Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет7/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Бақылау сұрақтары:
1.Вакуоль және вакуоль мембранасы дегеніміз не?
2. Вакуольдің құрылысы мен қызметі қандай?
3. Осмос қысымы және сору күші дегеніміз не?
4. тургор қысымы дегеніміз не?
5. Плазмолиз дегеніміз не, қандай түрлері бар?
6. Деплазмолиз құбылысы кай кезде орындалады?
7. Клетка шырынының химиялық құрамы қандай?
8. Органикалық заттар мен алколоидтар.
9. Глюкозидтер мен пигменттер.


Әдебиеттер
1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж.
2. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г.
3. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г.
4. Курсанов Л.И. и др.Ботаника, том 1, Москва,1966 г.
5. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж.


Лекция № 5,6


Тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары. Түзуші ұлпалар. Жабындық ұлпалар


Лекцияның мақсаты: Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпаларының жалпы сипаттамасы және жіктелуімен танысу. Студенттерге түзуші ұлпалар және жабындық ұлпалардың құрылысы мен қызметі туралы мәлімет беру.


Лекция жоспары: Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары. Түзуші ұлпалар. Жабындық ұлпалар
1.Ұлпалардың жіктелу негізі.
2.Түзуші ұлпалар (меристемалар). Меристемалардың өсімдік денесінде орналасуына байланысты типтері.
3. Меристема клеткаларының өсуі мен жіктелуі.
4. Жабындық ұлпалар. Эпидерманың құрылысы мен қызметі.
2. Эпидерманың негізгі клеткалары.
Лекцияның мәтіні: Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас клеткалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфол. жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің клеткалары айқын жіктелген. Өсімдік ұлпасы клеткааралық заттардың даму деңгейіне қарай тығыз және борпылдақ болып дамиды. Ұлпалар жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және жіктелуінен түзіледі және эмбрионалды немесе түзуші (меристемалық) және тұрақты деп ажыратылады. Өсімдік ұлпасының жіктелімі олардың белгілерінің жиынтығына, шығу тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және қызметіне негізделген.
Ұлпалардың жіктелуінің әр түрлі принциптік негізі бар. Фитогистолог Г. Линк (1807) ұлпаларды жасанды түрде екі топқа бөлді: паренхималық және прозенхималық. Бұлай бөлуде ол ұлпа түзуші клеткалардың бір ғана белгісі, яғни ұзындығының көлденеңіне қатынасын негізге алды. Линк жүйесінің клеткалар мен ұлпаларға жалпы сипаттама берудегі негізгі мазмұны әлі күнге дейін сақталып қалды. Жасанды жіктеудің тағы да бір жолын ұсынған П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі ұлпалар және өлі ұлпалар деп бөлді. Ұлпаларды тірі және өлі деп бөлу заңды еді, бірақ мұнда олардың әр түрлі қызмет атқаратынын да ескерген жөн. Өсімдік мүшелеріндегі клеткаларды бұлайша жіктеу шартты, өйткені оларды бір-бірінен ажырату барлық уақыттта мүмкін емес.
Алғашқы нақты және табиғи жіктеуді физиолог Ю. Сакс (1868) ұсынды. Ол өсімдік ұлпаларын жабындық ұлпа өткізгіш ұлпа және негізгі ұлпа деп үш топқа бөлді. Ю. Сакс осылай жіктеуде ұлпа түзуші клеткалардың морфологиялық ұқсастықтары мен физикалық ерекшеліктеріне сүйенді. Ол үш жікке бөлген ұлпалардың элементтеріне, олардың өсімдіктер денесінде орналасуына және атқаратын қызметтеріне түсінік берді. Жіктеулердің бұл түрі осы уақытқа дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Сонымен ұлпаларды төмендегідей жүйелеп қарастыру орынды.
1. Түзуші ұлпалар (меристема): 1. Төбе ұлпасы (апикальды); 2. Бүйір ұлпасы (латеральды); а) Алғашқы ұлпа (прокамбий, перицикл), ә) Соңғы ұлпа (камбий, феллоген); 3. Қыстырмалы ұлпа (интеркалярлы), 4. Жарақат ұлпасы.
2. Ассимиляциялық ұлпалар.
3. Қор жинаушы ұлпалар.
4. Аэронхима
5. Қабылдаушы (сору) ұлпалары: 1. Ризодерма; 2. Веламен; 3. Астық тұқымдастардың ұрығындағы қалқаншаның сору қабаты, 4. Паразит өсімдіктердің гаусториялары ; 5. Гидропоттар.
6. Жабындық ұлпалар: 1. Алғашқы жабындық ұлпа (эпидерма); 2. Соңғы жабындық ұлпа (перидерма); 3. Үшінші жабындық ұлпа (қыртыс немесе ритидом).
7. Заттардың өтуін реттеуші ұлпалар: 1. Эндодерма; 2. Экзодерма.
8. Бөліп шығарушы ұлпалар. 1. Сыртқы ұлпа: а) бездеуіт түктер (трихомалар) және өсінділер (эмерганттар); ә) шырындықтар немесе шірнеліктер;
б) гидатодтар. 2. Ішкі ұлпа: а) бөліп шығарушы клеткалар (эфир майлары, шайыр, криталдар, таниндер); ә) көп клетканы бөліп шығарушы орындар; б) шайыр (смола) жолдары; в) сүт жолдары (бунақты және бунақсыз).
9. Механикалық ұлпалар (тіректік, қаңқа, арматуралық): 1. Колленхима; 2. Склеренхима; 3. Склерейда.
10. Өткізгіш ұлпалар: а) ксилема (сүрек); б) флоэма (тін).
Жоғарыда келтірілген жіктеудегі түзуші ұлпалардан басқасы түпкілікті ұлпалар деп аталады.
Түпкілікті ұлпалардың клеткаларын жасап үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдік денесін құрайтын ұлпаларды түзуші ұлпалар немесе мерестималар деп атайды. Меристема (гректің «меристос» - бөлінгіш және «стема» - ұлпа деген сөздерінен алынған) – бөлінуге қабілетті ұлпа. Меристема клеткаларының өздеріне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар майда, ядросы ірі, клетка іші цитоплазмаға толы, вакуольдерінің саны аз, майда, клетка қабықшасы жұқы, клеткалар өзара тығыз орналасады. Клеткаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, кейбіреулері жіңішке, ұзын болып келеді.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт (кейбір ағаштарда мың жылға дейін) сақталады. Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбе меристемасының ең жоғарғы клеткалары (кейбіреулерінде бір ғана клетка) шексіз рет бөлініп жас клеткалар жасап, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемалық қасиетін үнемі сақтап отырады. Мұндай клетканың саны біреу болса, оны иницалды (латынның inicialis – бастапқы) клетка, ал бірнешеу болса, апикалды инициалдар деп атайды. Қырықбуындардың өркені мен тамырының ұшында орналасқан инициалдың клетканың саны біреу, пішіні үш бұрышты, оның төбе меристемасының басқа клеткаларынан айқын айырмашылығы бар. Жабық тұқымдылардың өстік мүшелерінің төбе меристемасындағы инициалды клеткалардың саны көп, олар басқаларынан гөрі топтасып орналасумен, клетка цитоплазмасының қоюлығымен ажыратылады. Инициалды клетка немесе апекалды инициалдар шексіз рет бөлініп, меристема клеткаларын жасайды, ал меристема клеткалары шексіз бөлінуге қабелетті емес, олар шамалы рет бөлініп, жас клеткалар түзеді де, біртіндеп түпкілікі ұлпаларға айналып, тамыр мен сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын қалыптастырады.
Пайда болуына қарай түзуші ұлпалар алғашқы және соңғы меристемалар деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді.
Өсімдіктердің өстік мүшелерінің төбе меристемасы орналасқан ұшы бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені төбе меристемасының қызметі нәтижесінде өстік мүшелер ұзарыңқырайды.
Бүйір (латеральды) меристемалары өстік мүшелердің көлденең кесіндісінде сақина түзіп, бойлық кесіндісінде клеткалардың цилиндр тәрізді қабаттарын түзіп орналасады.
Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема өркеннің буынаралықтары мен жапырақтардың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл меристема – сабақтың басқа бөліктеріндегі учаскесімен салыстырғанда төбе меристемасының түпкілікті ұлпаларға баяу айналатын қалдығы.
Жарақат меристемасы өсімдік денесінің жарақаттанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі клеткаларынан пайда болады. Мұндай клеткалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене (латынша – callus – сүйел) пайда болады. Шор клеткаларының меристемалық қасиетінен феллоген түзіліп, одан пайда болған тоз қабаты жарақаттанған жерді жабады.
Жабындық ұлпалар. Өсімдіктің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалар өсімдіктердің ішкі нәзік бөліктерін шамадан тыс болудан, төменгі және жоғары бөліктерін температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен және т.б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.
Жабындық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді:
1. Алғашқы жабындық ұлпалар. 2. Соңғы жабын ұлпалар.
Алғашқы жабындық ұлпаларға мыналар жатады: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға: тоз (перидерма), қыртыс (сары қабық) жатады.
Эпидерма. Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма, 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген (протодерма) қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін қалаған теория бойынша төбе меристемасының сартқы қабаты клеткаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған.
Эпидерма – жапырақтың, гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабын ұлпасы. Әр түрлі өсімдіктердің әр мүшесі эпидермасының қызметі әр түрлі, осыған олардың биологиялық мәні де бірдей емес. Мысалы, жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, ауа алмасу және судың тепе-теңдігін реттейді.
Эпидерма көпшілік жағдайда бір қатар, сирек түрде екі не одан да көп қатар клеткалардан тұрады. Көп қабатты эпидерасы бар өсімдіктерге алабота тұқымдасына жататын суккленттер: тарбақ бұйырған (Anabasis brachiata), итсигек бұйырған (Anabasis aphylla) және тұт ағашы (Morus L), фикус (Ficus elastika) т.б. өсімдіктер жатады.
Эпидерма күрделі ұлпа, ол клеткалардың әр түрлі типтерінен тұрады. Олар: 1. Эпидерманың негізгі клеткалары. 2. Устьице аппаратының жанаспалы және қосалқы клеткалары. 3. Трихомалар, яғни эпидерма клеткаларының сырт жағынан өсіп шыққан өскіншелер.
Эпидерманың негізгі клеткалары бір-бірімен тығыз, ал өзінен төмен орналасқан паренхималық клеткаларымен нашар байланысады. Сондықтан да тез сыдырылады. Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткалардың пішіні сопақ, ал өсу барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет