формасы және көлемі. Прокариттардың талшық стрктурасы.
Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер-коккалар, таяқша тәрізділер-, бацилдар және спираль тәрізділер- вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері-диплкоккалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізділері-стрептококкалар, төрт-төрттен тіркескендері-тетракоккалар, сегіз-сегізден текшеленгендері-сарциналар делінеді. Ал олардың стафиллкоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
Бактериялардыңспираль тәрізді екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар-үтір тәріздес, екіншісі-спириллалар-бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар арасында орналасқан. Жанама бұтақшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микобактериялар тобына жатқызады. Бұларға өкіл ретінде өкпе ауруының қоздырғышы туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады.
№ 4 Дәріс - Прокариоттардын класификациясы
Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі. Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген болжамдар бар.
Микрорганизмдердіңғ басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олардың клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланған. Кейде қабық қызметін цитоплазматикалық мембрана атқарады. Цитоплазмада тіршілікке қажетті органоидтар орналасқан. Жалпы клетка құрылымына қатысты организмдерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Олар эукариоттар және прокариоттар. Нағыз ядросы бар микроорганизмдерді эукариоттар, ал клеткасында қарапайым ядросы бар организмдерді прокариоттар деп атайды.
Эукариоттарға саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Клетка құрылымы жағынан алғанда бұлар өсімдіктер мен жануарлар тым ұқсас. Ал бактериялар мен көк жасыл балдырлар прокариоттарға жатады. Олардың қоректенуі бір типтес, бір-біріне өте ұқсас және олардың арасында сапрофит және паразит топтары да кездеседі. Осыған байланысты микроорганизмдер әлемі өз алдына жеке қарастырылады.
№ 5 Дәріс - Прокариоттардың өсуі және көбеюі
Бактериялар әдетте жай бөліну арқылы көбейеді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазматикалық мембрананың екі қабатынан тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі. Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-бірінен бөлініп кетеді. Миксобактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өзара тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты бөліну деп, ал керісінше клетка екіге бөлінбей бөліктері әр түрлі болса, гетероморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады. Бактериялардың көбею жылдамдығы олардың тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты болады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арасында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп аз ғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығы мына мысалдан көруге болады. Егер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272=472*1019 клетка пайда болады.
№ 6 Дәріс - Прокариоттардын генетикасы
Микробтар әлемінің дамуы табиғатта жалпы биологиялық заңдылыққа бағынады. Эволюцияның шешуші факторлары ретінде өзгергіштікті, бейімделушілікті, тұқым қуалаушылықты және тіршілікке жеңіп шығуды Ч. Дарвин көрсеткен.
Қандай организм алсақта ол өзінің ата-тегіне бір ұқсастығы болады.
Организм қоршап тұрған ортаның өзі де құбылмалы болғандықтан, осындай жағдайда тіршілік ететін микроорганизмдердің физиологиялық және биохимиялық қасиеттері де өзгеріске ұшырап отырады. Егер бұл орта біршама тұрақты болса, пайда болған қасиетте микрооргнизмдерде бекіп, біраз уақыт сақталады. Мұның өзі микроорганизмдердің жаңа ортаға бейімделуінде зор маңызы бар жағдай.
Қазіргі кезде микроорганизмдер клеткасының тұқым қуалаушылық қасиеті клеткадағы десоксиробонуклейн қышқылына байланысты екені анықталды. ДНК-ны тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі деп атайды. Ол тұқым қуалаушылықты бағыттаушы және бақылайтын фактор. Демек, ол тіршілік кілті десек те қателеспейміз.
Бактериялар ядросында ДНҚ мөлшері мыңға жуық және олардың әрқайсысының ұзындығы түрліше болуы мүмкін.
№ 7 Дәріс - Прокариоттар және қоршаған орта
Микроорганизмдердің қарқындап көбеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроорганизмдердің осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайлар үш топқа жіктеледі, олар: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.
Микроорганизмдердің клеткаларының 85 пайызы су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жердеғана жүреді.
Микроорганизмдер тіршілігіне суда еріген қосылыстар концентрациясы едәуір әсер етеді.
Орта температурасы-микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы-микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді.
Микроорганизмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан, ұзақ жылдар бойына тіршілігін жоймай сақталады. Құрғату, әсіресе микроорганизмдердің вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді.
Жарық, негізгі зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді.
№ 8 Дәріс - Прокариоттардын қоректенуі
Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы мүше болмайды. Олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, клеткадағы қорексіз заттарды сыртқа бөліп те үлгіреді. Бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабықшасы жартылай өткізгіш келеді де, белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде қысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да соғұрлым арат түседі.
Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінже жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка қабықшасын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Клетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал.
Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас тұзы немесе қант қосылғанда, бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы қалпындағыдан анағұрлым кішірейеді де, жиырылып, клетканың ішіне қарай тартылады, оны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клекасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтай үшін тұрмыста қант пен ас тұзының концентрациясы ерітінділерін пайдалану микроорганизмдердің осындай ерекшелігене негізделген.
Микрооргназмдер қоректік заттарды бірден сіңіре алады немесе оларды алдын-ала өзгертіп, клеткасына оңай сіңіретіндей түрге айнлдырады.
№ 9 Дәріс - Прокариоттардың метобализмі
Катаболизм мен биосинтез туралы түсініктеме. Микроорганизм клеткасына келіп түскен қоректік заттар онда жүретін көптеген химиялық реакцияларға қатысады. Микроорганизмдердегі бұл процесті метобализм деп атайды. Метобализм тіршілікке қажетті ең басты процестердің екі тобынан тұрады. Олар: катобализм және биосинтез.
№ 10 Дәріс - Прокариоттардың катобализм және анобализм процесстері
Катаболизм-қоректік заттардың-көмірсулардың, майлардың және белоктардың тотығу жолындағы ыдырау процесі. Катаболизм анаболизмммен тығыз байланысты.
Анаболизм –синтезделу клетка ішілік сипатта өтетін метобализм. Нәтижесінде органикалық заттар пайда болады. Катаболизммен тығыз байланыста болады. Осының нәтижесінде энергия босап шығады. Микробтарда аэробты тыныс алу мен ашу сияқты катаболизмнің негізгі түрлері болады. Аэробты тыныс алуда органикалық заттар толығымен тотығып, ең соңында энергияға тапшы ақырғы өнімдер пайда болады. Ал ашу барысында органикалық заттар жартылай ыдырайды да, аздап энергия бөлінеді. Ал бөлінген өнімдерге біраз энергия қалып қояды. Катаболизм кезінде түзілген энергия клеткадағы аденозин үш фосфат түрінде фосфор байланысына бекиді. Катаболизм мен биосинтез процестері қатар жүреді. Сондықтан болса керек көптеген реакциялар және олардан пайда болған аралық өнімдер бұл екеуіне де тән.
№ 11 Дәріс - Микроорганизмдердің табиғаттағы зат айналымына қатынасуы
Басқа элементтермен қатар азот белок молекуласының негізгі құрам бөлігі болып есептеледі. Табиғатта азот қоры өте мол. Оның басым көпшілігі әлемде тіршілік ететін организмдер құрамында болады. Егер осы организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 миллион тонна болса, ондағы азоттың мөлшері 20-25 миллион тоннандан аспайды. Табиғатта жасыл өсімдіктер жылына 20 миллион тоннадай көміртегін, 1-1,5 миллион тоннадай азот сіңіреді.
Топырақтың әр түрлі типтерінің бір гектар жырту қабатында тіршілік ететін бактерия, саңырауқұлақ, балдыр, насеком және басқа да жәндіктердің құрамында азот шамамен 6-дан 18 тоннаға дейін байланысқан түрде болады.
Азоттың сарқылмас қорының бірі-атмосфера. Ғалымдардың есебіне қарағанда, әрбір гектар жердің бетіндегі ауада 80000 тоннаға жуық молекула күйіндегі азот бар. Бұл ауылшаруашылық дақылдардың кем дегенде бір миллион жылдан астам уақыт мол өнім алуға мүмкіндік берген болар еді. Бірақ өсімдіктердің азотқа тапшы болатыны әрқашанда байқалады. Өйткені ауадағы азот негізінен молекулалық азоттан тұрады да, өсімдіктер оны сіңіре алмайды. Сонымен қатар топырақтағы азоттың басқа да қосылыстарының біразы өсімдіктердің сіңіруіне жарамсыз.
Күрделі белок заттарын минералды жай қосылыстарға ыдыраты отырып, микроорганизмдер өз денесіне қажетті заттарды қамтиды да, көбейеді.
№ 12 Дәріс Ауа микрофлорасы
Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар, өніп өседі, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауадағы микроорганизмдер шаң-тозаңдармен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгірмесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауадағы микроорганизмдер саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты. Әсіресе, қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары көп қалалар үстінде ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл, село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз. Органикалық заттарға бай өңделген топырақ бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердегі ауадамикробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердегі ауада жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауыннан соң едәір азайып қалады.
Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етеді. Түссіз бактерияларға қарағанда пигменттері бар түсті бактериялар төзімсіздеу.Ауадаға микробтар саны қоғамдық орындардың бәрінде бірдей болмайды.
№ 13 Дәріс Су микрофлорасы
Табиғатта кездесетін су бактериялар мен саңырауқұлақтардың екінші тіршілік ортасы болып есептеледі. Суға әрқашан күн сәулесі әсер еткенмен, микрооргнизмдердің өніп өсуі үшін аса қауіпті емес. Микроорганизм- дер қалыпты тіршілік етуі үшін, суда қажетті қоректік заттар жеткілікті мөлшерде болу керек. Суда органикалық заттар неғұрлым көп болса, бактериялар солғұрлым көп кездеседі. Мәселен, ірі өнеркәсіпті орталықтардан ағып өтетін өзен суларында органикалық заттар көп болады. Соған сәйкес бактериялар да көп кездеседі. Ал ондай өзен суларының қалаға дейінгі жерлерінде бактериялар өте аз, қала ішіндегі бөлігінде бактериялар көп болатыны анықталған.
Өзен суына қарағанда оның түбіндегі балшықтар бактерияға байырақ келеді. Өзеннің жай ағатын жеріндегі бір грамм құрғақ балшықта 22,50 миллиондай бактерия кездеседі, ал суы ағынды жердің балшығында олардың саны 470 миллионға жетеді.
Жауыннан кейін бактериялар саны көбейеді. Егер жауынға дейін судың 1 мл-де 8 бактерия кездессе, жауыннан соң оның саны 12223-ке жетеді.
Тұрмыста қолданылып жүрген құбыр суында да бактериялар кездеседі. Артезиан суын сүзбесе де бактериялар өте аз болады. Мәселен, ауыз суы түрлі өзендерден алынатын болса, ондай суды алдын-ала арнаулы сүзгіден өткізу керек. Сүзгіден өткен суда бактериялар саны да аз да болса кемиді. Қабылданған шама бойынша 1 мл-де 100-ге жуық бактериялар болса, ондай су сапасы жақсы, ішуге жарамды болып есептеледі. Ал бактериялар саны 500-ге дейін жетсе, күдікті су болып есептеледі. Ағын сулардағы бактериялар саны да өзгеріп отырады.
№ 14 Дәріс Топырақ микрофлорасы
Микроорганизмдер-топырақтың негізгі құрам бөлігі. Топырақ органикалық және органикалық емес заттардан құралады. Оның минерал бөлшектеріне көбінесе органикалық заттар жабысып, түйіршіктет құрайды. Міне бұл түйіршіктер микроорганизмдердің негізгі тіршілік ететін мекені. Топырақта микроорганизмдерге қажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей түскен күн сәулесінен оларды қорғап тұрады.
Топырақта негізінен бактериялар, актиномициттер, ашытқы саңырауқұлақтар, микроскоптық саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайым организмдер, түрлі насекомдар ғана емес, түрлі ультрамикроскоптық тіршілік иелері-фагтар, бактериофагтар және актинофагтар кездеседі.
Топырақтағы микроорганизмдердің бір бөлігі көбейетін болса, екінші бөлігінің тіршілік процестері аяқталып, өлексеге айналады. Олармен тірі микробтар қоректеніп, ыдыратады.
Топырақ микроорганизмдерінің басым көпшілігі аэробты организмдер. Олардың анаэробты топтары аз, негізінен спора түзетін микроорганизмдер. Топырақта актиномициттер мен микроскоптық саңырауқұлақтар да аз емес.
Микроорганизмдер негізінен топырақтың беткі қабатында таралған. Ал топырақтың тереңірек қабатына ауысқан сайын қарашірікте азаяды, сонымен қатар бактериялар саны да кемиді.
№ 15 Дәріс Патогенді микроорганизмдер
Жұқпалы аурулардың қоздырғышы-патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға немесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәснлен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын қасиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянына сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады.
Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш сүзегімен ауырған адамдардың төсек-орны және басқа да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.
Әрбір патоген микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекелеген болады. Кейде адамдарда белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысықтан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ
1 апта
№ 1 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Микробиологиядағы зерттеу әдістері
Микроорганизмдердің морфологиясын зерттеуде қолданылатын микроскопия түрлері.
Микроскоп және микроорганизмдерді микроскоптау тәсілдері.
Микробиологиялық зерттеулердің бастапқы кезеңі.
Микроорганизмдерді бөліп дақылдандыру үшін қажетті жағдай.
Прокариот клеткасын сипаттап, суретін салу.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 3-11б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 16-17 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 26-28 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 5-18 б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 4-6 б.
Черемисинов Н.А., Боева Л.И., Семихатова О.А. Практикум по микробиологии. // Издательство «Высшая школа» М., 1967. 9-16 б.
2 апта
№ 2 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Микроскопиялық зерттеулерге препараттарды даярлау.
Фиксирленген препараттарды даярлауға қолданылатын құрал-жабдықтар.
Микробиологиялық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру әдістері.
Фиксирленген препараттарды даярлау.
Грамм бойынша бактерияларды бояу.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 3-11б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 4-6 б.
Черемисинов Н.А., Боева Л.И., Семихатова О.А. Практикум по микробиологии. // Издательство «Высшая школа» М., 1967. 16-20, 36-43 беттер.
3 апта
№ 3 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Эукариот және прокариот микроағзаларының морфологиясы.
Эу және прокариот микроорганизмдердің құрылысындағы айырмашылықтары.
Прокариоттардың клетка құрылымы және негізгі органоидтарының қызметтері.
Прокариот клеткаларының құрылысы (микроскоп арқылы бақылау).
Зең саңырауқұлақтардың морфологиясы.
Бактерия және актиномицеттердің морфологиясы.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 12-15 б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 20-25 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 16-18 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 18-31б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 18-41б.
Черемисинов Н.А., Боева Л.И., Семихатова О.А. Практикум по микробиологии. // Издательство «Высшая школа» М., 1967. 16-30 б.
4 апта
№ 4 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Берги анықтамасы бойынша прокариоттардын халықаралық класификациясы.
Бактерия бөліміне сипаттама.
Грамтеріс бактериялар тобы.
Грамоң бактериялар тобы.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 37-40 б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 16-20 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 20-22 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 44-63 б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 41-61б.
5 апта
№ 5 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Бактериялардын көбеюі.
Бактериялардың көбею жолдары.
Бүршіктену – бинарлы көбеюдің бір түрі.
Бактериялардың көбею жылдамдылығы.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 55-57 б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 58-60 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 106-108 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 34-40 б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 47-48 б.
6 апта
№ 6 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Прокариоттардын фенотиптік және генотиптік өзгергіштігі.
Фенотиптік өзгергіштіктің табиғаты және қалыптасуы.
Фенотиптік өзгергіштіктің ауа райының маусымдық факторларымен байланысы.
Генотиптік өзгергіштіктің табиғаты, мутация түрлері.
Гендік инженерия болащағы.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 61-69 б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 54-58, 139-151 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 121-134 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 64-70 б.
7 апта
№ 7 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Бактерияларға физикалық және химиялық факторлардын әсері.
Микроорганизмдердің ылғалдылықжағдайына қажеттілігі.
Микроорганизмдердің температуралық режимі.
Орта реакциясына байланысты микроорганизмдер топтары.
микроорганизмдер топтары және түрлері арасындағы қарым-қатынасы.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 71-89 б.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 124-135 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 113-121 б.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 71-83 б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 109-126 б.
8 апта
№ 8 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Жиынтық дақылдар және даралау (элективті) принципі.
Жасанды қоректік орталарды даярлау.
Бактериялардың таза дақылдарын алу.
Микроорганизмдердің элективті дақылдары.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 57-61 б.
Буланов П.А., Колешко О.М. Общая микробиология. 63-72 б.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 115-119 б.
Черемисинов Н.А., Боева Л.И., Семихатова О.А. Практикум по микробиологии. // Издательство «Высшая школа» М., 1967. 30-35, 43-50 б.
9 апта
№ 9 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Прокориоттардың катобализмі. Спирттік ашу процессі.
Спирттік ашу процесінің қоздырғыштары, табиғаты.
Ашытқы саңырауқұлақтардың дақылы және спиртік ашудың химизмі.
Тірі клеткалардың пайызын анықтау, ашыған сұйықтықтағы клеткалар саны.
Әдебиеттер:
Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии. //Москва «Просвещение» 1987. 104-105, 105-126 беттер.
Гусева М.В. Минеева Л.А. Микробиология. //Издательство Московского университета, 1992. 203-206, 216-221 беттер.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. //Издательство «Колос» М., 1970. 110-114 беттер.
Генкель П.А. Микробиология с основами вирусологии. 81-88 беттер.
Черемисинов Н.А., Боева Л.И., Семихатова О.А. Практикум по микробиологии. // Издательство «Высшая школа» М., 1967. 65-73 беттер.
10 апта
№ 10 практикалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |