Устьице. Устьице эпидерманың ішкі жағында орналасқан ұлпалардың сыртқы ортамен ауа алмасуын, транспирацияны реттеп отырады. Устьиценің пішіні бұршақ немесе жарты ай тәрізді, бір-біріне ойыс жағымен беттескен 2 клеткадан тұрады. Бұлар жанаспалы клеткалар деп аталады. Устьице аппаратының жанаспалы клеткаларының мынадай ерекшеліктері бар: беттескен жағындағы клетка қабықшасының қабырғасы қалыңдамай жұқа, серпімді қалпында қалады, клетка құрамына хлоропластар, көп мөлшерде митохондриялар енеді.
Өсімдік түктері – трихомалар. Көптеген өсімдіктердің эпидерма клеткаларынан оны бет жағында әр түрлі түктер, өскіншелер, қабыршақтар өсіп шығады. Оларды трихомалар деп атаймыз. Трихомалардың биологиялық мәні өсімдіктер үшін әр түрлі.
Көп жағдайда түктердің қалың қабаты өсімдіктерді шамадан тыс қызып кетуден, артық су буландырудан сақтайды. Биік тау өсімдіктерінің қалың түктері оларды күндізгі және түнгі температура ауытқушылығынан қорғайды. Қатқыл қылшықты түктері бар өсіидіктерді мал жемейді.
Түктердің екі түрін ажыратамыз. Олар: 1. Жабындық түктер. 2. Бездеуіт түктер. Жабындық түктер өсімдіктердің эмбриональды мүшелерінде тірі клеткалардан тұрады, ол кезде өлі клеткаларға айналады. Бездеуіт түктер көп уақытқа дейін тіршілігін жоймайды. Олардың клетка қабырғалары қалың емес, жұқалау келеді, цитоплазмасы, вакуолі және ірі ядросы болады.
Әдебиеттер: 1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы .
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж.
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г. Изд. Эдиториал УРСС.
5. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г. Изд. Просвещение.
Лекция №7,8