Тамыр - жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Тамыр ұшындағы меристема қызметінің нәтижесінде ұзақ уақыт ұзындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симетриялы мүше. Өркенен айырмашылығы – тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болмайды және тамырдың ұшындағы меристема оймақшамен жабылған.
Тамырдың қызметі
Суды және онда еріген минералды тұздарды, органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады.
Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар өседі
Жер асты тамырлар толығымен немесе жартылай топырақ арасына орналасады. Мұндай тамырлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 70 пайызын құрайды. Судағытамырлар су қабаттарында орналасады, су түбіне жетпейді (балдыршөп ). Ауадағытамырлар атмосфералық ылғалды сіңіреретін тамырлар. Олар ылғалды тропикалық орманның эпифиттеріне тән. Гаусториялы (лат. «гаустос» - «сору») тамырлар негізінде өсімдіктер-дің денесіне еніп паразиттік тіршілік ететін тамырлар.
Субстратқа қарай тамырларды: топырақтағы немесе жер асты, судағы, ауадағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емізікшелері) деп бөледі.
(асбұршақ, (арпа, бидай , (ағаштар)
үрмебұршақ, сұлы, тары т.б.)
қабыз,жоңышқа)
Тамырлар жүйесі Кіндік тамыр Шашақ тамыр Аралас тамыр