Лекция: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет2/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,78 Mb.
#21559
түріЛекция
1   2   3   4

3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері


“Қазақ музыка әдебиеті” пәнін меңгеру үшін студенттер “Музыкалық этнография”, “Музыка өнеріне кіріспе”, пәндерінің бағдарламаларын білуі керек.

Аталған курсты оқып үйрену “Қазақ музыка тарихы”, “Музыкалық білім тарихы мен теориясы”, және т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.



Мазмұны





  1. Абстракт ...........................................................................................5

  2. Курстың мақсаты мен міндет. ........................................................5

  3. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .................................................6

  4. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет............................6

  5. Студентке арналған ережелер ........................................................6

  6. Оқу сағаттарының кредитке мәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі................................................................................................7

  7. Лекция сабақтары..............................................................................9

  8. Семинар сабақтарының жоспары, мазмұны ...............................19

  9. СӨЖ-жоспары, мазмұны .................................................................21

  10. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері...............................23

а) тестілік саулнамалар

  1. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі .....................................................30

  2. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау

жүйесі...................................................................................................31

  1. Пән бойынша оқу порцесінің картасы..............................................32



  1. АБСТРАКТ

Оқу-әдістемелік кешені “Қазақ музыка әдебиеті” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ЛС - Лекциялық сабақтар

СС – семинар сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.


2. “Қазақ музыка әдебиеті” пәнінің мақсаты мен міндеттері

Еліміз егемендік жолына түскелі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлтттық музыкалық мәдениетімізді тереңірек игеріп оқытудың маңызы артып отыр. Осыған орай бұл пән музыка тарихынан Жан-жақты біліші бар, сол білімін келешекте ұстаздық қызметінде мектеб оқушыларына жеткізе алатын, өз бетінше музыкалық әдебиеттерді оқып игеретін жас мамандарды тәрбиелеуді көздейді.



    • Кәсіби муыка өнерінің туу, даму, ерекшеліктеріне байланысты ұғым алу;

    • Ұлттық музыкалық үн-әуен туралы біліші болу;

    • Ұлттық музыка өнеріміздің көркемдік ерекшеліктері туралы тиянақты білім алып, он тәжірибеде қолдану;

    • Пәнің мәні мен маңызын көрсете алу.



3. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

лекция

практика

СӨЖ

ӨБСӨЖ

1

45

18

16

11

-

4

емтихан


4. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Лекция - студентке тақырыпты игеруде назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.


Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ойлауға әрекет ететін әдіс-тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ – студенттің өзіндің жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

5. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келуі керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесәне сәйкес өтіледі.

  6. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


6. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША

Б Ө Л І Н У К Е С Т Е С І




Лекцияның тақырыбы

лекция

семинар

СӨЖ


1

Кіріспе. А.Жұбанов – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы.

2

2

2

2

Е. Брусиловський шығармашылығы.

2

2

2

3

Л.Хамидидің композиторлық шығармашылығы.

2

2

1

4

М.Төлебаев – композитор – класик.

2

2

1

5

Қ.Қожамьяров – ұйғыр халқының алғашқы кәсіби композиторы.

2

1

1

6

С.Мұхамеджановтың композиторлық шығармашылығы.

2

2

1

7

Е.Рахмадиев шығармашылығы.

2

1

1

8

Ғ.Жұбанова шығармашылығы

2

2

1

9

Қазқстан жас композиторларының шығармашылығы.

2

2

1




Барлығы

18

16

11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Қазақ музыка әдебиеті” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ



7. Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы

№ 1 Практика.


Тақырыбы: Кіріспе. А.Жұбанов – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы
Жоспары:

  1. А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы.

  2. Қазақ кәсіби музыка өнерінің дамуындағы А.Жұбановтың алатын орны.

  3. А.Жұбановтыңұйымдастырушылық қызметі.

  4. Музыкалық көркем шығармашылығы. «Абай» операсы.

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың сарқылмас өнерінің дарынды халқынының нұрына бөленген жаңа дәуірде жарқырап шыға келуі – кездейсоқ жағдай емес еді.Ахмет Жұбанов Ақтөбеоблысының Жұрын ауданында орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. Өнерге деген ынтасы жас кезінен оянған Ахмет үлкендердің көмегімен домбыралда, мандолинада. Балалайка, гитара, скрипкада әуесқойлық әрекетімен ойнауды үйренеді. Мектепте оқушыбалалардың халық аспаптар оркестріін ұйымдастырсам депарман етеді.

1925 жылы Ахмет Ақтөбе қаласында мұғалімдер даярлайтынбір айлық курсты бітіріп, өзі өскен ауданында ұстаздық қызметін атқара жүрып, жастардың драма, музыка үйірмелерін ұйымдастырып, басқарады.

Болашақ композитор өз естелігінде болашағы туралы былай деп жазды: «... қысқасын айтқанда, А.В.Затаевичтің қазақ әндері жинағымен танысқаным – келешек өмір тағдырырынңғ 18 процентін шешекендей көрініп, бес-алты айдын соң Ленинградқа баратын поезд үстіндежолда болдым».

Ленинград консерваториясында оқи жүріп,1932 жылы көркемөнер академиясы жанынан ашылған аспирантураға ауысады. Бірақ Алматыда жаңадан музыкалы техникумы ашылып, сабақберетін, басқаратын мамандардың жоқтығынан Ахметті республика халық ағарту комиссариаты 1933 жылы аспирантурасын бітіртпей шақырып алады.

Міне, содан бастап Ахмет Жұбанов техникумныңоқу бөлімін меңгере жүріп, музыкалық-эксперименттікшеберхана мен Құрманғазы атындағы қазақтың ұлттық аспаптар оркестрінің негізінқұрады.1936ж. «еңбегі сіңген», 1944 ж. «халық артисі», консерватория ректоры, профессоры, өнер тану ғылым докторы, «Қазақтсан Ғылым академиясының академигі» деен құрметті атақтарға ие болды. Ахмет Жұбанов қазақ жастарының музыкалы-эстетикалық сауатын ашу мақсатымен «Музыка әліппесі» (1933), «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы» (1942), «Ғасырлар пернесі» (1958), «Замана бұлбұлдары» (1963), «Құрманғазы» (1960), «Музыкадағы алғашқы қадам» (1964), т.б. көлемді ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, опера, драма, музыка, поэмалар, сюиталар, романстар, ария, хорлар, әндер жазды. Атап айтсақ «Қарлығаш», «Отан туралы жыр», «Ақшолпан», «Москва», «Жста әні», «Алатау», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Жайна, жайна, өмірім» жастадың санасына, ойынан орын алған қанатты әндер.

Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы халқымыздың мақтанышы, болашақ жастардың тәлім-тәрбиесіне жүйелі музыкалық-теориялық әрі музыкалық - тарихи білім беретін бағасы жоқ музыкалық-педагогикалық еңбек.

1947 жылы театр сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің Ұлы Отан соғысындағы аты шыққан Панфилов дивизиясының батырлығын көрсеткен «Төлеген Тоқтаров» атты операсы қойылды. Композитор-ғалымның өнер, мәдениет саласындағы тағы бір батырлығы өзінің замандас құрдасы Л.Хамиди бірлесіп, халқымызға эстетикалық ескерткіш ретінде М.Әуезовтың либреттосына «Абай» (1944) операсын жазып табыстағанында деп қабылдауымыз қажет.Осы опера үшін 1978 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.»Төлеген Тоқтаров» (1947), Л.Хамидимен бірлесіп «Отаным», «Ақ желкен», «Біздің ел», «Күлкім-Москва», «Отантуралы ән», «Жылқышы», «Лирикалық ән», «Қарлығаш», «Серт», «Майданнан хат», «Ақ көгершін»әндері мен хорға арнап жазған шығармалры аға, орта буындардың есінде. Жастарда сол бағытта «»Тәжік биі, «Қазақ биі», «Ария», «Романс», «Көктем» аспаптық шығармалыр, «ТөлегенТоқтаров», «Абай» атты симфониялық поэмалары мен «Құрманғазы», қызы Ғ.Жұбанованың аяқтаған (1970) радио-операсын т.б. драма,киноға жазған музыкалық жаттап, оқып, зерттеп білуде.


№2 Практика
Тақырыбы: Евгений Григорьевич Брусиловский шығармашылығы.
Жоспары:

  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Опералық туындылары.

  3. Алғашқы қазақ опералары ( «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»)

  4. Композитор шығармаларындағы «цитаталық» тәсіл мен шығармашылық дәстүр.

1933 жылы Ленингардтың Композиторлар Одағының жауапты хатшысының ұсынуы бойынша сол Ленинградтың консерваториясын үздік юітірген (1931ж.) Е.Г.Брусиловский Қазақстанға жіберілді.

Ол келісмімен қазақтың профессионалдық өнер мектебін ашуға барлық күш-жігерін жұмсап, тұңғыш музыкалы-дарамалы спектакльдер жаза бастайды.

Жас композитор өзінің қызметін Алматының музыкалы-драма техникумының жанындағы ғылыми зерттеу музыкалық кабинетінің қызметкері болып бастайды. Е.В.Брусиловскийге келісімен түрлі қиындықтарды басынан кешіруге тура келеді. Себебі, А.В.Затаевич пен Б.Г.Ерзаковичтің бастырып шығарған халық әндері менкүй жинақтарынан басқа ешбір зерттеу еңбектері жоқ болатын. Өнердің қайбір саласы болмасын профессионалды білімі бар жастардың жоқтығы үнемі сехіліп тұрды.

Е.Г.Брусиловский жалпы жас қазақ өнерінің біінші қадамына елеулі еңбктерін сіңіре отырып, композиторлық жұмыс пен қатар түрлі ұйымдастыру және музыка зерттеу қызметтерімен шұғылданды. Композитордың көп қажымай-талмай сіңіргент еңбегінің арқасында, ол қазақтың шебер қол тимеген тың музыкалық мұрасымен танысып, түрлі музыкалы аспаптарға, дауысқа арнап алық әндері мен күйлерін өңдей бастайды. Брусиловскийдің бірінші өңдеген халық күйі «Кеңес» екі домбыра мен фортепианоға түсірілді. Екі жылдың ішінде Е.Г.Брусиловский 250-дей әндер мен күйлерді жазып, өңдейді. Бұл шебер өңдеулеінде композитор қазақ халықының өзіне тән музыкалық әуенін, ырғағын сақтай білді.

Е.Г.Брусилоский жаңадан құрылған театр ұыжымын музыканың негіздері мен лкасиикалық опера өнерінің ерекшеліктерімен таныстырып, қолынан келген жәрдемін тигізді. Міне, осы 1934 жылдан бастап композитор Е.Г.Брусиловскийдің өмірі осы опера және балет театрының өмірімен тығыз байланысты болып келеді.

1938 жылға дейін Е.Г.Брусиловский осы театрдың осы театрдың көркемдік жағынбасқара жүріп, төрт қазақ операсын жазды.

«Айман-Шолпан» сахнада табысты өтумен рухтанған театр ұжымы алғашқы опералық туындыларын – «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғынды» (1936) республика жұртшылығына көрсете бастады. Осы жоғарыда айтылған операларына Брусиловский халық әндері мен күйлерін арқау етті. Ол орыстың классикалық операларын жазылу тәжірибесіне сүйене отырып, театрдың өнер ұжымымен бірге мазмұны жағынан әрбір кейіпкердің ойнайтын орнына лайықты әндерді іріктеп ала білді. Мұның өзінде операға пайдаланылған әндер мен күйлердің негізгі әуені сақталды .

«Қыз Жібек» және «Жалбыр» операларында құйқылжыта орындалған қазақәндері мен күйлері тыңдаушылардың алдында қазақтың халықтық музыка музыка өнерінің аса бай қазынасын ашып салды» - деп жазды, Ресей композиторы Р.М.Глэр. Шеберлікке жетілген композиторлар үшін қазатың музыкалық фольклоры саласында жұмыс істеудің болашағы ерекше зор болмақ. «Қыз Жібек» операсы қазақ қызыныңы аңсаған бас бостандығын баяндайды. Жібектің ұнатқан ғашық жары Төлеген, онымен бақталас қарақшы батыр Бекежан арасындағы қым-қиғаш тартыс көрсетіледі. Жібектің ән тақырыбыретінде операда халық композиторы Ыбырайдың «Гәкку» әні, қырық жол жүріп, сүйген жарын іздеген Төлегенге халық әні «Қаракөз» ария-ән ретінде берілген.Жібек пен Төлегеннің ортасындағы қара ниетті Беекежан тақырыбы – халық әні «Ақ құм». Төлегенді түн жамылған қапыда садақпен атып өлтірген опасыз қарақшы Бекежан мен сүйіспеншілік жолында дүние салған сұлу Жібек сахнасы қайғылы қасіретпен бітеді.

Музыкалық-драмалық, тарихи-лирикалық дастан-опера қазақ мәдениетінің бағасы жоқ алтын жұлдыздай, шоқтығы иік қаншама дүркін жастарымыздың музыкалық-эстетикалық тағамын тәрбиелеп, қанаттандырып, сусындандырып жатқан мөлдір махаббат бұлағы – «Қыз Жібек» операсының тікелей әсері деп білеміз.

«Жалбыр» опеасында 1916 жылғы қазақтың жұмысшы шаруаларының Жалбыр төңірегіне жиналғаны, қолдарына кару ұстап, бай-сұлтандар мен орыс патшасына қарсы күрескедігі, тарихи шындығы музыкалы – драма тілімен көрсетіліп баяндалады.

Негізгі оқиғалар арасында Жалбырдың жан досы Елемес пен оның сүйген жары Хадиша образдарыда көрсетіледі. Сұрапыл соғыста қаза тапқан жан жолдасы Елеместііздеп Хадиша жоқтау әнінайтады. Төңкеріс дауылының күштілігінен қазақ қызы Хадиша сарбаздар қатарына қосылып қару ұстайды. Бірақ күтпеген жерден Хадишада жау оғына ұшып, құрбан болады. Операның соңында Елемес пен Хадиша ерлігін көріп, барлық көтерілісшілер болып қайғылы терең сезімде «Елім-ай» әнін жоқтау ретінде айтып, болшақты аңсап, «Жеңіс алда», «Біз жеңеміз» деп ұран көтереді. Ер азаматтар Жалбыр, Хадиша, Елемес образдары халқымыздың, әсіресе сол кездегі жастардың елді, жерді, Отанды сүю, қорғай сезімдерін тәрбиелеуге тікелей ықпалын тигізетіндігін Ұлы Отан соғысы дәлеледеп бергендігінде дау жоқ. «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары 1936 жылы май айында Мәскеуде болған бірінші өнер онкүндігінде, 1937 жылы енинградта жасалған сапарда жоғары бағаланды. «Қазақтың мемлекеттік опера театрының спектакльдері, көркемдігі, күшті және шеберлігі жағынан адамның есінен кетпейтін туындыекен», - деп жазды орыстың ұлы актеры В.И.Качалов. Қазақ хылық ауыз әдебиетінде Ер Тарғын халық арасынан шыққан батыр, байлар мен хандарға халықатынанқарсы тұрған бас кейіпкер болып көрсетілген. Операда Ер Тарғын, оның сүйген жары Дана және Ханзада, ханның қызы Ақжүніс орталықобраздар етіліп алынған. Қазақтың халық әні «Алты басар» Тарынның бастапқы ариясы - ән ретінде айтылады. «Жылқылы бай» деген әнді Ер Тарғын Ақшаханның ордасында, сүйген қызы Дананы босатуға барғанда өзімен бақталас қарт Қожаққа жауап ретінде айтады.

Операда Ақжүніс образы аса жігерлі, айлалы, зұлым хан қызы ретінде берілген. Операның соңында жаудан кегін алған халық батыры Ер Тарғыг сүйген жары Дананы босатып, ел-жұрты адында сатанатты жеңіске жетеді.

«Ер Тарғын» операсының жаңа дәуірдегі сахнадан орын алып, музыкалы драма тілімен тыңдаушыларымен үндесіп, қарым атынаста болуы халқымыздың ойынан шығып, жас ұрпақтарды өз халқын, Отанын қорғауға тәрбиелейтін теңдесі жоқ музыка дастаны болып отырғаны қуанышты жай. Қазақхалық арасынан Шолпан жұлдыздай жарқырап шығып, «Одақтың халық әртісі» атағын 24 жасында алған.


№3 Практика.
Тақырыбы: Л.Хамидидің композиторлық шығармашылығы.
Жоспары:

  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Опералық шығармалары ( «Абай», «Т.Тоқтаров»).

  3. Вокалдық шығармашылығы.

  4. Қазақ музыкасында вальс жанрының негізін қалаушы.

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – қазақ совет композиторы, педагог, қоғам қайраткері, Қаз ССР халық артисі (1966), СССР Композиторлар Одағының мүшесі (1939). Кедей шаруа жанұясында туған. Ұлты татар. 1926 жылы Ташкенттегі халық ағарту институтын, 1931 жылы Мосвканың бірінші музыка техникумын, 1938 жылы Москва консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірді. Ұстаздары. Л.Л.Яворский, Г.И.Литинсикй .А.С.Элюхин (1938). Қазақтың халық аспаптар оркестірінң дирижеры болды. 1942 жылы қазақтың П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, 1944 жылдан қазақ консерваториясында ұстаздық етеді. 20 жылдары ән шығара бастаған Хамидидің есімі 30 жылдары халық арасына кең танылды. Композитор Қызыл Армияның 15 жылдығына арнап «Қызыл қыран» мен «Бес жылдықтың ерлері» атты әнін жазды. «Отанға ант», «Қазақстан», «Отан» атты вокалдық туындылаында туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін, қазақтың кең даласын, оның тамаша табиғатын бейнелейді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1941-1945 жазған патриоттықтық сезімге, ыза мен кекке толы әнедрі («Аттаныңдар майданға», «8 гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен») халықты қаһармандық сезімге бөледі. Хамиди қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізді. Композитордың көпшілікке кеңінен тараған «Қазақ вальсі» (1940 сөзі С.Мұханов) мен «Бұлбұлы» (1945 сөзі Н.Баймұхамедовтікі) дүние жүзі сахналарында шырқалды.

Хамиди бұлардан басқада әсем әуенмен ерекшеленетін вальстер, хорлар, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық аспаптық шығармалар, спектакльдер мен кино фильмдерге музыка жазады. Отан туралы әндері лирикалық тебреніске құрылса, бейбітшілікпен тың игеруге арналған әндері пафосы, жеңіс шаттығы еседі. Жасөспірімдер үшін шығармған әндерінде балалардың ерке де, еркін үнін, шаттыққа толы өмірін паш етеді. Қазан Революциясының 50 жылдығына арнап домбыра мен оркестр үшін концерт «Жарқын жаз» атты хор сюитасын жазды. Ол қазақтың опера өнерін өркендетуде үлкен үлес қосты. «Абай» (1944 А.Қ.Жұбановпен бірге), «Төлеген Тоқтаров» (1947 А.Қ.Жұбановпен бірге), «Жамбыл» (1949) операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» (1946) музыкалық пьесасын , «Балбұлақ» (1948) опереттасын жазды. «Абай» операсында бай-болыстардың озбырлық іс-әрекетіне, ескіліктің шырмауымен, шариғатшатпағына қарсы күрескен Абайдың музыкалық образын жасады. «Домбыра үйрену мектебі» (Б.Ғизатовпен бірге), «Дирижерлық етудің негіздері» (Хамиди Тастановпен бірге) т.б. еңбектері бар. Сондай-ақ халық музыкасын жинауда да елеулі еңбек етті.
№4 Практика.
Тақырыбы: Мұхан Төлебаев – композитор – классик
Жоспары:


  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Алғашқы көркем шығармалары.

  3. Опералық шығармашылығы «Біржан-сара» операсы.

  4. Музыкалық стиль ерекшеліктері.

Мұхан Төлебаев 1913 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Қарашағай ауылында кедей шаруаның отбасында туған. Баланың келешегіне бірден-бір пайдалы ықпалын тигізген әнші анасы мен атағы шыққан домбырашы-ақын ағасы АпырбайӘуелбаев болды. Ол 1933 жылы өз аудан орталығында әуесқойлық театр ұйымдастырып, 1934 жылы Бүкіл қазақстандық халық өнерпаздары слетіне қатысады. Мұханның келешегі сол үлкен өнер жиынында шешіледі.

Өнерлі баланың еңбегін жоғары бағалаған Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев, Евгений Брусиловский айтқан ағалық ақыл арқасында ол өз замандастарымен бірге Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақтың жастарына арналған музыкалық студиясының ән бөліміне жіберіледі. Талапты жас Мұхан көр ұзамай студияның композиторлық бөліміне көшіп, атақты композитор – теоретиктер П.С.Шехтер, Р.М.Глиэр сияқты өнер иелерінен сабақ алады.

Композитордың «Біржан-Сара» операсы, «Қазақстан» атты симфониялық поэмасы, «Қазақстан оттары» кантатасы, көптеген әндер мен романстар, туындылары бар. «Кестелі ормал», «Баян ауыл вальсі», «Шаңғышылар әні» жастардың сүйсініп айтатын әндері.

Ал «Біржан - Сара» операсының қазақ музыка мәдениетіндегі орны ерекше. Ол тек Республика жұртылығына ғана ұнап қоймай, талғамы күшті Мәскеу көрермендерінің үлкен сынынан өтеді, композиторға бас кейіпкерді атқарған өнер адамдарына Одақтың халық әртісі, Мемлекеттік сыйықтар берілді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, Мұхан өзі сұранып Москва жасақшыларымен бірге майданға аттанда.ы Дансаулығының нашарлығынан 1941 жылдың күзінде Мұхан Алматыға оралып, өзінің сүйген мамандыға қызыға кіріседі.

1941-1946 жылдары Мұхан композитор Е.Г.Брусиловскийдің көмегімен композиторлық шығармашылығын шыңдай түсіп, көптеген көркем шығармалардың авторы болды. 1947 жылы жас композитор Москваның консерваториясына қайта түсіп, профессор Н.Я.Маяковскийдің класында оқып, оны 1951 жылы үздік бітіріп қайтады. Композитордың әр жақты шығармашылығы құлашын кең сермеп, өнері арта береді.

1944 жылы Е.Брусиловский мен бірге «Аманкелді», ал 1946 жылы «Біржан - Сара» операсын, «Қазақстан» атты симфониялық поэма, хор үшін сюита, «Қазақстан оттары» атты кантатасын солист пен хорға және симфониялық оркестр үшін жазылған, сонымен қатар, көптеген әндер мен ролманстарды жарыққа шығарды.Композитор шығаромаларының негізгі нысанасы мен арқауы, қазақ халқының бүгінгі таңда қол жеткен табысы мен мен бақыты болып келеді.

Қазақ халқының арасынан суырылып шыққан композитордың осы операсы үлкеншығармашылық шаьытпен сахнаға қойылып, тек республика жұртышығы емес, сонымен қатар Мәскеу көреремендерінің үлкен сынынан өтіп, 1948 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа дәуірде кәсіптік халық музыкасының өрлеп дамуы арқасында, бұрын-соңды көрмеген опералық өнер жанырынң пайда болғанына аз уақыт өткеніне қарамастан, үлкен жетістікке жеткен көркем өнеріміздің кейір салаларының бардық тарамдары пайда болып, жаңарған дәуірдің артықшылығының мықты кепілінің бірі еді.

М.Төлебаевтың Е.Г.Брусиловсикй жіне Л.Д.Хамидимен бірлесіп Қазақ ССР-ның әнұранын жазуда да айтырлықтай үлесі болды. Композтор тек шығармашылық қызметпен шұғылданыпқоймай, ол көпшілік, қоғамдық, басқару, ұйымдастыру қызметіне де тікелей белсене қатынасып жүрді. Мұхан 1948 жылдан бастап СССр Компоиторлар Одағының мүшесі және Қазақ ССР-ының композиторлар Одағы басқармасының бастығы болып сайланды. Мұхан біраз уақыт қазақтың Мемлекеттік Академиялық Опера және балет театрының директоры болып бірааз ылдар бойы Қазақстан КомпозиторларОдағының төрағасы қызметін атқарады.

Республиканыңмузыкалық мәдениетін өркендетудегі сіірген еңбектерін бағалай келіп, үкімет пен партия М.Төлебаевқа 1945 жылы «Қазақ ССР-ының көркемөнеріне еңбек сіңірген қайраткері» атағын, 1951 жылы Қазақ ССР-ының Жоғарғы Советінің депутаттығына сайлап, 1958 жылы болған екінші он күндігінде үлкен шығармашылық жетістікпен келгендігі үшін, композиторға «Советтер Одағының халық әртісі» құрметті атақ беілді.

Одақтың Халық әртісі халық арасынан суырылып шығып, халық үішін еңбек етіп, көптеген көркем шығармаларды қазақ музыка мәдениетінің алтын хорына берді. Өмірінің соңғы жылдарында Мұхан Төлебаев «ҚозыКөрпеш – Баян сұлу» атты операсын жазып жүріп, операны аяқтай алмайды. Композитордың қаламынан жасөспірім балалар мен студенттерге арнап жазған «Таня туралы ән», «Жарық», «Соқ барабан», «Жастар вальсі», «Кестелі орамал», «Тос, мені, тос», «Көп жүрдім» т.б. атты әндеріңн айтуға болады. Бұл әндердің идеясы мен басты образдар, жастық өмірдің алдыңғы қатарында келе жатқан балалар мен жастардың бейнесі, оның еңбегі мен бақыты, сонымен қатар ұлттар достығы мен қазақ жастарының келешегі жырланады. Романс жанрының дамуына «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын». «Ой» атты Абай сөздеріне жазылған шығармалар дәлел.

М.Төлебаевтыңшығармаларынығ еңкінші саласы күделі жанрлы туындылар. Скрипка мен симфониялы оркестрге жазға «Поэма», Е.Г.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсы, «Біржан-Сара» операсы,қазақтың опералы өнер саласының шоқтығы биік дәрежесіне бағаланды.

№ 5 Лекция.


Тақырыбы: Қ.Қожамьяров – ұйғыр халқының алғашқы кәсіби композиторы.
Жоспары:

  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Ризвангул» симфониялық поэмасы.

  3. Опера, балет жанрындағы туындылар.

  4. Симфония, концерт, хор және камералық шығармалар.

Қазқтың музыка мәдениетіне елеулі үлесін қосып, композиторлық шығармашылығымен қабат ұстаздық әрі ұйымдастырушы өнерқайраткері болыптанылған. Қуддус Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданының, Қайназар ауылында 1918 жылы 21 мамырда дүниеге келіп, кедей шаруаның отбасында өсіп жетілді.

Қазақстанның басқа ұлттары секілді ұйғыр халқының профессионалды музыкалы мәдениеті жаңа дәуірде дами бастады. Өз халқының музыкасын терең сезінетін Қуддус сәбилік кезінен-ақ әнге, түрлі музыкалық аспаптарға деген құмарлығының арқасында да 1934 жылы Алматының музыка училищесінің фортепиано бөліміне түседі. 1940-1946 жылы Кеңес Армиясының қатарында болып, 1946 жылы өзінің алғашқы арманын іске асыру мақсатымен Алматының мемлекеттік консерваториясында профессор Е.Г:Брусиловскийдің класына түсіп, композиторлық мамандығын 1951 жылы бітіреді

Композитор қалаынантуған ірі шығармалардан»Назугум» атты опера, «Ұйғыр колхозындағы кеш» атты әншілер мен хор, симфониялық оркетрге арналған үлкен көлемді 4 бөлімді сюита, көптеген әндер, романстар, трио, квартет, сонаталар бар. «Ризвангуль» атты симфониялық поэмасы үшін композиторға Мемлекеттік сыйлық берілді. Ол композиторлық өмірімен қатар Қазақ ССР-ыныңөнеріне еңбегі сіңген қоғам қайраткері ретінде де танылды. 1957-1967 жылдары өзі оқып бітірген консерваторияның ректоры, 1955-1959 жылдары Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы болып, 1965 жылдан консерватория профессор, кафедра меңгерушісі болып, болшақ жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбектенді. Жас бөбектерге, мектеп жасындағы балаларға, студент жастарға арнап жазған шығармалары көп. Соның ішінде: «Бөбегім», «Альпинистер маршы», «Ұлы Отан», «Біз бақытты баламыз», «Көктем», «Жазғы саяхат жыры», «Кім болам?» атты әндері бар. 1987 жылы СССР Халық артисі, 1965 жылы консерваторияның профессоры атақтарының иегері «Чин Томур» (1968)балетін, «Алтын таулар» (1960 жылы Н.Тілендиевпен бірге), «Садыр палуан» (1977) операларын жазды. «Бостандық туралы ән» (1954) симфониялық поэма, «Гүлден Жетісу» (1970) ораториясын, «А.А.Розыбакиевті еске алу» симфониясы (1971), Үшінші симфония (1989), т.б. шыармалар жазды. Қаз ССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1955-1959 жылдары Композиторлар Одағының төрағасы, Жоғарғы Кенңес депутаттығына сайланады.


№6 Практика
Тақырыбы: С.Мұхамеджановтың композиторлық шығармашылығы
Жоспары:

  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Опералық туындылары. ( «Айсұлу», «Ақан сері Ақтоқты»).

  3. Жанрлық драматургиялық ерекшеліктері.

  4. «Ғасырлар үні» ораториясының көркемдік стильдік ерекшеліктері.

Сыдық Мұхамеджанов 1924 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында кедей-шаруаның отбасында туып-өсті. Сыдықтың ата-анасы отбасы жағдайына байланысты түпкілікті тұрғын жерін ауыстырып, Жамбыл қаласына көшіп келеді. 1940 жылы Сыдық жеті жылдық мектепті бітіріп, Алматыға үш айлық көркемөнерлер үйірмелерін басқаратын дайындық курсынажіберіледі. Себебі, Сыдық мектеп жанында жүріп домбыра шертіп, ән салып көркемөнер үйірмелерін басқарып жүреті. Мектеп жанында Сыдық өзінше музыкалық заңдармен танысуға әрекеттенеді, бірақ білетін кісінің көмегінсіз айтарлықтай жетістікке жете алмайды.

Алматыда дайындық курсының сабағын алып жүріп Сыдықтың көптен бері күткені алдынан шыққандай, хор дирижеры В.Б.Лебедьевтің түсіндіруі бойынша «музыка теориясы», «сольфеджио» деген музыка саьақтарын алып, сауатын тереңдете түседі.

1943 жылы Сыдық орта мектепті бітіріп, Алматы музыка училищесінің тарихи композиторлық бөліміне түсіп оқып жүргенде, денсаулығының нашарлығынан 1946 жылы Жамбылға қайта оралады.

1947 жылдан 1949 жылға дейін Мұхамеджанов Жамбылда концерттік-эстарада бюросында, сонымен қатар мектептеде көркемөнер үйірмелерінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1949жылы бастаған оқуы Сыдық ойдағыдай бітіріп, 1950жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерватоияның композиторлық бөліміне композитор Е.Г.Брусиловскийдің класына қабылданады.

Болашақкомпозитор жеті жылдық мектеп жанында оқып жүріп аздап ән шығартын. Өзінің музыкалық қабілеті келешекте өз халқының мақтанышы болтыны да оның ойны келмеген болатын.

1940 жылдан бастап жас композитор 60 жақын әндер мен романстар, 15 аспаптық пьесалар, екі көлемді оркестрге арналған шығарма, бірнеше драмалы пьесаларға музыка және хор үшін өңдеген шығармалар мен «Балхадиша» тақырыбына жазған вариациялардың авторы болды.

С. Мұхамеджановтың әндерінің ішінен жастарға арналған «Құрбыма», «Көбелек», «Алақай», «Жаңа жыл» сияқты әндреді атап айтуға болады. Үздіксіз үйрену, шеберлігін арттыру үстінде С.Мұхамеджанов қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың өлеңдеріне ерекше көңіл аударып, қанатты әндердің жарыққа шығуына себепкер болады. Абайдың ырғақты, мазмұны терең өлеңдері композитордың жүрегіне ән салып «Жарқ етпес қара көңлі не қылсада» романсы, «Өзгегеге көңлім тоярсың», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Құлақтан кіріп бойды алар» әндері үлкен іздену еңбектіремен пайда болғанын білеміз.

1953 жылы Румын Респубилмкасының астансы Бухарестте бүкіл дүние жүзі халықтарының өкілдік жастарының ішінде Қазақстан жастары да бар еді.

VI Дүниежүзілік жастар мен студенттердің бас қосу мерекесінде өнерлі жарысқа түскен Қазақстанның Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің орындауында жиналған жастар бүгінгі өмір мен Отанның шаттық даңқын мадақтайтын көркем сазды «Шаттық Отаны» атты С.Мұхамеджановтың симфониялық күйімен таныстырылған болтын.

1960 жылыдың желтоқсан айыда композитор көп жылдар ішінде ізденіп, толғанып шығарған көп дауысты хор, жеке солистер мен симфониялық оркестр үшін жазылған сегіз бөлімді ораториясы тұңғыш рет орындалды. Сыншы өкілдердің алдында, оратория «Ғасырлар үні» деген атына мазмұны мен идеясын, сюжеті мен музыкалық тілі сай деген жақсы баға алды.

Шынында бұл тұңғыш оратория қазақ халқының өткен тарихи тағдырын, оның түнек пен теңсіздікте өткен өімірін, сонымен қатар халқы бастаған жеңімпаз нұр сәулесімен жарқыраған, қазақтың еңбекші қолдары тиген алтын өлкесін, кешегі Отан соғысы кезіндегі ана мен баланың қайғылы қасіретін және Қазақстан Респубилакасының шаттанған гимнін жырлайтын үлкен тарихи дастан болып қабыданды.

Авторн ораториясының әрбір бөліміне тарихи шындыққа байланысты бағдарламалы орынды аттар берген. Музыканың тіл байлығы, интонациясы, ырғағы ораторияның жеке бөлімдерінің аттарына байланысты сай келіп тұр.

С.Мұхамеджановтың әндері мен романстары бірі саздылығымен, бірі наздылығымен дүйім жұрттың көңіліне ұялап, қолқалар қалаулысына айналды. Астанада айтулы әншілер салатын Сыдық әндері қайда барсаң да қарсы алдыңнан шығады. Алыс жайлауда мал бақан жас шопан жапанды жаңғыртып «Шолпанымды» шырқайды. Қырманнан қайтқан қыз-келіншек «Тербеледі тың даланы» толқытады. Қоймаға астық әкеле жатқан шоферде «машинаның есігін айнадай ғып қоймаспе ем көңіл-күйін құйқылжытады...».

Бұл айтылған ойлар – күй тыңдаушы, ән сүйетін қауымның композитордың шығармашылығы деген бірауыз сөзі ғана емес, тербеліп шыққан терең жүрек сезімдері болып саналатындығында дау болмас.

«Ғасырлар үні» атты оратоиясының әр бөліміне қысқаша түсінік талдау.

Бірінші бөлімі – «Жыраудың балладасы». Бұл бөлімде ерте атам замандағы қазақ халқының езілген өмірін, қайғылы әнмен қарт жырау баян етеді.

Екінші бөлімі – «Шапқыншылық». Бұл бөлімде тыныш тек мал шарушылығымен айналысқан қазақ халқының кең байтақ алтын даласына баса көктеп кірген шапқыншылардың образы сипатталады.

Үшінші бөлімі – «Ақтабанды шұбырынды»деп аталатын тарихта белгілі шыпқыншылықтан соңғы жағдайсыз жер, күйзелген, қайғыға түскенел образы, қабырғасы қайысқан халық, ел-жұрттың аңсап, ежелгі «Елім-ай» әнімен, «Қосбасар»күйінің үні тыңдаушысын тебрентеді.

«Қазан әні» деп аталатын төртінші бөлімінде кенеттен музыка үнімен, желісі өзгеріп, көтерілген тұмандай «ақтабан шұбырынды» дәуірінен кейінгі бостандық, теңдік іздеген бұхара бейнеленеді.

Бесінші «Бесік жыры» деп аталатын бөлімінде бөлімнің атына сай сүйіспеншілік тақырыбы бейбіт өмірге жеткен қазақ жігіт-қыздарының жаңа заманда дүниеге келген жас нәрестесін анасы әлдилейді.

Құлақ қойып тыңдаушы ананың бесік жырына бөленгендей болып, бейбіт отырғанда музыканың үні кенет құбылып, «Жас қазақ» деп аталатын алтыншы бөліміне ауысқанын сезеді. Жайбарақат жаңарған құрылыс жеңіске жетіп, еңбек етіп жатқан қазақ халқының назары да Ұлы Отан соғысының кездейсоқ басталуына аударылады.

Жетінші «Еңбек мерекесі» деп аталатын бөлімінде, автор Ұлы Отан соғысының Ұлы жеңісінен кейінгі,дұшпанын тізе бүккізген қазақ халқының бейбіт еңбекке қайта оралғандығы бейнеленеді.

Ораторияның соңғы «Отан туралы гимн» атты сегізінші бөлімінде композитор болашаққа ұмтылған жастар қол ұстасып, еңбекте күресіп жатқан қазақ халқының алуан-алуан табыстарын жыр етеді.

Сонымен қатар, автордың опера сахнасына қойылған осы заман жастарының өмірін көрсететін, ауыл өмірінен алынған Қ.Шаңғытпаевтың либреттосы бойынша «Айсұлу» (1946), «Бекет» (1957), «Жұмбақ қыз» (1971), «Ақан сері-Ақтоқты» (1982) опералары сахна төрінен көрінді.

Халқымыз ізгі ниетпен, қуанышпен қабылдады.
№ 7 Практика.
Тақырыбы: Еркеғали Рахмадиев шығармашылығы.
Жоспары:


  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Опералық шығармалары («Қамарслу», «Алпамыс»).

  3. Аспаптық, камералық және вкокалды-хор шығармашылығы.

Қазақтың профессиналды музыка мәденитінің алғашқы стаздарының бірі Е.Г. Брусиловскийдің Алматыға келген кезеңі 1933 жылы боса, 1932 жылы Семей облысының Шұбарту ауданында сол композитордың болашақ шәкірті жай шаруаның отабасында Еркеғали атты сәби дүниеге келеді. Өз замандастары секілді ауылдың ән-күй, той думан, айтыс, жыр орындау ортасында өскен ерке бала көрген-білгендерін ойына, санысына терең қабылдап, өнерлі аға апаларынан ән салу, домбыра тару өнеріне қызыға өседі. «Талаптыға нұ жауар», - деп халқымыз бос айта қоймаған. Еркеғали өнерге деген талабын сезінген Бекен Жылысбаев, Құраманбек Жандарбеков пен Нұрғиса ағаларының назарына ілігіп, 1949 жылы Алматы музыкалық училищенің алғаш ұлт-аспаптар, музыка теориясы мен тарихы мамандығын қатар бітіріп, сол жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториянгың композиторлар даярлайтын бөлімінің студенті болып, профессор Е.Г.Брусиловскийдің жетекшілігімен 1957 жылы оқуын үздік бітіреді. Сол жылдары ол композиторлық шеберлігін арттыру мақсатымен екі жылдай Мәскеудегі СССР Композиторлар одағының жанындағы мамандығын жетілдіру курсында профессор Литинскийден дәріс алады.

1959 жылы Қазақфилормониясының көркемдік жетекшісі, мәдениет министрлігінде өнер басқарамасының бастығы, опера және балет театырының директоры, 1967-75 жылдары өзі оқып бітірген консерватория ректоры, сонымен қатар Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, 1979 жылдан консерватория профессоры қызметтерін атқарады.

Композитордың шығармашылығы жан-жақты болып келеді, романстары, күйлері, поэмалары, кантата симфониялық поэмалар, кино, драма музыкалары, операларының арқауы халықтық музыка тарихы мен музыкалы фольклорды шебер пайдалана білгенін байқау қиын емес. Аталған музыка жанрлаына өзінің лайықты жаңалық үлесін қоса білді.

Соның арқасында композитордың «Амангелді», «Толғау», «Дайрабай күйі», «Мейрам күйі», «Құдаша думан», «Ортпа» атты симфониялық поэмалары шет елдердің сахналарында орындалуы соның айғағы деп білеміз.

Кантаталары: «Сәлем саған Астана», «Мерекелік кантата».

Хорға арналған: «Балқаштағы кеш», «Көктем күні».

Әндері: «Таң самалы», «Туған ел», «Өз елім», «Шабыт».

Опералары: «Қамар сұлу» (1963), «Алпамыс» (1972), «Тең тынысы» (1980), «Абылай хан» (1999-2000).
№ 8 практика.
Тақырыбы: Ғазиза Жұбанова шағармашылығы

Жоспары:


  1. Өмірі мен шығармашылығы.

  2. Балет шығармалары («Ақ құс тураы аңыз», «Херосима»).

  3. Ораторииялары, камералық-аспаптық, хор шығармалары.

Алдыңғы әжесі Дина Нүрпейісова мен әкесі Ахмет Қуанұлының жолын ұстап, шығармашыығына еліктеп өскен Ғазиза әке мен шешенің тәрбиесін, арман-мақсатын толық орындай алды деуге болады. Өнер әлемінежас баланы, қызды баулу ата-анаға оңай келмейтін, көптеген жылдадың еңбек-тәрбиесінің нәтижесі екендігі ақиқат. Сондай-ақ еңбек тәрбиеге о баст амойынсынып, әкенің іс-әрекетіне құмарлық көрсетіп өскен Ғазиза Ақтөбе облысының Жұрын ауданы, Жаңатұрым ауылында дүниегег келеді.

Алғашқы музыка сауатын, әкенің домбыра, мандолино, гитара,скрипка ойынына қарап, тыңдап, өсе келе пианинода ойнау шеберлігіне мойынсынады. 1946 жылы Мәскеудегі Гнесиндер атындағы музыкалық училищесіне түсіп, оны 1949 жылы ойдағыдай бітіріп, сол жылы Мәскеу консерваториясының композиторлық бөліміне профессор Ю.А.Шапоринның жетекшілігіне қабылданады. 1957 жылы осындааспирантурасын тәмамдап, Алматы консерваториясында ұстаз, 1975-87 жылдары консерватория ректоры, профессоры 1978, 1962-68 ж. Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы, 1974 жылдан СССР Композиторлар Одағының хатшысы қызметін атқарды. Әкесінің аяқталмай қалған «Құрманғазы» (1970) радио-операсын бітіреді, «Еңлік-Кебек» (1975), «Жиырма сегіз» (1981) опеалары, «Аққұс туралы аңыз» балетін жазып, театр сахнасыгда қойылды. Симфониялық поэмасы «Жігер» (1971). Кантаталары «Мұхтар Әуезов туралы аңыз» (1965), ораториялары «Арайлап атқан таң», «Татянаның хаты» - көптеген әндер, романстар, хор, фантазия т.б. көркем шығармалардың авторы болды.

Екі ғасыр мен екі дәуірдің ауырлығы мен көркемдік-эстетикалық талғамына талпынып өскен қазақ қызы Дина Нүрпейісова Кенжеқызы - өнер, мәдениетііздің шолпан жұлдызы дәріжесіне арнайы мамандыққа оқымай-ақ жеткен болса, Кеңес дәуірінің тәлім-тәрбиесін көріп, композитор, профессор, академиктің қызық болып өскен қазақ қызы Ғазиза Жұбанова сол жұлдыздың қатарына өздарындылығы мен еңбекқорлығының нәтижесінде, болашақ қазақ қыздарына өнеге қалдыра біледі.


№ 9 Практика.
Тақырыбы: Қазақстан жас композитрларының шығармашылығы
Жоспары:

  1. Орта буын композиторларшығармалары: Б.Жұманиязов, М.Сағатов. Ж.Дастенов.

  2. Жас композиторлар шығармалары: Ж.Тұрсынбаев, К.Дүйсекеев.

Базарбай Сағидаұлы Жұманиязов – 1936 жылы 2 қарашада Орал облысы,Орда ауданында дүниеге келген. Базарбай қазақ совет композиторы. Қаз.ССР-ының еңбегі сіңірген өнер қайраткері. 1984-86 жылдары опера және балет театрының директоры болыпқызмет атқарады.Базарбай Жұманиязовтың ең бірінші «Махамбет» операсы 1986 жылы жазылды. «Жер» (1967), «Отан» (1972), «Еңбек даңқы», «Мерееклік шеру», «Дала», «Отан салтанаты» және т.б. кантаталары жарық көрді. Базарбай творчествосы жоғары көркемдігі мен ұлтының үн бояуымен ерекшеленеді. 1970 жылы Халықаралық орденімен марапатталады.

Мансұр Сағатов – 1939 жылы Орал облысы, Жамбыл ауданы,Ұзын көл ауылында дүниеге келді. 1962 жылы Құрманғазыатындағы Мемлекетік консерваториясының профессор қызметін атқарушы В.В.Великановтың класын бітірді. Қазақстан Жастар Одағының мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шығармалары симфониялық оркестрге жазылған «Ля минор » симфониясы, «Поэма», «Салтанат» увертюрасы, скрипка мен оркестрге арналған концерті, қазақ тақырыбына жазылған увертюра, қазақтың ұлт-аспаптар оркесріне арнап жазған «Бұлбұл Айша»шығармасы, камералы –аспатық шығарма, хор мен оркестрге арналған шығармалар, әндер, романстар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Қазақ музыка әдебиеті” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

С е м и н а р ж о с п а р ы



9.СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет