) делінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет