Лекция №14 Н.Ә. Назарбаев тарихтағы тұлға Лекцияның мақсаты мен міндеттері


«Нұрлы жол» – әрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартып, экономиканың



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата29.04.2022
өлшемі408,87 Kb.
#141414
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
14 лекция ККЗТ
30..03.2022жж, ААЖ-112 20.04.22, 5 лекция ККЗТ, магистратура, 3-билет Қазақстан тарихы, Тарих және география пәнінің әдістемелік кеңес отырысының № 1 хаттамасы, Тарих және география пәнінің әдістемелік кеңес отырысының № 1 хаттамасы, Сәйкестендіру
 «Нұрлы жол» – әрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартып, экономиканың 
өсуіне бағытталған. 
Жолдаудағы тек жолдарды салу тапсырмасы арқылы 200 мың 
отбасының әл-ауқаты жақсарады. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 
Жолдауында білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінген.
Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тарихи Жолдауында еліміздің жақын 
келешектегі даму бағытын айқындады. 
Мемлекет басшысы жақын жылдардың жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен 
қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез 
келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, 
қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Ел Президенті халыққа 
«Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды».
Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму 
жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй 
инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Сондай-ақ, шағын 
және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен 
сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмайды. 
Соңғы уақыттардағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат 
ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа 


экономикалық талаптармен беттестіріп отыр. Орта және шағын бизнесті қолдаудың 
арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді. 
Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын 
жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады. Бұл тек қана, 
өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік 
тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде. 
«Нұрлы жол - Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 
бағыт. Бірінші - білім мәселесі. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласына 
ұдайы инвестиция құйып келеді. Соның нәтижесінде, табиғи байлықсыз-ақ, олар өздерін 
әлемдік сахнада экономикасы жетілген, табысты мемлекеттер ретінде танытты. 
Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 
ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға 
бағыт алғанымызды көрсетеді. 
Екінші - ұлт аралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар 
арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. 
Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен 
пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. 
Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде 
үштен бірі ажырасып жатыр, әрине бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті, 
дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% 
жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді 
баспанамен қамтамасыз ету мәселесі дүп басып айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет