Инклюзивті білім беру: білім беру саясатынан білім беру тәжірибесіне



бет1/2
Дата12.07.2023
өлшемі45,97 Kb.
#179421
  1   2
Байланысты:
16.2-ресурс Инклюзивное обр


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНАН
БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ


Игілікті көршілік
Серуендеу кезінде мен аяғымның астынан ағаштың жалғыз жапырағын байқадым. Ол жартылай құрғақ болғанымен, оның өте жағымды нәзік хош иісі бар еді. Мен оны жерден көтеріп, ерекше сүйсініп иіскедім.
- Сенен бір жағымды хош иіс шығады, сен раушан гүлсің бе? – деп сұрадым одан.
- Жоқ, мен раушан гүл емеспін, бірақ мен біраз уақыт раушан гүлінің жанында өсіп тұрдым. Менен хош иіс шығуының себебі осыдан – деп жауап қатты ол.
Т.Барро

Инклюзивті білім беру аспектілері: инклюзивті мәдениет, инклюзивті саясат, инклюзивті тәжірибе.



Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйені өзгертуді көздейді

Инклюзивті білім беру барлық баланың әртүрлі екенін және мектептер мен білім беру жүйесі барлық оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуі керек екенін мойындайды... инклюзивтілік... барлық балаларды бірдей етуге ұмтылу ... дегенді білдірмейді.


Оның түйінді құрамдас бөлігі – икемділік, яғни балалардың әртүрлі қарқынмен оқитынын және мұғалімдердің оқыту процесін икемді етуі үшін нақты дағдылардың қажет екенін мойындайтын икемділік болып табылады.
Көп жағдайда балаларға жақсы, түсінікті, қолжетімді оқу ғана қажет. Ал бұл, өз кезегінде, баланың жеке қажеттіліктеріне, қабілетіне және даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін әртүрлі әдістерді қолдануды көздейді.

Барлық балаларға арналған мектептер. Арнайы қажеттіліктері бар балаларды білім берумен қамту». «Балаларды құтқару» қоры, Лондон, 2002 ж.)



Инклюзивті мектеп – бұл ең алдымен білім беру қызметінің әлеуметтік нәтижелері жүйесіне бағытталған білім беру ұйымы. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты – білім алушыларды, оның ішінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу. Мұндай мектептің әлеуметтік тиімділігінің негізін білім алушылардың жеке тиімділігі құрайды. Жеке тиімділік тұлғаның өзімен және сыртқы ортамен өзара әрекеттесу сапасы ретінде қарастырылады, басқаша айтқанда – адам өзінің айналасындағылармен қаншалықты оңтайлы келісімге келеді және ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, өз мақсаттарына қаншалықты қол жеткізе алады, мұндайда өзін қаншалықты жайлы және сенімді сезінеді. [1]. Жеке тиімділікті дамыту процесі көбінесе баланың жеке ерекшеліктерімен, оның физикалық жағдайымен, психикалық процестер кешенімен, саналы және бейсаналы күйлерімен және қасиеттерімен айқындалады [2].


Инклюзивті мектеп білім беру қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктері бойынша, оның ішінде оқу іс-әрекетіне қатысты, оны жобалау, жоспарлау қабілеті, ерікті күш-жігерді жұмылдыру қабілеті бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін білім алушылардан тұрады, сондықтан білім алушылардың субъективтілік деңгейі де әркелкі болады. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық өзара әрекеттестік ерекшеліктерін айқындайтын оқушының субъективтілігінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • оқу қызметіне өзіндік (оң) көзқарасын қалыптастыру;

  • оқу қызметін жүзеге асырудың жеке стилі;

  • оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін зияткерлік және ерікті күш-жігерді жұмылдыру қабілеті;

  • оқу қызметін жобалау, жоспарлау және болжау қабілеті;

  • ішкі оң мотивация негізінде танымдық белсенділік таныту қабілеті;

  • педагогтермен нәтижелі өзара әрекеттестікке дайындық;

  • құрдастарымен нәтижелі өзара әрекеттестікке дайындық;

  • өз қызметінің нәтижелері мен салдарлары, мінез-құлқы үшін жауапкершілік
    сезіну [3].

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді енгізу барысында келесі үш маңызды көрсеткіштің өзара сіңісуі орын алатынын көрсетеді: инклюзивті саясат, инклюзивті тәжірибе және инклюзивті мәдениет [4].
Соңғы жылдары біздің елімізде әлеуметтік интеграция саласындағы мемлекеттік саясаттың заңнамалық негізі қалыптасты, медициналық, кәсіби және әлеуметтік-мәдени оңалту жүйелері жетілдірілуде. Алайда әлеуметтік интеграция саласында жеткілікті дамыған нормативтік құқықтық базаның болуына қарамастан, заңнамалық ережелерді тәжірибе жүзінде іске асыруда қиындықтар туындайды. Қоғамның аталған санаттағы адамдарға көзқарасын өзгертуге байланысты мәселені инклюзивті мәдениетті қалыптастыру арқылы шешуге болады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «мәдениет» (лат. cultura – өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қастерлеу) – қоғамның, адамның шығармашылық күштері мен қабілеттерінің тарихи тұрғыда айқындалған деңгейі, бұл адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастырудың түрлері және нысандары, олардың қарым-қатынастары, сондай-ақ олар жасаған материалдық және рухани құндылықтар арқылы көрініс табады [5]. Бұларға сүйене отырып, мынадай анықтама туындайды: инклюзивті мәдениет – адамдардың бір-біріне ізгі, төзімді, қауіпсіз қарым-қатынасы арқылы көрініс табатын қоғамның даму деңгейі, мұнда ынтымақтастық идеялары тоғысады, білім беру процесіне қатысушылардың барлығының дамуы ынталандырылады, әрқайсысының құндылығы ортақ жетістіктердің негізі болып табылады, сондай-ақ барлық қабылданатын инклюзивті құндылықтар қалыптасады. Осы мәнмәтіндегі инклюзивті құндылықтар нормалармен және арман-мұраттармен қатар инклюзивті мәдениеттің маңызды компоненттері болып табылады.
«Инклюзивті мәдениет» терминін С.В. Алехина, Т. Бут, М.А. Колокольцева, Е.И. Попова және т.б. сияқты бірқатар зерттеушілер зерттеп, оны кең ауқымды (бүкіл қоғам мен мәдениетке қатысты) және тар ауқымды (білім беру мекемесіне қатысты) мағынада қарастырған.
Кейбір ғалымдардың ойынша, инклюзивті мәдениет – ерекше философия, оған сәйкес құндылықтар, инклюзивті білім беру туралы білім және жауапкершілік осы процестің барлық қатысушылары арасында қабылданады және қарастырылады [6].
Қоғамның инклюзивті мәдениетін инклюзивті білім беруді табысты жүзеге асыру факторы ретінде ғана емес, жалпы қоғамның даму факторы ретінде қарастыруға болады. Оның анықтамасында келтірілгендердің барлығын тек мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана емес, сонымен қатар басқа ұлт, дін немесе басқа да ерекшеліктері бар адамдарға жатқызуға болатындығын атап өткен жөн.
Тұлғаны құрметтеу, адамгершілік көзқарас, қайырымдылық кез келген адам үшін маңызды. Сондықтан адамдардың, ең алдымен педагогтердің, ата-аналардың, оқушылардың инклюзивті мәдениетті меңгеруін инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды негізі ретінде қарастыруға болады.
Егер қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесін тұлға ретінде қабылдауды үйренсе, басқалардың өзгеше болуына шамдану сезімдерін жеңсе, әртүрлі адамдарға, өзге мәдениетке төзімділікті тәрбиелеу, оларға деген қызығушылық пен құрмет сезімін ояту мәселесі шешілді деп санауға болады [7].
Білім беру жүйесінің барлық сатыларында инклюзивті білім беруді іске асыру кәсіби және әлеуметтік қызмет түрлерінде адамдардың (денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, сондай-ақ қалыпты дамыған) ойдағыдай әлеуметтенуінің, қоғам өміріне толыққанды қатысуының, өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі дамытуының басты компоненті болып табылады. Алайда инклюзивті білім беру қоғамда өз рөлін атқаруы үшін инклюзивті мәдениеттің құндылықтары мен нормалары негізінде инклюзивті білім беруге қатысушылардың ерекше қарым-қатынасын қалыптастыру қажет. Мұндай мәдениеттің құндылықтары мен нормаларын білім беру процесінің барлық қатысушылары қабылдауы керек: ерекше білім беру қажеттіліктері бар және шартты түрде дені сау білім алушылар, педагогтер, білім беру мекемесінің әкімшілігі және ата-аналар (заңды өкілдері мен қамқоршылар).
Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру процесінің негізгі мақсаты, ең алдымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру болып табылады. Осы мәдениет арқылы адамгершілік, төзімділік, шыдамдылық, құрмет сияқты моральдық ұғымдар қалыптасады. Инклюзияның табыстылығы мен нәтижелілігінің маңызды факторларының бірі білім беру қатынастары субъектілерінің жоғары деңгейдегі инклюзивті мәдениеті болып табылады. Ұйым инклюзияны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасай алады, дегенмен адам факторын да жоққа шығаруға болмайды. Осы ерекшелікті ескере отырып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы кедергілер мен қиындықтарды жою өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Бұл процесс келесі факторларға байланысты:
● оқу процесінде бейімделген негізгі білім беру бағдарламаларын, қашықтан оқыту бағдарламаларын ішінара пайдалану;
● ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін дербес жоспарлар әзірлеу мәселелерінде көптеген педагогтердің біліксіздігі;
● білім беру мекемелерінің тиісті материалдық-техникалық базасының болмауы;
● ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың білімін психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелеріндегі білімнің қанағаттанарлықсыз деңгейі [7].
Егер қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесінің психофизикалық ерекшеліктеріне қарамастан, табиғи қалпында қабылдауды үйренсе, басқалардың өзгеше болуын жақтырмау сезімдерін жеңе білсе, әртүрлі адамдарға, өзге мәдениетке төзімділікті тәрбиелеу, оларға деген қызығушылық пен құрмет сезімін ояту мәселесі шешілді деп санауға болады.
Мектептегі білім беру процесі субъектілерінің инклюзивті мәдениетін келесі элементтерге бөлуге болады:
1) инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, нұсқаулар және этика;
2) инклюзияға қатысты құндылықтар мен нұсқаулар;
3) инклюзивті білім берудің барлық қатысушыларының қолайлы өзара іс-қимылына ықпал ететін әлеуметтік-тұлғалық қасиеттер.
Инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, нұсқаулар және этика – бұл барлық білім беру қатынастарына қатысушылардың инклюзивті білім беру идеологиясын, адамгершілік принциптерін, инклюзия идеясына қатынасты айқындалатын «басқаша» адамды қабылдаудың құндылықтық-мағыналық нұсқауларын қабылдау процесі, жаңа «инклюзивті» тәжірибемен байытуға ішкі ынта-ұмтылыс.
Жағымды мектеп мәдениетін немесе мектеп этносын қалыптастыру мектептің даму мақсаттарын айқындауды және оған қол жеткізуді қамтиды. Бұл мақсаттар мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері үшін, әсіресе басшылық үшін ортақ құндылықтарды, көзқарастарды, дәстүрлер мен мінез-құлық нормаларын көрсетеді. Инклюзивті мектептер үшін бұл: а) әртүрлілік идеясына қатысты тұрақты ұстанымды қалыптастыруды, б) өзге мәдениетті құрметтеуді және в) жоғары, бірақ нақты стандарттар белгілеуді білдіреді.
Мектеп мәдениеті ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын айқындайды және көрсетеді: педагогтің педагогке, педагогтердің оқушыларға, оқушылардың оқушыларға, ата-аналардың педагогтерге және ата-аналардың оқушыларға көзқарасы.
Жалпы алғанда, мектеп мәдениеті — бұл оның қалыптасуына өз үлестерін қосатын мектептің жекелеген мүшелерінің емес, мектептің ұйым ретіндегі сипаттамасы [8].
Инклюзивті мәдениет, инклюзивті саясат және инклюзивті тәжірибе мектептердегі жағдайды жақсартудың аса маңызды бағыттарын көрсетеді. Бұл аспектілер мектептегі инклюзияны дамыту үшін мектептерді реформалауға бағытталған ойлау векторларын белгілейді. Мектепте жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің кез келген жоспарында барлық үш бағытқа назар аудару қажет.
Мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру қауіпсіз, төзімді қоғамдастық қалыптастыруға, ынтымақтастық идеяларын ұстанатын барлық қатысушылардың дамуын ынталандыруға, әрқайсысының құндылығы ортақ жетістіктердің негізі болып табылатын қоғамдастықты құруға ықпал етеді. Мұндай мектеп мәдениеті барлық жаңа қызметкерлер, оқушылар, әкімшілер және ата-аналар/қамқоршылар қабылдайтын және қолдайтын жалпы инклюзивті құндылықтарды қалыптастырады. Инклюзивті мәдениетте аталған принциптер мен құндылықтар тұтас мектеп саясатына қатысты шешімдерге де, әр сыныптағы секунд сайын жүріп жататын оқу тәжірибесіне де ықпал етеді. Мұндай жағдайда мектептің дамуы тұрақты және үздіксіз процесске айналады [11].
Инклюзивті саясатты әзірлеу барлық мектеп жоспарларында инклюзивті тәсілдердің болуы қажеттілігін көрсетеді. Әрбір оқушыны оқу процесіне және мектеп өміріне тарту принциптері мектептің барлық қызметкерлері мен оқушыларын осы жұмысқа бірінші кезеңнен бастап қатысуға ынталандырады. Барлық принциптер инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бағытында мектепті реформалаудың айқын стратегияларын қамтиды. Қолдау – мектептің өз оқушыларының қажеттіліктеріне орай тиісінше әрекет етуіне ықпал ететін кез келген іс-әрекет. Қолдаудың барлық түрлері инклюзивтілік принциптеріне сәйкес әзірленеді және ортақ жүйеге біріктіріледі [11].
Инклюзивті тәжірибенің дамуы мектеп саясаты мен мәдениетінің инклюзивті бағытын көрсететін оқыту тәжірибесінің даму бағытын көрсетеді. Мұндай тәжірибені енгізу кезінде сабақтарда міндетті түрде оқушылардың әртүрлі қажеттіліктері ескеріледі, ал оқушылар мектептен тыс меңгерген тәжірибе мен білімнің негізінде өзінің білім алуына белсенді қатысуға тартылады. Мектеп қызметкерлері материалдық ресурстарға ғана емес, қосымша ресурстарды қарастыруға белсенді қызығушылық танытады. Оқуды қолдау және әрбір баланың мектеп өміріне толыққанды қатысуы үшін жұмылдырылуы мүмкін ресурстарды іздеу мектептің барлық қызметкерлері, ата-аналар/қамқоршылар және жергілікті қоғамдастықтар арасында жүргізіледі [10].
Жалпы алғанда, саясаткерлер және педагогикалық оқу орындарының оқытушылары мыналарды түсінуі керек:
- Инклюзивті білім беру – оқу процесіне, мәдениетке және қоғамға қатысуын кеңейту, іштей және білім алу жағынан оқшаулауды азайту арқылы барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін есепке алу және қанағаттандыру процесі.
- Инклюзивті білім беру – тұрақты қолдауды және мұғалімдердің біліктілігін арттыруды қажет ететін серпінді процесс. Бұл бүкіл мектеп қоғамдастығы аясында сапалы білімге қол жеткізуде балалар тап болуы мүмкін кедергілерді және осы кедергілерді жою тәсілдерін тұрақты талдау және өзін-өзі бағалау.
- Инклюзивті білім беру білім берудің барлық білім аспектілерін (оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу, бағалау, мектеп инфрақұрылымы, білім туралы деректер мен ақпаратты басқару және т.б.) қозғайды. Бұл жекелеген жоба емес, тұтас білім беру жүйесінің негізін құрайтын философия. Инклюзивті білім беру тек арнайы мұғалімдер мен сарапшылардың ғана емес, сонымен қатар білім беру саласындағы барлық мүдделі тараптардың жауапкершілігі ретінде қарастырылуы керек.
- Саясаткерлер, педагогикалық оқу орындарының оқытушылары және мұғалімдер барлық оқушыларды қолдайтын құндылықтар мен оқыту әдіс-тәсілдерін қабылдауы керек және мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болуы керек [11; 29].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет