Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет3/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі клеткаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма өсімдік клеткасының барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты. Цитоплазмада әр түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасқан. Цитоплазманы жарық микроскопымен зерттегенде оның біріңғай қоймалжың, мөлдір зат екені байқалған. Нәтижесінде цитоплазма туралы бұрынғы түсініктің ауқымы кеңейе түсті, оның субмикроскопиялық құрылымдық элеметтері ашылып, хлоропласт, митохондрия т.б. органеллаларының зат алмасуына қатынасы, олардың бір-біріне әсері, клетканың даму барысында олардың пайда болуы мен өзгерістерге ұшырауы туралы көптеген мәліметтер жинақталды .
Цитоплазманы клетка қабықшасынан мембрана бөліп жатады, оны плазмолемма деп атайды. Плазмолемма клетканың сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді және заттардың синтезіне қатысады. Биологиялық мембраналар біршама тығыз белоктардан және фосфолипидтерден тұрады. Оның негізгі қасиеті- сұрыптап өткізгіштігі, яғни жартылай өткізгіштік қасиеті бар. Бір заттар одан нашар өтеді, екінші заттар жақсы өтеді. Сондықтан цитоплазманың химиялық құрамы оның өткізгіштігіне байланысты.
Цитоплазманың химиялық құрамы және физикалық қасиеттері. Цитоплазманың құрамына көптеген химиялық қосылыстар енеді. Мұнда су мөлшерін 70-90%, белок 10-20%, липидтер 2-3 %, көмірсулары 1-2%, минералды тұздар 1%. Цитоплазманың химиялық құрамы ондағы жүретін зат алмасу реакциясына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Цитоплазманың құрамында жай және күрделі белок бар. Жай белоктар (протеиндер) амин қышқылдарынан тұрады. Күрделі белоктардың – (протеидтердің) құрамында амин қышқылдарынан басқа көмірсулар бар, мұндай белоктар – гликопротеидтер деп, май – липопротеидтер деп, ал нуклеин қышқылдары – нуклеопротеидтер деп аталады. Клетка құрамына енетін нуклеин қышқылдарының клетка үшін маңызы зор. Өйткені олар генетикалық информацияны (тұқым қуалаушылықты) сақтап, оны пайда болған жаңа клеткаларға, ол одан жыныс клеткалары арқылы жаңа организмдерге береді. Нуклеин қышқылдарының қатысуымен клетка ішінде белоктардың синтезделуі жүріп жатады. Белоктар сияқты нуклеин қышқылдары да химиялық қосылыстардың үлкен тізбегінен тұрады. Бұл қосылыстар нуклеотидтер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет