Лекция 1. Кіріспе. Білім берудегі менеджменті пәні - Лектор: техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Дуйсенов Нурзак Жезтайұлы, 2021ж.
- Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті
- Жаратылыстану-техникалық және спорт факультеті
- Техника және ақпараттандыру кафедрасы
Жоспар: - Білім берудегі менеджмент түсінігі, қызметтері мен принциптері.
- Білім беру менеджмент тұжырымдамалары. Білім беруді басқару деңгейлері.
- ББҰ басқарудың сызықтық және матрицалық құрылымдары.
- Кредиттік технологиядағы бақылау-өлшеу құралдары: тақырып бойынша бақылау сұрақтары, тесттер, емтихан сұрақтары, аралық бақылау тапсырмалары және т.б.
Менеджмент ұғымы. - Ағылшынша “management” - өндірісті басқару;
- лат. “manus’ – қол деген ұғымды білдіреді, яғни қол арқылы басқару деп түсіндіріледі.
- Шетелдік теорияда менеджмент басқалардың қолымен басқару, жұмыс істеу теориясы ретінде сипатталады.
- Менеджер – кәсіби басқарушылық базалық білімі бар жаңа типтегі басшы.
Менеджмент ұғымы - басқару ғылыми жетістіктерін пайдаланып өндірісті және қызметкерлерді басқарудың қағидалары, формалары, әдістері, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
- Өндірістің жоғары өнімділігін, кәсіпорынның ресурстық мүмкіндіктерін игі пайдалану.
Ғылымда менеджмент: - қызмет (іс-әрекет) түрі;
- үдеріс;
- басқару органы (аппараты);
- адамдар категориясы;
- ғылым және өнер...
- ретінде сипатталады.
ББҰ білім беру менеджменті – - ББҰ жүзеге асатын процестер мен қатынастарды (яғни оқу үдерісі, тәрбие үдерісі, ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық, шаруашылық үдерістерді) саналы реттеу.
- Оның мақсаты - ресурстар мен құралдарды оңтайлы пайдаланып, мамандарды дайындаудағы жоғары табыстарға қол жеткізу.
Менеджменттің міндеттері - а) Адамдарды кәсіпорынның ортақ мақсаттары аясында топтастыру;
- ә) Әр бір қызметшіде кәсіборынның нәтижелерінен мүделілігін дамыту және оны мүмкіндігінше қамтамасыздандыру;
- б) Адамдарды дамытуды бір мезгілде тоқтатпау;
- в) Қызметшілердің арасындағы байланыстарды күшейту, олардың жауапкершілігін арттыру
-
Бүгінгі таңда менеджмент басқарудың тұжырымдамалық негізі болып табылады. - Бүгінгі таңда менеджмент басқарудың тұжырымдамалық негізі болып табылады.
- Менеджмент – бұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.
Менеджмент негізінде ББҰ-нын басқарудың және педагогикалық жетекшілік етудің негізгі мәселелері: - педагогикалық процесті диагностикалау; мектеп жұмысын жоспарлау;
- ББҰ-нің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру;
- ББҰ басшылары қызметі және оны жетілдірудің жолдары;
- ББҰ-ын ұжымдық басқару органдары қызметін жетілдіру;
- білім сапасын басқару (мониторинглеу және бағалау); мектепішілік бақылау;
- Оқытушыларды аттестаттау.
Білім беру ұйымын менеджмент негізінде басқарудың принциптері - Адамға деген құрмет пен сенім;
- Адамды тұлға ретінде тұтас қабылдау;
- Мақсатты үйлестіру;
- Ынтымақтастық, диалогтық қарым-қатынас;
- Әлеуметтік әділеттілік;
- Мұғалімге дербес тұрғыдан келу;
- Оқытушының жұмысын байыту (молайту, сапаландыру);
- Қызметшілердің біліктілігін үздіксіз дамыту;
- Консенсус негізінде маңызды шешімдерді ұжымдық қабылдау;
- Мұғалімдердің мектепті басқаруда қатысуы;
- Горизонтальді байланыстарды жүзеге асыру; өзін-өзі басқаруды күшейту;
- Ұдайы жаңырту және дамыту.
Инновация – - оқу-тәрбие жұмысын, ББҰ
- жұмысының барлық бағыттарын жаңырту, жаңалықтар жасау және енгізу арқылы мектепті дамытуға бағдарланған іс-шаралар.
- ББҰ басшылығы білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы басшысының инновациялық менеджер ретіндегі пайдаланатын әдіс-тәсілдері: - Жоспарлау әдістері;
- Басқару шешімдерін қабылдау әдістері;
- Адам ресурстарымен жұмыс жүргізу және кадрлық саясатты құрудың әдістері;
- Ұйымшылдық және уақытты мақсатты түрде пайдалану әдістері;
- Қызметтік байланыс әдістері;
- Қарым-қатынас әдістері;
- Ұжым мүшелерін дамуын қамтамасыз етудің әдістері;
- Көшбасшылық әдістері;
- Өзгермелі кезеңдерде басқару әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |