Қиялдың түрлері:
Ырықсыз (пассив) қиял
Ырықты (актив) қиял деп болады.
Ырықсыз қиял - деп, адам алдына ешқандай мақсат қоймай, өздігінен, пайда болып алдында біраз уақыт билейтін ой көрінісін айтамыз.
Ырықты қиял - деп адам алдына белгілі бір мақсат қоюы мен жасалынады.
Ырықты қиял - қайта жасау, шығармашылық, арман болып бөлінеді.
1. Қайта жасау қиялы - деп, суреттеп сызғанға немесе
жазғанға адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын айтамыз.
Қайта жасаушылық арқылы адам шындыққа сай, дүрыс образдар беріп отырады.
Қайта жасаушылық тәрбиелеудің басты жолы бар.
Көркем әдебиетті оқып үйрену — оқығанда кітаптың тек қызық
жерлерін ғана оқығанмен қиял дамымайды, сен - жан кітап
мазмүнын ойға түйіп, оны көрегендей-естігендей болып отыруы
қажет. Егер М.Ауезовтың "Абай" романын қиялы бай адам оқыса,
онда кейіпкерлерімен бірге жүргендей болып түрлі оқиғаларды
басынан өткізеді. Бұл қайта жасау қиялының көрінісі.
Географиялық карталарды оқып үрену - Карта бетінде саяхат
жасау бала қиялына планетаның түрлі түкпірін елестетеді.
Творчествалық қиял - деп, өмірдің қай саласында болмасын жаңалық алуды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың творчествалық қиялға жатады. Творчествалық қиялға ғалым саласында неше түрлі жаңалықтардың ашылуы жат. Ғылым мен техника саласында көптеген жаңа нәрселер әр түрлі заттардың бөлшектерін қүрастыру арқылы пайда болған.
Мысалы: трамвай мен автобус аэероплан мен шана т.б.
Арман - деп, болашаққа келешекке бағытталған қиялды айтамыз.
Арман дегеніміз, өз қалауымызша жаңа образдар жасау. әрбір адам алдындағы жарқын болашағы туралы армандамай білуі қажет. Сондықтан да халық "Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ" -өте тауып айтқан.
Арман адам әрекетімен тікелей байланысты. Адам әрекет етудің орнына бос қиялдаса, ол келешектің қиялы болмай, қүрғақ қиял болып шығар еді.
Мысалы. А.И.Куприннің "Жекпе-жек" повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, қүрғақ қиял.
Қиялдың жасалу жолдары
Қиял түрлі елестетудің негізінде жасалып отырады. Қиялда анализ, сентез әдісі, агглютинация, схематизация тәсілдері жиі қолданылады.
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі - агглютинация деп аталады.
Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) және түрлі машинаның конструкциялары (судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана, суға қонып үша алатын самолет) қүрастырылады.
Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.
Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.
Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кеміте көрсету "бармақтай бала".
Карикатуралар мен достық әзілдер
Адамның орасан ақылдылығын, ақылының аздығын бейнелейді.
Схематизация - деп, заттардың айырмашылықтарын ескермей, анық үқсас болса, соны айтамыз.
Мысалы: Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою құрастыруы.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру. Мысалы: Орыстың үлы жазушысы М.Горький айтады - бір топтың жүмысының образын жасау үшін 100 не 200 деген топпен жүмысшыны қадағалап қарауымыз керек - дейді.
"Ана" - романы да мысал болады.
7-тақырып
Көңіл-күй ерекшеліктері
Қарастырылатын мәселелер:
Сезім туралы жалпы түсінік.
Жоғарғы сезімдердің түрлері.
Ерік туралы жалпы түсінік.
Еріктік амалдарды талдау кезеңдері.
Зейін туралы жалпы түсінік.
Зейін түрлері.
Адам өзін қоршаған дүниені тек танып қана қоймайды,оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады,ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды, яғни өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келу келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің түрін сезім деп атайды.
Қажеттерін түрлі жағдайға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып отырады.Мыс:абыржу, шошыну, наздану, жек көрушілік, іш пысу, зерігу т.б.бүлар сезім мен эмоцияның сан алуан түрлері. Сезімдер өте күрделі психикалық процестерінің бірі.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері болады.
1. Қарама-қарсы, полярлық сапалар.
Мыс: сүйсіну - сүйсінбеу, көңілдену - қажу, шаттық - уайым.
Актив(қажырлы)және пасив(солғын) болып бөлінуінен көрінеді.
Адамға күш беріп, әрекетке үмтылдыратын, көтерінкі сезімдер мен
эмоцияларды стеникалық(грек сөзі - күшті), ал бүлардьщ баяу Турін
астеникалық (грек сөзі - әлсіз) деп атайды.
Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне:уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. жатады.
З.Жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Балда сезімдердің қарама - қарсы сапаларының бірі. Мыс: студенттердің емтиханнан өтуі,спортсменнің мәреге жетуі.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.
Адам ылғи қинала берсе оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді.
Адамның осылайша шамадан тыс зорлануьш психологияда стресс дейді. (ағылшын сөзі - шамадан тыс зорлану). Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады.
Мазасыздану кезеңі.
Зорлану кезеңі.
Титықтау кезеңі.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады.
Жағымды, үнамды эмоция. Мыс: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштык
т.б.
Жағымсыз, үнамсыз эмоция. Мыс: қорқыныш, қайғы, абыржу, налу,
үрейлену, үнісіздену т.б.
Бүлардан басқа эмоциялар қарапайым және күрделі болып та бөлінеді.
Қарапайым эмоциялар - адамның органикалық қажеттерінің өтелу - өтелмеуіне байланысты туып отырады.
Күрделі эмоцияларға: көңіл, эффект, құмарлық эмоциялар жатады.
1. Көңіл. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдарлы, жылы жүзді, ақжарқын, не көіңілге кірмен кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратылады.
Адамның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы, ынтымақты болса отбасы жағдайы(жүріп жатса) жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекше әсер етеді. Сол сияқты адамның көптеген айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе(мысалы: жоғарғы оқу орнын бітірсе, диссертация қорғау т.б.) шат - шадымен күйге түседі.
Керісінше, адам ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндай кезде қабағы қатыңқы, ренішті күйде болады. Сондықтанда "Көңілсізден күлкі шықпас ", "Адам көңілден азады"-деген мақалдар тегін айтылмаған.
Ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар ауыр жағдайда да көңілді жүреді.Өз көңілін меңгере білу - Мүғалім үшін өте қажет. Егер мүғалім көңілсіз болса, оқушының оқу материалдарын менгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Әсіресе төменгі класс оқушылары мүғалімнің қас -қабағына қарап отыратыны белгілі.
2. Аффект. лат. жан ұшыру, күйіп - пісу .
Аффект дегеніміз_- қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Мыс: зәре үшу, қорқу, долылық, жан түршігу, қамығу, торығу т.б. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп есептеу керек. Бүл адамның өзін еңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.
Ерік - жігері күшті адам мүндай үшқалақтыкка, лепірмелікке бара бермейді. Ондай адам не істесе де ойланып істейді.
3. Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із
қалдыратын кошті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен (сипатталады) бағаланады.
Ол екіге бөлінеді.
Үнамды (ғылым мен өнерге еңбекке).
Үнамсыз (дүние, бақ, ойын қүмарлық).
Адамгершілік - моральдық
Эстетикалық
Интеллектік (ақыл - ой)
Адам мінез - құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да күрылымы да күрделі келеді. Бұлар:
Қоғамдық мәнді сезімдер.
Жеке көңіл күйге байланысты сезімдер болып бөлінеді.
Соның біріншісіне мына сезімдер жатады: достық, жолдастық, адалдық, ар -намыс, борыш, жауапкершілік, үят т.б. жатады.
Ар - намысты қорғау - адамға өте жарасымды сипат, бұл көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамның ғана қолынан келеді. Ар - намысты қорғау дегеніміз - сонымен бірге айнала қоршаған адамдарды да силай білу деген сөз. Ар үятты қастерлеу намысқа тырысушылық екенін бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына әсер ететін соша кісі кейде "кірерге жер таппай, кісі беті не қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады.
Ұлы ақын Абай атамыз ұяттың екі түрі бар дейді.
надандықтан туатын.
Жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу
Ұялмас нәрседен ұялу, бүл надандық, ынжықтық, жігер - қайрат
осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы.
Шын ұят ақыл парасаттың ісі "өлімнен үят күшті" деп халқымыз тегін айтпаған.
Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса мүндай адам үятты болады дейді Абай.
2. Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын
бір сүлулықты сезінуі.
Мыс: табиғаттағы әдемі көріністі тамшалау, көркемөнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат Алу. Сол сияқты архитектуралық, музыкалық, сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға да байланысты туып отырады. Мыс: "Әсем әнмен тәтті күй" ...
3. Интеллектік сезімдер - адамның ақыл - ой әрекетімен тану процестерімен
тығыз байланысып жатады.
Мыс: таңсықтау білуге қүмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, т. б. жатады. Сезімнің бүл түрі оқу процес інде, ғылыми, зерттеу жүмыстарында адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мүғалімнің бастр міндетінің бірі - оқушылар санасында интелектік сезімді қалыптастыру болып табылады Ол үшін көп оқу керектігін оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтыныын түсіндіру қажет "Оқу инемен қүдық қазғандай" ол оңайлықпен қолға түспейді. "Адамның көңілі шын мейірленсе ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі" - дейді, үлы ақын Абай. 5. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар. Адамның сезім саласындағы дара айырмашылықтары түрліше болып келеді. Отбасы тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктеріне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас ерекшелігіне т.б. қарай неше түрін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жағдайлары шат – шадыман адамдар мен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, не өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз болар-болмас нәрседен асып-сасып жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.
Ерік
Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі:
Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу,
шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар.
Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен
нәрсені көтеріп алу.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.
Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.
Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.
Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді
Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Еріктің физиалогиялық механизмі мен қабығының рефлекстік табиғатына жатады.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушының алдындағы мақсаты арнаулы оқу орнына түсу. Оның алдына бұл мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы-тілек немесе ниет деп атайды.
Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мыс: газетке мақала жазсам, домбыра тартып үйренсем т.б.
Осы тілекті жүзеге асыру үшін адам тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады.
"Жақсы ниет, жарым ырыс" деп халық тегін айтпаған. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау - күрделі процесс. Ол адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау- мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай қайшы келіп отырады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтың институтқа түсіп, мүғалім болып шыққысы келсе, бірде ауыл-шаруашылық маманы болғанды да қалайды. Бүл арада ол екі мамандықтың бірін қалауы керек, ол қайсысын қаларын білмей әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай да тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік болады, мұны психологияда мативтер күресі дейді. Мүндай түрлі мативтердің ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңіп шығады, тек содан соң ғана адам тоқтамға келе алады.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мативтер күресі, тоқтамға келу
бәрі жиналып еріктік қимылдың "даярлық кезеңі" деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.
Ерік сапалары.
Адамның ерік сапаларының бірнеше түрі бар.
Ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық).
Адамгершілікке сыйымды ерік сапалары (жеке мүддені үжым еркіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары). Еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б. бөлінеді).
1.Тоқтамға келгіштік.
Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.
Тез тоқтамға келу үшін адам әрбір ісін ой таразысынан өткізіп, асығып-аптықпайды. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
2. Табандылық.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді.
3. Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан,
орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
4. Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.
5.Ерлік.
Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет
6. Зейін.
Зейін - деп, адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Зейін - деп, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін есітіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер, біздің зейініміз басқа бір затқа, нәрсеге аударылып отырса, сол сияқты бір жеріміздің де ауырғанында сезбеуімізде мүмкін.
Оқу жұмысында зейіннің маңызы, өте үлкен белгілі бір затқа зейін аударсақ, ол біздің санамыздан орын алады да, қалғандары нашар қабылданады яғни шетке қалып қояды.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.О. Ушинский зейннің маңызын былайша көрсетеді.
Зейінді психикалық процестің тобына жатқызу дұрыс болмас еді, өйткені алам өз өмірінің әрбір моменттерін де бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бір нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына, бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық қүбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Мыс: сезім зейінді күшейте түсуге, не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мыс: бір объект жағымды сезім туғызып, зейінді күшейтеді де, ал көрші бөлмеден естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің түрлері мыналар:
Ырықсыз зейін.
Ырықты зейін.
Үйреншікті зейін.
Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз
біздің назарымызды аударады.
Мыс: ауаның күркіреуі, ысқырық, мылтықтың дауысы, бояулы афиша т.б. Сонымен ырыксыз зейін дегеніміз - сананы объектіге, сол объектінің тітіргендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасынрда шоғырландыру. Тітіргендіргіштің өзін зейін объектісіне айналдырып жіберетін кейбір қасиеттерін қарастырайық: басқалардан күші басым тітіркендіргіш өзіне еріксіз зейін аударады.
Қызығу - ырықсыз зейін арқылы да болады. Мыс: қызыққан нәрсемізге зейініміз тез ауады. Қызықты кітап оқу үшін де.
Ырықсыз зейін кез-келген тітіргендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жагдайлар себеп болады:
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде белгілі бір ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Ырықты зейінде - белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салуды қажет етеді.
Мектепте оқу ырықты зейінді қалыптастыруы керек. Ол үшін бастауыш кластарда оқушыньщ әліне сай, оқуды қызықты, тартымды үйымдастыру қажет, берілген тапсырманы орындап щығу табысы, баланы рахатқа бөлейді, ынтасын арттырады. Сонымен қатар сабақ кезінде бір әрекетген екінші әрекетке тез ауыстырып отыру керек. Сонда бала тынығып қана қоймайды, баланың ырықты зейіні оянады.
Үйреншікті зейін - ырықты зейіннен кейін пайда болады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мыс: бала оқуға төселсе, ол түрақты әдетіне айналады да зейіні де үйреншікті болады. Қандай нәрсеге болсада үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.
Зейіннің 3 түрі де бірімен-бірі байланысып, араласып, практикалық әрекетте бір-бірін сүйемелдеп отырады. Бүлардан басқа:
Үжымдық зейін.
Топтық зейін.
Даралық зейін түрлері болады.
Ұжымдык зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жүмылдыру. Бүған мүғалімнің сабақ өтуі жат.
Топтык зейін - бір үжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру қажет. Бұл -зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жүмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мүқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралык зейін - өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл - зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиістті аса қажетті түрі.
Зейіннің бөлінуі. Зейіннің шоғырлануы. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы.
Зейіннін көлемі - адамның бір көргенде - ақ қабылдаған нәрселерінің
саны. Зейіннің көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Зейін көлемін анықтау үшін
уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар мен әр
түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын көрсетіп отыр. Мектепте оқушыларға
әсіреше бастауыш сынып оқушыларына бір мезгілде сан жөнінде, сапа
жөнінде де белгілі бір зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды.
Зейіннін бөлінуі - адам санасының белгілі бір мезгілде бірнеше әрекетті
атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінуі дейміз. Мыс: оқушылар
өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушылардың
тақтаға шығарган есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б.
Студенттер бір мезгілде лекция тыңдайды әрі түсінігін жазфп отырады.
Зейіннін шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге ерекше
бағытталады. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
шоғырлауы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетгі дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек.
Зейіннің түрақтылығы - адамның зейіні бір объектіге немесе бір
жұмысқа үзағырақ түрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейміз.
Зейіннің ауысуы - оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін
айтамыз.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында кошті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы)
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атанған. Мидың осы кошті қозғыш алабы қалған алапат арадағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың кошті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, салат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені,жоғарыда айтылғандай, мидағы басынқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
8-Тақырып
Тұлғаның жеке- дара өзгешеліктері.
Қарастырылатын мәселелер:
Темперамент туралы түсінік.
Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.
Мінез туралы жалпы түсінік.
Ұлттық мінез
Типтік мінез бітістері.
Қабілет туралы жалпы түсінік.
Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.
Өте ерте кезден бастап адам өзін-өзі байқай, бақылай отыра, өзін басқа адамдармен салыстыра келе адамдардың арасында болатын айырмашылыктарды біліп, түсінгісі, зертгегісі, дәлелдегісі келген.
Бұл дәлелдеу жолы ертедегі грек оқымыстыларынан бастап әлі күнге дейін зерттеліп келеді.
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі осы темперамент. Мұның шығу тегі-"красис" деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұның мәні-заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті береді.
Адамдардың арасындағы осындай айырмашылығының болуын денедегі сұйықтарға байланысты-деп алғаш дәлелденген грек дәрігері ғалымы Гиппократ болды. (б.ғ.д. 460-356) Олар: денені жьшытьш тұратын қан. салқындататын - шырын. құрғататын - бауырдағы сары өт. дымқылдық беретін - қара өт.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттің әр түрлілігі организмдегі осы 4-түрлі сүйықтардың аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мысал: организмде қанның пропорциясы басым болса - сангвиник, ал шырын басым болса - флегматик, қара өт басым болса - меланхолик, сары өт басым болса - холерик темпераменті деп атаған.
Сонымен темперамент дегеніміз - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.
Темперамент деп - - әр адамның сезім көрінісінің, ойлау өрісінің және қимыл әрекетінің өту, сыртқы көріну жолын айтамыз. Темперамент адамның жалпы
қозғалысынан да (біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, біреулер жай қимылдап, асықпай істейді).
Психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше сылбыр жігерсіз болады).
Адамның көңіл-күйінің ерекшелігінен де (салмақты, түрақты, жеңіл, түрақсыз т.б.).
Эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т,б.) жақсы байқалып отырады.
Қазіргі кезде темпераменттің 4-түрі туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалымы Гален темпераменттің санын 13-ке жеткізді.
Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, ол адамдардың темпераменті күшті болатынын денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтады. Ал медицинада ғылымдарының өкілдері темперамент жанындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы 4-типін сол күйінде қалдырады.
Неміс философы И. Кант 1798 жыл жарық көрген "Антропология"деген еңбегінде темпераменттің үш түріне психологиялық сипаттама беріп, оларды психологиялық қасиеттер - деп анықтады.
ХІХ-ғ. соңында неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның "жан дүниесі тебіреністерінің" күш қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.
Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе орыстың антрополог ғалымы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт темпераменттердің қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп түжырымдады.
Темперамент жайында, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез - құлқы мен әр алуан қимыл әрекеттегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен үштастыра отырып іздестірген қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол өзінің "Жан жүйесі" және "өнер таңдау " деген еңбегінде айтты.
Неміс психологы Э. Кречмер мен американ психологі Шелдонның пікірлері. Темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санады.
Темпераменттердің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыдан делелдеген академик И. П. Павлов болды.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелудің күші, тепе -теңдігі, қозғалғыштығы жиынтығынан қүралады.
Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жүмыс істеу қабілеттілігі
немесе сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе - теңдігі қозу мен тежелудің бір – біріне теңдігін көрсетеді.
Жүйке процестерінің қозғалғыштығы - деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілетін айтады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты.
Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып - білу оңай емес. Дегенмен де адам темпераменті туралы мәліметтерді алуға болады. Мысал: адамның жүріс тұрысын жүйелі түрде сырттай бақылап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам не баяу екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі не жігерсіз екендігін, эмоциясы әлсіз не күшті, көңіл - күйінің тұрақты не тұрақсыз екенін байқауға болады.
Оқушы темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянын зерттеу, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез - құлқын таниды. Эксперементтік әдіс арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады.
Темперамент жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатындығы психологиялық ерекшелік. Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дүрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болады.
Мінез
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.
Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсету мен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның ұйреншікті әдетіне, мінезқұлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әртүрлі мінез бітістерінің болуы, оның сыртқы орбамен түрліше қарым - қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу ұшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінездің негізгі сапалары болады;
мінездің адамгершілік жағынан тәрбиелілігі;
бірқалыптылығы;
толықтылығы;
күші мен айқындығы;
салмақтылығы;
Мінездің сапасының негізгі компаненттері (бөліктері):
Ұжымшылдық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, жауапкершілік пен адалдық т.б. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой- өрісі кең адамдарды толык мінезді адам дейді:
«Адамның басына қонған бақыттың түрақты болуы жақсы мінез құлыққа байланысты» (Әл - Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам қүйындай үйытқып түрмайды, оның қастерлейтіні сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің бүл екеуі егіз қозыдай, бірінен екіншісі ажырамайтын қасиеттері.Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық үғымынан, түсініктерінен туындайды.
Бір қалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез -қүлқы болады, ол қауіп - қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.
«Байда қайрат, айда көз, болмаған соң айтпа сөз» - деп ұлы ақын Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылыгы жатады.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзегшілігімен ерекшеленеді, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады.
«Мінез» грек сөзі «характер» деген сөзінен шыққан. Ол «белгі, ерекшелік, өзгешелік, із қалдыру» - деген мағына береді.
Мінез деп - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның ісі мен қылығынан көрінетін оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты жәнетұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады.
Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез білістері адамның дуниеге көзқарасына, сенім мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін өзі тәрбиелеумен көрінеді:
2. Мінез туралы ілім Грек елінен шыққан. Бұдан 2500 жыл бұрын Грек ғалымы, философ Теофраст Афини жұртының 30 - дан астам мінез бітістерінің нашар жақтарына талдау жасаған. XVII - ғасырда франсуз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 - ден астамына сипаттама берген. XIX - ғ. Аяқ кезінен бастап мінез туралы психологиялық теориялар көріне бастады. Зерттеушілер адамдардық мінезін дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болды.
Френология ағымын жақтаушы Ф.Галлет, адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез -құлқын, ақыл - ойының дәрежесін анықтауға болады дейді.
Графология ілімін жақтаушы Аристотель, Гефаст т.б. адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады дейді.
ХІХғ. Француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшенің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді. И.Кант мінезді темперамент пен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болады десе , ал Малапер, Фулье т.б. мінез туа пайда болуымен қатар жүре де пайда болатын ерекшеліктері бар дейді . Полан - мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады .Сонымен мінез жөніндегі көзқарас осы күнге дейін өзара талас - тартыс туғызып келеді.
3. Ұлттық мінез – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтарды бір саналатын этностық , ұлттық , халықтық өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады .
Әрбір халық пен ұлттық этностық өзіндік мінез - құлықтары болады . Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат- қасиеттері бар .
Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез -қүлқына тән қасиеттерді атап көрсеткен .
Қазақ халқының қарапайымдылық пен кішіпейілдік .
Ашық жарқын көңіл мен кеңпейілдік,
өзге тәсілді адамдарға деген достық және сыйластык ,
қонақжайлық т . б . қасиеттер ,
өз Отанына , туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілік ,
мал шаруашылығына икемділік ,
балажандылығы,
сөз өнерін ардақтауды ,шешендік қабілеті,
еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы ,
т . б. Жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады .
Мінездің физиологиялық негізін зерттеген , дәлелдеген И . П . Павлов болды. Ол жоғарғы жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс арқылы дәлелдейді.
Қандай сигнал жүйесінің басты екендігіне қарай адам мінезінің типтерінің 3 түрге бөледі. 1) Ойшыл тип - сөзбен байланысты 2 - ші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы .
Көркем тип -- 1- ші сигналдың шартты рефлекстің
басымдылығы. Орташа тип мұнда 2 сигнал жүйесі бірде- бір басымдың көрсете алмайды .
Адамның көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінездегі әрбір ерекшелік белгілі бір жағдайларға сәйкес көрініс береді.
Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Ол -динамикалык стереотип. Бұл жоғардағы жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі.
Динамикалық стеротип - сырттан келген тітіркендіргіштерге белгілі бір
жағдайға байланысты реакциялар беріп отырады.
5. Адам мінезінің кұрылымы әртүрлі қасиеттер жиынтығынан
тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара
байланысты болып келеді.
Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір түтас бірлікті мінез құрылымы дейді.
Мінездегі қасиеттер жүйесі-мынандай 4 түрлі жүйеге бөлініп қарасады.
1) Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері.
Мысалы: еңбек сүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, жемқұрайдалық т.б.
Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: Қайырымдылық, сергектік, асқақтық, талап қоюшылық, менсінбеушілік.
Өзіне - өрінің қатынасы:
Өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т,б.
4) Заттарға қатынасы:
Ұқыптылық, салдыр-салақтық, ұқыпсыздық, т.б.
Типтік мінез бітістері, оларға жататындар:
Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік адалдық пен шыншылдық, достық.
Қабілет
Күнделікті сөзімізде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: Мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, мына бала математикаға , мынау суретке, ал мынау музыкаға қабілетті деп жатады.Сол сияқты қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігі байқалады. Бұл мысалдардан әр адамның әрекеттің бір түріне икемділігін көрсететін дара ерекшеліктері.
Қандай болмасын әр нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды, ол біреуде күшті, екінші біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің /түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, мызыкалық саңылау т.б. қиысьш келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды .
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мысалы: Оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін, техникалық конструк-ң қүрлысын жақсы білуі оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.
Оқу тәрбие процесінде қабілет білім, дағды, ептілік т.б. сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мүғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мысалы: 0-карточкасында /Суриков туралы/
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Жалпы қабілет.
Арнаулы қабілет, болып.
Адамның ақыл - ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы: Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық материалды тез есте қалдыра алу т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды.
Бүған суретшінің, музыканттың актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездерде қабілеттің 3- түрлі де айтылып жүр, ол ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілет. ХІҮ-ХҮІ ғ-ң аралығы ғылымда "Қайта гүлдену дәуірі"-деп аталды. Сол кездерде Ф. Энгельстің берген сипаттамасында алысқа сапар
шекпеген ,4-5 тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде -бір ірі адам болған жоқ. Мысалы: Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге ұлы математик, механик, инженер, физик болды.
Сол сияқты ХХғ. бас кезінде қазақ қоғамында да бар еді. Олар: А.Байтүрсынов ,М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев т.б. болды.
Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.
Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше пікірлер кездеседі.Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін ілім.
Мысалы: Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген.
Америка психологы У.Эшби "мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан, адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кеткен адам қабілетсіз"-дейді.
ХҮІІІ-ғ. Гельвеций "Қабілеттің түгелімен қоршаған ортамен тәрбиеден туындайтынына ерекше мән берген." ,
Қабілет жөнінде және бір ілім яғни пікір-ол Маркстік диалектикаға сүйеніп түжырым жасайды. "Қабілеттердің дамуын да табиғи, биологиялық және әлеуметтік жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді."
Шындығында, қандай қабілет болса да қолайлы әлеуметтік жағдайларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады.
Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасына және туыстарына үқсап тууы, Бүны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілетінің дамуында белгілі орын алады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетім дамуы музыкалық қабілетті байқатады, көру анализаторының өзгешілігі суретке қабілетін байқатады.
Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық. дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге көрінеді
Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін талант дейді. Талант - деп бір әрекетті творчествалық пен орындау мүмкіншілікті қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуін айтады. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерді көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білу мен еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А.М.Горкий талантты өсіретін нәрсе - істі сүю деп бекер айтпаған.
Мысалы: М.Әуезов "Абай жолының" кейінгі үш кітабын машинкаға жатқа айтып бастырған.
Бүл айтылған эпизодтан біз үлкен талант иелерінің шығармалары оп-оңай өзінен-өзі жазыла салатындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал шындығында бүлар инемен қүдық қазғандай еңбектенеді. Ақын жазушылар, ғалымдар өз еңбектерін бірнеше рет өңдеп қайта жазып, қажымай талмай еңбектенеді. В.Маяковский осылай еңбекті былайша көрсеткен.
Мысал: "Жыр маржан-ғой теңіздің түбіндегі, алу үшін қадалған миллион көз дәл осындай жыр жолына ілігеді, миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз".
Әрбір адам ізденіп еңбек етсе, оқып үйренсе өз талантын көрсете алады. Жалқау, еріншек, бейнеті көп жұмысты онша сүймейтін адамнан талант иесі шықпайды.
Тарихи әлеуметтік маңызы бар творчества беретін қабілеттің ең жоғарғы түрін данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналасқан іс-әрекет . саласында бүрын сонды болып көрмеген жаңалықтар ашады.
Мысал: Жаратылыстану ғылым саласында. Н.Ньютон, Ч.Дарвин, И.П.Павлов, Г.Галилей, А.Эйнштейн, Н.Винер т.б. Әдебиет тарихында - В.Шекспир, В.Гете, А.С.Пушкин, Л.Н. Толстой. Музыкадан - В.Моцорт, Л.Ветховен, П.И. Чайковский т.б. Аристотель, Платон, Абу-Насыр Әль-Фараби, Үлықбек сынды ғүламалар, Абылай хан, Бүхар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай т.б. Әртүрлі ғылым саласынан көрінген энциклопедиялық білімді данышпандар болды.
Бейімділік
Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділгіне орай қалыптасады. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетімен айналасуға бетбүрысы оған көңілі аууы, оны келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Баланың бейімділіктерін жақсы қалыптастырып, дамытып отыру, оның жалпы дамуына ақыл-ой қабілеттінің жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтай мүғалім дер тәрбиешілер балалардың бейімділігін уақытында дүрыс көре біліп соған сәйкес келетін қабілеттерді дамытып отыру керек. Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде, өзі белсенділік көрсетпейінше оны дүрыс үғына алмайды. Бала қабілеттінің дамуы үшін де оның белсенділігі қажет. Іс-әрекетсіз, белсенді кимыл қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.
"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын" дегендей адамның қабілет саласындаңғы дара айырмашылықтары да әртүрлі болады. Мысалы: Біреу іске күшті жігермен кірісіп, екінші біреу керісінше
баяу, сапасын төмендетіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі зеректігімен, екіншісі бақылампаздығымен, байқағыштығымен, үшіншілері материалдарды есте үстағыштығымен ерекше көзге түседі. Бүл айтылғандар кейде бір адамның басында тоғысатын, кездесетін кездері болады. Мысалы: Мүғалімге үйымдастырғыш қасиетпен қатар, байқағыштық, ақыл-ой белсенділіктері мен сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қасиеттерге тән. Жастық шақта түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген кезінде көрінуі де мүмкін. Жастық шағында сөзге олақ адамдардың есейе келе ақын, жазушы болғандары: -Көрген нәрсесін есінде жақсы ұстай аламайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.
Адам психикасының басты ерекшелігі бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілеттің орнына басқа қабілетпен алмастыра алатындығы.
9-тақырып
Ұлт психологиясы-этнопсихологияның негізгі мәселесі
Қарастырылатын мәселелер:
1.Этнопсихологияның негізгі мәселелері.
2.Қазақтың ұлттық мінез бітістері.
3.Ұлттық мінез бітістерінің кейбір ерекшеліктері
4.Ұлттық психологияның құрылымы.
5.Ұлттық сана – сезімнің қалыптасуы.
6.Ұлттық әдеп-ғұрыптар мен дәстүрлердің қалыптасу
Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі түрғысынан баяндау-барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.
Мүнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дөстүр, салт-сана, өдет-ғүрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. төрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез-күлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология- психика мен мінез-қүлықтың қанға "сіңген", тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін үлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дөуірдің жемісі. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тежірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бүл - адам мінез-қүлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне төн психикасы жөнінде біршама менді мағлүматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дөстүр, салт, өдет - ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда болды. қазақ топырағында бүл мөселемен көбірек айналысқан Шоқан Уөлиханов еді. Оның еңбектерінде "халық рухы" дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалык этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дөстүр, салт, т.б.) сан алуан.
Бұл - өте күрделі, өлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: "Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние".'09)
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның өлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мөдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-төрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бүлар жас адамның жүртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын "сегіз қырлы, бір сырлы" делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мөн-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылыгын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, қүдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.)-
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, кұбылмалы табиғат жагдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас ескін ақынның сезін, жыраудың жырын, өншінің әні мен өуенін қалт жібермей тындап, ел аузындағы үтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сактап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру-тұрмыстық дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен "Өнерді үйрен де, жирен", "Жігітке жетпіс өнер де аз", "Шебердің қолы ортақ", "Жауда жұрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым" сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мүндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортак, мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін, түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан "бірауызды" болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулык одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі түрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындыры еске алынды. Мәселен, көшпелі халық кыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сүлулық пен іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті "қыз мінезді жігіт екен" дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріл жатқан терең саяси-экономикалық өзгерістер халкымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен өдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бұкіл болмыс-бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері - қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана төн біртүтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы өдет-ғұрпымен салт-дәстүр, жөн-жосық, жол -жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бөз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айрылған, "қой мінезді" момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндагы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамга деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен, куғын-сүргінге үшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер үрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дүшпанның кабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, "мың өліп, мың тірілген" кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық-біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыдың ұлттық мақтанышы.
"Бүрынғы уақытта- деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов "Қазақтың өзгеше мінездері" деген мақаласында; - қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен”- дейді.
Қазақ халқы сонау есте жоқ ескі заманнан өзінің қадыр-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандырып келген ел. Сондықтан да қазіргі үрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас ұрпақтар осы рухта тәрбиеленулері тиіс.
Ұлттық психологияның құрылымдық элементтерінің күрделі әрі маңыздыларының бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлықты халықтардың өзі жасаған тарихтағы материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп. түсінеміз.Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады.
Ұлттардың мінез- құлқы олардың тарихи өмірінің нәтижесі.
Ұлттық мінез – құлық қоғамдық ортада, белгілі бір оқиғаларға, қоғамдық өндірістік т.б. объективті құбылыстарға сәйкес қалыптасатын болды. Қоғам ұлттардан, ұлт таптардан құралады, сондықтан да ұлттық мінез-құлықты таптық процестен бөлек қарауға болмайды.
Үстем тап өкілдерінің мінез-құлықтары әлеуметтік жағдайларына сай қалыптасады. Мысалы, өз уақытысында қазақтың демократ ақыны Абай Құнанбаев бай мансаптардың, ата мінерлердің, болыс билердің мінез-құлықтарын өткір сынаған. Оларға тән жаны ашымаушылық, қатыгездік, сараңдық тәрізді қасиеттерді аяусыз мінеп отырған болатын.
Ұлттық мінез-құлықты кейбір зерттеушілер адамдардың темпераментімен шатастырады. И.И.Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің/сангвиниктік, флегматиктік, холериктік және меланхлоликтік типтерді адамдардың жоғарғы жүйке системасының жұмысына байланысты болатындығы белгілі. Ал ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.
Ұлттық мінез-құлықты сақтаушы және алып жүретін халық, еңбекші бұқара. Халықтан тыс ұлттық мінез-құлық жойыла бастайды. Кез келген халықтың өкілі өзінің туған халқымен / эмиграция т.б. болып / байланысын үзсе, онда, алдымен өзі араласқан жергілікті халықтың тілін үйренеді, содан соң халықтың мінез-құлқының қасиеттерін бойына сіңіріп, қабылдай бастайды.
Сонымен ұлттық мінез-құлық дегеніміз халықтың қоғамдық-өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі жалпы барлық халыққа тән / және ерекше қасиеттердің бірлігі.
Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ой-сезімді, мінез –құлық пен көңіл-күйді білдіріп, эмоциялық халді жеткізе аламыз. Әрбір халықтың өз теңдеулері, метафорлары, марал-мәтелдері бар. Олар сол халыққа тән, оның тарихи дамуының жолдары мен өміріне, табиғатына және өздері дағдыланған тұрмыстық жағдайларына байланысты шыққан.
Ұлттық мінез-құлықтың байқалатын белгілерінің бірі – ұлттық көзқарас. Көзқарастар мен нанымдардың жүйесі ұлттардың мінез-құлықтарының идеологиялық және дүние танымдық жақтары болып саналады.
Ұлттық психологияның өзіндік маңызы бар және өте күрделі құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық - сезім болып есептеледі. Ұлттық сезім халықтардың өмірінде ерекше маңызды орын алады. Әсіресе, адамдардың рухани келбетін қалыптастыруда және дамытуда, интернационалдық тәрбиелеуде зор маңызы бар.
Ұлттық сезім әлеуметтік-психологиялық күрделі құрылым бола тұра, ол негізінен таптардың экономикалық жағдайы мен материялдық мүдделері арқылы дамиды.
Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана – сезім. Ұлттық сана – сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.
Ұлттардың сана-сезімдерінің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар алкен роль атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің жетілуіне ерекшке әсер ететін көңіл-күй, оқиғалар бейнеленеді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халықтарының тарихына үніле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге келтіреді.
Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі – ол ұлттық әдет ғұрыптар, дәстүрлер болып саналады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді.
Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін салт-жораларын ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбестей болып қалыптасады. Әрине, халықтар өмірінің деңгейі өзгеруіне сәйкес дәстүрлер де ауысады, дамиды.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы-2002 ж.
Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы-1992 ж.
Қосымша
Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы-1992 ж.
Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы-1993 ж.
Ж.Аймауытов. Психология. Алматы-1995 ж.
В.В. Богословский редакциясымен. Жалпы психология. Алматы-2002 ж.
С.Елеусізова. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы-1995 ж.
А.Құдиярова. Ортақтасу психологиясы. Алматы-2002 ж.
Қ.Жарықбаев,О.Озғанбаев. Жантануға кіріспе. Алматы-2000 ж.
Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы-1996 ж.
Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.
М.Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Алматы-1980 ж.
В.Шабельников.Психика функциялық жүйе. Алматы-1998 ж.
Қ.Жарықбаев. А.Абдрахманов. Психологиялық қазақша-орысша сөздік. Алматы-1976 ж
Достарыңызбен бөлісу: |