Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет32/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Эпигеогенді (грек"эпи" - үсті, "ге" - жер, "геннао" - пайда болу)тамырсабақ немесе оның көмілген түрі бастапқыда жер үстіндегі жасыл жапырақта өркеннен қалыптасады. Бұл жағдайда жапырақ қурап, оның орнына сағақ бұдыры қалады, ол қосалқы тамырлар арқылы топырақ қабатына тартылады да, тамырсабаққа айналады. Өркен онтогенез процесінде өз табиғатын өзгертіп, жерүстінгіден жерасты мүшесіне ауысады, оның атөаратын қызметі де өзгереді(ассимиляциялық мүшеден, қоректік заттар жиналатын мүшеге ауысады).
Гипогеогенді(грек"гипо"-асты)тамырсабақ басынан бастап жерастында, біршімі өзгешелеу қалыптасады.Өркен даму белгілі бір тереңдіктегі бүршіктен басталады. Өсуші өркеннің алғашқы бөлігінің өзі түссіз жапырақшалы тамырсабақ болып қалытасады. Сонан белгілі уақыттан кейін, тамырсабақтың төбелік бүршігі жер бетіне шығады да, өсімдіктің жерүстібөлігі қалытасады. Содан белгілі бір уақыттан кейін, тамырсабақтың төбелік бүршігі жер бетіне шығады да, өсімдіктің жерүсті бөлігі қалыптасады.Бұл, әрине толық мағналы түрлене өзгеру - метаморфоз емес. Гипогендік тамырсабаққа, жатаған бидайық - Agropyron repens,қырлышөп - Polygonatum өсімдіктерінің тамырсабақтары мысал бола алады.
Столондар және түйнектер. Қарағайлы ормандарда кең тараған, Европа жылқышөбінің (Trientalis europeae) жерүсті өркендерінің негезіндегі бүршіктерінен жас өркендер өсіп шығады.Бұл жас өркендер - столондар(латын "столонис" - атпа, өркен) деп аталады.Жылқышөптің столондары көлбей өсетін жіңішке, түссіз, қабыршықты жапырақшалары бар, ақшыл сабақшалар. Жаздың соңында столонның төбе бүршігі жоғары қарай иіліп, оның өсіне қоректік заттар жиналып, жуанда кішкентай түйнекшеге айналады. Столонның иілген жерінде қосалқы тамырлыа шоқтары қалыптасады.Қыстан шыққан кейін бүршіктерден жаңа жерүсті өркендер өсіп шығады да, столондар өліп қалады. Осылайша өсімдік өзінің бұрынғы орманынан жылэып кетеді,ал егерде столондар көп болса, бір аналық индивидтің орнына бірнеше жаңа индивидтер пайда болып көбейеді.
Көп жылдық шөптесін өсімдік - кортоптыңда - Solanum tuberosum жаңаруы мен вегетативтік көбею жоғарыдағы жылқышөбіндегідей болады. Егер топыраққа кортоп түйнегін отырғызатын болсақ, онда оның бүршігінен жапыраұты жерүсті өркен өседі, ал өркеннің жерасты бөлігінің түссіз қабыршықты жапырақтары болады. Жазда осы жапырақтар қойнауынан, ақшыл түсті, нәзік столондар өседі. Столондардың қосалқы тамырлардан айырмашылығы - олар біршама жуандау және қабыршақты жапырақшалары болады. Столондар ұшындағы бүршіктердің көлемі жуандай үлкейіп, оның осы паранхималанып, өсе келе үлкенді - кішілі түйнектерге (кортопқа) айналады, ал жапырақ қабыршақтары орнындағы ойыста немесе көзшеде бүршік дамиды.
Түйнек- түрі өзгерген өркен, өсі, яғни оның сабақты бөлігі қор жинаушы қызметіне орай белсенді жуандаған(паренхимияланған),жаырағы ықшамдалған,оның қойнауында бүршік орналасқан. Түйнек вегетативтік көбею мүшесі қызметін атқарады. Ескеретін жағдай, тұһүйнек барлық уақытта столоннан пайда болмайды. Кейбір көп жылдық өсімдіктердің гипокотилі және басты өркеннің түп негізі түйнек тәрізді жуандайды (цикламенде). Түйнек барлық жағдайда қор жинағыш мүше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет