Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет38/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Әдебиеттер:
1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г.
5. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г.
Лекция № 25,26


Тақырыбы: Гүл шоғырлары


Лекция мақсаты: Студенттерді гүл бөлімдерінің құрылысымен, гүлдердің морфологиялық алуан түрлілігмен, гүлшоғының түрлерімен, гүлдің атқаратын қызметімен таныстыру.


Жоспары:
1.Жалпы сипаттама. Гүлшоғырының морфологиялық белгілері, классификациясы.
2.Андроцей. Аталықтардың гүлде орналасуы, олардың құрылысының әртүрлілігі микроспорофилдермен ұқсастығы. Аталықтардың шығу тегі және эволюциясы.
3.Гинецейдің құрылысы шығу тегі, типтері: апокарпты, синкарпты, паракарпты, олардың өзара байланысы.
Лекция мәтіні: Гүл сағақтарында белгілі бір ретпен гүлшоғырлары - өркендер жүйесінің ерекше (түрі) өзгерген түрі. Гүлшоғырының негізгі өсінде жанырақтардың орнына гүлдер немесе гүлді жанама бұтақтар орналасқан. Өркеннің гүлдерге ауысу барысында, ондағы төбелік меристема өзінің пішінін өзгертіп үлкейіп бүршіктенеді. Гүлдер аяқталған соң, өсімдік жеміс байлайды, одан соң гүл шоғыры құрып түсіп қалады. Мофологиялық ерекшеліктеріне қарап гүлшоғырын бірнеше түрге жіктейді.
1) Сипатына және жапырақтарының бар жоғына қарай фрондозды, брактеозды және жалаңаш гүлшоғыры болып бөлінеді.
а) Гүл жапырақтары жақсы жетілген гүлшоғырын фрондозды немесе жапырақталған гүл шоғыры деп атайды (лат. Фрондиз – жасыл, жапырақ, шегіргүл, талқурайда).
б) Гүлшоғырында гүл қабыршақтары ғана болса брактозды деп атайды (шиеде, сиреньде).
в) Гүлшоғырында гүл жапырақтары жетілмеген болса, онда жалаңаш немесе эбрактозды деп атайды (крестгүлділердің көпшілігінде).

Негізгі өстің бұтақталуына қарай гүлшоғыры жай және күрделі болып бөлінеді.


А) Жай гүлшоғырының негізгі өсінде жеке гүл дамиды, барлық гүлдер негізгі өсте ғана орналасады.
Б) Күрделі гүлшоғырлар бірнеше жай гүлшоғырдан тұрады, яғни негізгі өстің екінші ретке бұтақтарында жеке гүлшоқтары орналасады.
Негізгі өстің өсуіне қарай гүлшоғыры мононодийлі және симнодийлі болып бөлінеді.
А) Мононодийлі өсуде әрбір ось өзінің төбелік меристемасы қызметінің нәтижесінде қалыптасады, яғни 1 ретті өркендерден құрылады.
Б) Симнодийлі өсуде негізгі ось көп ретті өркендердің жиынтығынан тұрады.
Негізгі өркеннің төбелік меристемасының немесе гүлшоқтары өсіндегі төбелік меристеманың қызметіне қарай жабық немесе анықталған және ашық немесе анықталмаған деп бөлінеді.
А) Егер төбелік меристема тек төбелік гүлге жұмсалса, ол анықталған (жабық) гүлшоғыры деп аталады. Мұндай гүлшоғырында 1-ші төбелік гүл, сосын жанама өстегі гүлдер ашылады.
Б) Анықталмаған немесе ашық гүлшоғырында гүлшоқтары төменнен жоғары қарай ашылады.
Жай гүлшоғырының түрлері
Жай гүлшоғыры моноподийлі жолмен бұтақталады. Түрлері: шашақ гүл, масақ гүл, сабық гүл, қалқанша гүл, шатыр гүл, шоқпарбас гүл, себет гүл.
1) Шашақ гүл. Гүлшоғының негізгі өсінде орналасқан жеке гүлдердің төменгілері ұзын, жоғарғылары қысқа болып өседі. (Мойыл – черемука; беденешөпте – вероника).
2) Масақгүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің арнаулы гүл сағақтары болмайды немесе өте қысқа болады (жолжелкенде, сүйсін өсімдіктерде (ягрышник)).
3) Қалқанша гүл. Негізгі өсте сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер бір деңгейде орналасады (алмада, алмұртта).
4) Собық гүл. Негізгі өсі жуан, етженді, собық болады. Оған орналасқан гүлдердің сағақтары қысқа немесе болмайды. (айырды-аир, жүгеріде)
5) Шоқпарбас гүл. Негізгі өсі қысқа әрі етженді болады, гүлдердің құрылысы шашақ гүлге ұқсас. (құлмақ жоңышқада, бедеде)
6) Шатыр гүл. Негізгі өсі қысқа, оның ұшына шоғырлана орналасқан гүлдердің сағақтары ұзын әрі біркелкі болады. (Сүйелшөпте, тасшыгүлде).
7) Себет гүл. Негізгі өсінің үстіңгі беті жазық, етжеңді дөңгелек келген. Оның үстіне көптеген сағақтары жоқ немесе қысқа гүлдер орналасады. Шеткі жиегін жапырақ қоршап жатады. (күнбағыста, кекіреде).
Күрделі гүлшоғырының түрлері
Күрделі гүлшоғырын рацемозды және цимозды деп 2-ге бөледі.
1) Рацемозды гүлшоқтарына қосарлы шашақ гүл, күрделі шатыргүл, күрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғыры жатады. 0
А) Қосарлы шашақ гүл. Мононадийлі негізгі өсте шашақ гүлдер орналасады. (Бұршақ тұқымдастар)
Б) Күрделі шатыр гүл. Гүлшоғырының қысқарған негізгі өсінде ұзындықтары біркелкі екінші реттегі өстерде жай шатыр гүлдері болады. Мұнда жай шатыр гүлшоғырының жеке гүл сағақтарындағы гүлдің орнына бірнеше гүл сағақшалары шоқты өсіп, олардың ұштарында өз гүлдері болады. (Шатыр гүлділерде).
В) Күрделі масақ. Мұнда ұзарған негізгі өсте жай масақтар орналасады. (бидай, арпа, т.б.)
Г) сыпыртқы гүлшоғы. Мұнда гүлшоғының төменгі гүлшоқтары жоғарыдағылардан жақсы дамып, күшті тармақталған. Гүлшоқтарының пішіні әртүрлі болып келеді. М: пирамида (сиреньде), қалқанша (шетенде), кубик тірізді (лабазникте).
Цимозды күрделі гүлшоқтарына Цимоидтар және тирс жатады. Цимоидтардың симподийлері өсуіне байланысты тағы 3 түрі ажыратылады: Монохазий, дихазий, плейохазий.
1) Дихазийде гүлмен бітетін әрбір өстен тағы 2 өсь дамып жетіледі. Мұнда жаңа өстер аналық өстің жоғарғы бөлігінде пайда болады. (қалампырда, теңгежапырақ).
2) Монохазий жалғыз сәулелі гүлшоғыры. Монохазий – анықталған гүлшоғыры. Мұнда негізгі өстің ұшында алғашқы гүл орналасады да, төменгі жағынан екінші ось дамиды, оның ұшынан тағы да гүл қалыптасады, осындай бірнеше рет қайталанады. Монохазийдің ирек және бұйра деген екі түрі кездеседі.
А) Негізгі өстің бойында дамыған гүл бұтақтарының біріншісі оң жағынан, екіншісі сол жағынан, үшіншісі тағы да оң жағынан 4-шісі сол жағынан дамиды. Әрі қарай да осы ретпен жалғаса беретін болса, мұндай гүлшоғыры – ирек деп аталады. (гладиолусты, гравилатта).
Б) Гүлшоғырының негізгі өсінде пайда болған гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында немесе біріңғай сол жағында оны бұйра гүлшоғыры деп атайды. (майтамырда, балшатырды)
3) Плейхазийлі гүлшоғырында әрбір негізгі өсті 1,2 немесе шоқтанып орналасуынан осы жанама остер алмастырады. (М: сүттігенде, қызыл ырғайда). Сол себептен де плейохазий көп сәулелі анықталған гүлшоғыры деп аталады.
Тирс – негізгі өсі мононадийлі өсетін және жанама цимоидты гүлшоқтары бар күрделі гүлшоғыры. Көп жағдайда тирс қосарлы ирек немесе қосарлы бұйра гүлшоғы ретінде кездеседі. Тирс гүлшоғыры қалампыргүлділерде, ерінгүлділерде кездеседі.
Гүлшоғырының морфологиялық классификациясымен қатар, эколгиялық классификациясы бар. Экологиялық классификация гүлдерінің тозаңдануға бейімделген ерекшеліктеріне байланысты пайда болады. Гүлшоғырының экологиялық 2 типі бар: антодия және сырға гүлдер.
Антодия (грек. Антос – гүл) деп жан-р арқылы тозаңдануға бейімделген. Өсімдіктердің жеке гүлдеріне ұқсас гүлшоқтарын айтады. Мұндай өсімдіктерге астра, кекірегүл, нарғозгүл, кәдімгі шәңкіш (калина) т.б. жатады. Бұл өсімдіктердің гүл жапырақтары айқын, үлкен болып келеді. Тозаңданушыларды осы күлтелері, гүл жапырақтары, әртүрлі себеттері, үлкен шеткі гүлдері тартады.
Сырғи тәрізді гүлшоғы жел арқылы тозаңданатын, ұсақ, гүлдері реңсіз өсімдіктерде болады. Ондай гүлшоғыры жай шашақ гүлшоғы (тал, теректе) және күрделі тирс гүлшоғы (емен, қайың, қандыағашта) орман жаңғағанда т.б. түрінде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет