Лекция 14. «Мәңгілік ел»- ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы Жоспар: «Мәңгілік ел»



бет1/2
Дата21.05.2022
өлшемі25,68 Kb.
#144435
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция 14
docx1550040890, домзпору

Лекция 14. «Мәңгілік ел»- ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Жоспар:
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы
2. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық, қазақ мәдениеті, еркіндік, бірлік, күшті мемлекет, жоғарғы мақсаттар, ұлы болашақ
3.«Мәңгілік ел» идеясының негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы, ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер, халықты қорғаушылардың қасіреті
4.«Мәңгілік елдің» құндылықтары
5. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ХХІV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы
Елбасы өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр»,– деген еді. Ал,2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.«Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» –деп жаздытүркітанушы-ғалым Қ. Сартқожаұлы. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді»,–деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке «мені» үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.
«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен
мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.
Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ. Бұл бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасына айналуы тиіс.Жоғарыда айтылған ойдың өзектілігі сонымен бірге келесі маңызымен де арта түспек:
- елімізде білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі және жаһандану үдерістерінің белсенді түрде іске асырылуы. Ал бұл интеллектуалдық әлеуеттері жоғары, қоғамның әлеуметті белсенді мүшелері, рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетті сақтап дамытуға жауапты, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, ұлттық санадағы стереотиптерді жеңуге және өзге мәдениет өкілдерімен сапалы диалог құруға қабілетті, жаңа буын мамандарды тәрбиелеу мәселесін өзектендіреді;
- жақын жылдарда Қазақстан халқы бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуі тиіс: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын» жүзеге асыру; әлемнің экономикасы дамыған әрі табысты 30 мемлекетінің қатарына қосылу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына көшу; «Ұлт жоспары – баршаға ортақ қазіргі заманғы мемлекетке бастайтын 100 нақты қадамды» жүзеге асыру. Жоғарыда белгіленген стратегиялық міндеттерді тиімді шешу үшін «... мемлекетке мыңдаған жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады. Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші», – деп атап көрсетті Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық мәселелер елімізді де айналып өтпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс», – деп шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этномәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.
Ә. Нысанбаев осындай жағдайда қазақ мәдениетін қайта түлетіп жан­дандыруды жаһандану кезіндегі Батыстың мәдениетіне қарсы басты бәсеке ретінде бағалайды. Тіпті, осындай жағдайда ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, мәдениетті қайта түлетіп, халықтың руханиятын көтеруге, жергілікті мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндіктер ашатынын ескертеді. Яғни, жаһандану процесінде шетелдік идеялардың емес, керісінше, жергілікті мәдениеттің іргетасы беки түсуі мүмкін.
Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық қатынастардың маңызы артқан тұста, халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты түрде жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік артып отыр. Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудың алапат дауылына ептілікпен қарсы қоя білу – біздің мемлекетіміздің мәңгілігінің кепілі.
Халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
2016 жылы 26 сәуірде Астанада «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХIV сессиясы өтті.Бұл сессиясының тарихи маңызы бар. Өйткені, осы жиында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осы құжатта жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың Қазақстанның тағдырына, дамуына, болашағына деген өзара жауапкершілігі бекітілген. Тәуелсіздік, ынтымақ, біртұтас ұлт – бұлар қазақстандық арманның жүзеге асуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты ұғымдар. Сондай-ақ, аталған жиында Елбасы Ұлт жоспары шеңберіндегі бес институционалдық реформаны іске асырудың алғашқы нәтижелеріне баса назар аударды. Ұлт жоспарын іске асыру үшін 59 заң мен 400-ден астам нормативтік актілер қабылданды. Бүгінгі таңда ассамблея құрамында он мыңдаған белсенді қатысушысы бар 1,5 мыңдай этномәдени бірлестік, үш мыңға жуық түрлі қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Мұның бәрі ҚХА-ның бес деңгейден тұратын жаңа әлеуметтік лифт дәрежесі ретіндегі қызметін жандандыруға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет