Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет37/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Әдебиеттер:
1. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманкулова С. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат». 1998.
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. -Алматы, 2000.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
4. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы. -Алматы, 2000.
5. Сыбанбеков К.Ж., Игісінова Ж.Т., Шәріпханова А.С. Өсімдіктер анатомиясы. ШҚМУ, 2004.


Лекция №23,24
Тақырыбы: Гүлдің құрылысы


Лекция мақсаты: Студенттерді гүл бөлімдерінің құрылысымен, гүлдердің морфологиялық алуан түрлілігмен, гүлшоғының түрлерімен, гүлдің атқаратын қызметімен таныстыру.


Жоспары:
1.Гүл. Гүлдің шығу тегі туралы болжамдар.
2.Гүл.Гүлдің морфологиялық алуантүрлілігі. Гүлдің құрылысы және қызметі.
3.Гүлдің морфологиясы. Гүл серігі, оның құрылысы, дамуы және биологиялық маңызы. Гүл симметриясы.


Лекция мәтіні: Гүл - өркеннің төбелік және бүйірлік түзуші ұлпаларынан шығатын споралы, жынысты, маманданған мүше. Гүлде споралар, гаметалар түзіліп жыныс процесі жүреді. Тозаңдану мен ұрықтану процестерінен кейін гүлде жеміс және тұқым пайда болады.
Гүлдің құрылысы күрделі. Ол – гүл тұғырын, серігінен (тостағанша мен күлте), аталық пен аналықтан тұрады. Гүлдің осындай құрылысы, оның жоғарыда аталған маңызды қызметтерінің көп энергия және қор заттарын жұмсамай орындалуына септігін тигізеді.
Гүлдердің құрылысы, мөлшері, түсі әртүрлі. Гүлдердің спаметрі 1мм (балдыршөп тұқымында) 117см дейін болуы мүмкін (Арнольд Раффлезиясы). Гүлдің құрылысының қалыптасуы мен дамуының алғашқы процесі гүл бүршігінде басталады. Гүл бүршігі ашылмаған гүлден (бутон) және оны тығыз қоршап тұрытын бүршік жамылғысынан тұрады. Бүршік жамылғылары бүршік қабыршақтарынан пайда болады. Кейбір бутондарда гүл жамылғысы болмайды, ондай жағдайда бутонды жеке гүлдерге немесе гүлшоғырына тығыз жанасып өскен жас жапырақтар қарғайды. Гүл орналасуына қарай төбелік және бүйірлік болып бөлінеді. Бүйірлік болып гүл жапырақтың қолтығын ш/ды. Гүл мен гү жапырақтың арасындағы өркеннің бөлігін гүлсағақ деп атайды. Ал егер гүлсағақ болмаса немесе қысқарған болса, гүл – қондырма гүл деп аталады. Гүлсағақтың жоғарғы жуандаған жалпақ жерін – гүл тұғыры деп атайды. Оның формасы мен көлемі әр түрлі болады.
Гүлсағағы бар гүлдерді – сағақты гүл, жоқтарын - сағақсыз деп атайды. Гүлсағақтың бойында даражарнақтыларда 1, қосжарнақтыларда 2 ұсақ жапырақшалар орналасады. Оларды – гүл жапырағы деп аталады. Гүл тұғырында гүл мүшелері шеңбер түге немесе спираль тәрізді орналасады. 1-шісі – циклді гүл, 2-шісі ациклді гүл деп аталады. Кейбір гүлсерігінің сыртқы жапырақшалары шеңбер тәрізді, ал ішкілері спиральды орналасады. Мұндай гүлдерді жартылай шеңберлі немесе гемициклді гүлдер деп аталады.
Циклді гүлдерге әрбір шеңбердегі гүл бөліктерінің санына байланысты гүлдер: мономерлі немесе 1-мүшелі, егерде әр шеңберде 1ғана бөлігі болса, онда, мономерлі гүл деп аталады. Егер шеңберде 2 бөлігі болса, онда димерлі немесе 2 мүшелі деп аталады (крестгүлділерде); шеңберде 3 бөлігі орналасса, 3 мүшелі (даражарнақтыларда) т.б. деп аталады. Шеңбердегі мүшелер саны көп болса, мұндай гүлдерді бұйра гүлдер деп атайды. Гүлдердің бұйралануы онтогенез кезінде күлтежапырақтың бөлшектенуі немесе кейбір аталықтың күлтежапырақшаларға айналуына байланысты. Мысалы: Раушан гүл, қалампыр, таушымылдық (пион), т.б. жатады.
Гүл толық және толық емес болып 2-бөлінеді.
1. Толық гүл мынадай мүшелерден тұрады: 1) тостағанша, ол тостағанша жапырақшадан тұрады; 2) күлте, күте жапырақшаларынан тұрады. Әртүрлі түске боялған. 3) аталық, бұл гүлдің жыныс мүшесі, олардың жиынтығын – андроцей деп атайды. 4) аналық, ол 1 немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады, олардың жиынтығын – гинецей деп атайды.
Егер осы аталған мүшелердің біреуі жоқ болса, ондай гүл толық емес деп аталады.
Сонымен, гүл – гүл тұғырынан, тостағаншадан, күлте, андроцей және гинецейден тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі гүл серігін түзеді.
Гүлде тек қана аталық немесе аналық болса – дарадынысты, екеуі де болса қос жынысты деп аталады. Соған байланысты гүлдер аталық (Марс планетасының белгісі, қалқан мен найзаны белгілейді), аналық (Венера планетасының белгісі, айна мен оның тұтқасын белгілейді. Қосжыныстылар болса д-белгілейді.
Егер өсімдіктердің 1 индивидінде аталық немесе аналық гүлдер кездесетін болса, ондай өсімдіктерді 1 үйлі өсімдіктер деп атайды (жүгері, қияқ, емен т.б. жатады).
Егер өсімдіктердің аталық және аналық гүлдері әртүрлі индивидтерінде кездесетін болса, ондай өсімдіктер қос үйлі деп аталады (тал, қалақой, кенешөп, терек т.б.)
Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдермен бірге даражынысты гүлдер де кездеседі. Мысалы, 1-нде аталық, 2-нде аналық, үшіншісінде қосжынысты гүлдер болады, ондай өсімдіктерді үш үйлі деп атайды. Кейбір өсімдіктердің бір индивидінің өзінде қос және даражарнақты гүлдер кездеседі. Оларды көп үйлі деп атайды. М: қауын, шаған, атталшын және т.б. өсімдіктер.
Гүлдің құрылысын қысқаша ықшамдап көрсету үшін оны формуламен береді. Мұнда гүлдің симметриясы, гүл бөліктерінің әр шеңбердегі саны, гүл бөліктерінің кірігуі және аналықтың орналасуы (жоғары немесе төменгі жатын) бейнеленеді. Формулада гүл бөліктері арнаулы шартты таңбалармен белгіленеді.Мысалы,Ca (Calyx) – тостағанша, Co(Corolla)–күлте, A(Androeceum)-андроцей, C(Gynoeceuum)-гинецей, P(Perigonium)-жай гүл серігі (мұнда гүл бөліктерінің латынша атауларының алғашқы буыны немесе алғашқы әрпі алынған).
Гүлдердің типтерінің де шартты белгілері бар.Олар қос жынысты гүл,аналық гүл, аталық гүл, +немесе*- актиноморфты гүл,-зигоморфты гүл, -симметриясыз гүл.
Гүлдің жеке бөліктерінің саны цифрмен көрсетіледі.Мысалы, 5 желекті күлте – СО5, А6- аталықсаны алтау дегенді білдіреді.Ал егер гүл бөліктерінің саны көп болса,әдетте 12-ден артса,онда шексіздік белгісі қолданылады.
Егер гүл бөліктері кіріккен болса,онда олардың санын көрсететін цифр жақшаға алынады.Мысалы,кіріккен 5-желекті күлте – СО(5), аталық саны 10 болып оның 9-ы кірігіп,біреуі бос орналасса,андроцей – А(9)+1. Гүл бөліктері бірден артық шеңбер түзген жағдайда,әр шеңбердегі бөлік сандары + белгісімен қосылып отырады.Мысалы,жай гүл серігі екі шеңберге орналасса, -Р3+3 деп көрсетіледі.
Формулада гинецейдің қанша жеміс жапырақшаларынан пайда болғандығы,олар кіріккен жеміс жапырақшаларынан (ценокарпты гинецей) немесе әрбір жеміс жапырақшаларынан жеке аналық (апокарпты гинецей) пайда болғандығы,сондай-ақ төменгі әлде жоғарғы жатын осының барлығы берілуі керек.Мысалы,төменгі жатынды ценокарпты гинецей былай белгіленеді: G(3), мұндағы (3) гинецейдің кіріккен 3 жеміс жапырақшаларынан тұратындығын,ал жоғарғы жағындағы сызықша төменгі жатынды екендігін көрсетеді,егер аналық жоғарғы жатынды болса,сызықша цифрдың төменгі жағынан қойылады.Сонымен,мысалдар келтіріп гүлдердің толық формуласын жазатын болсақ,ол төмендегідей:
Сарғалдақгүлінің формуласы:*Са5 Со5 А G
Бақбақ гүлінің формуласы:СО5 А5 G/27
Қайың гүлінің формуласы:Р2 А2+2 +С(2)
Түкті қияқ гүлінің формуласы:А3 С(3)
Диаграмма – гүлдің негізгі бөліктерінің өзара орналасу заңдылығына қарай,гүл формуласынан гөрі де анығырақ етіп схема түрінде қағаз бетіне гүл бөліктерін түсіру,яғни гүл диаграммасы деп,гүлдіңөсін және оның жабын жапырағын,сол сияқты гүл орналасқан гүл шоғырының немесе өркен өсін перпендикуляр етіп басып өтетін гүлдің жазықтағы схемалы проекциясын айтады.
Гүл диаграммасын бейнелеуде төменгідей шартты белгілер қолданылады.Тостағанша жапырақшаларын квадрат жақшамен,күлте жапырақшаларын дөңгелек жақшамен,аталықтарын піскен тозаңқаптың көлденең кесіндісінің пішінімен,аналықты жатынның көлденең кесіндісінің пішінімен белгілейді.Кіріккен гүл бөліктерінің ұшы қосылып беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет