Антибиотиктерге қарсы микробтардың резистенттілігі (тұрақтылығы)
Жұқпалы ауру қоздыратын микроорганизмдерге қарсы антибиотиктерді 60 жылдан астам уақыт қолданып келеді. Осы уақыт ішінде бұл препараттарға қарсы микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық тұрақтылығы дамыды. Дәрілік препараттарға, соның ішінде антибиотиктерге қарсы микроорганизмдердің тұрақтылығы (резистенттілігі) адамдарды өліміне себеп болады және жер жүзінде медициналық шығындардың жоғарылауына әкеледі. Антибиотиктерге қарсы тұрақты штамдардың түрлері жыл сайын көбеюде. Сондықтан жаңа антибиотиктерді табу және антибиотиктердің жаңа формаларын жасау медицинаның өте маңызды мәселесі.
Микроорганизмдердің резистенттілігі емдеу тиімділігін төмендетеді. Стафилококтар, ішек таяқшасы, көк-іріңді таяқшаларында антибиотиктерге тұрақты штамдары жиі кездеседі. Микроорганизмдерің резистенттілігі әр түрлі антибиотиктерге қарсы өзгеше дамыиды. Мысалы, пенициллин, хлорамфеникол, полимиксин, циклосерин, тетрациклин, цефалоспорин, аминогликозидтерге қарсы микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу дамиды және олар қоздыратын ауруларды емдеу тиімділігі параллельді төмендейді. Стрептомицин, эритромицин, рифампицин, линкомицинге қарсы микроорганизмдердің тұрақтылығы өте тез дамиды, кейде емдеу бір ғана курсы болады. Микробтардың дәрілік препаратқа қарсы тұрақтылығы 1907 жылы П.Эрлих трипасомоз ауруын мышьяк (күшән) туындыларымен емдегенде алғаш рет анықталды. Антибиотиктерге қарсы тұрақты бактерияларды Жапонияда ХХ ғасырдың 50-ші жылдары тапты. Бұл дизентерия қоздырғыштың Shіgella штамы.
Микроорганизмдердің антибиотиктерге қарсы тұрақтылығының себебі (факторлары):
1. Микроорганизмдерде антибиотикпен байланысатын қабылдағышы (биохимиялық нысанасы) болмайды. Бұл антибиотиктерді қабылдамайтын микроорганизмдер.
2. Антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдер ерекше ферменттерді синтездейді. Осы ферменттердің әсерінен антибиотиктің молекуласы химиялық өзгеріске ұшырайды да, өзінің белсенділігін жоғалтады. Мысалы, стафилококтарда бета-лактамаза түзіледі, пенициллин мен цефалоспориннің бета-лактамды сақинасында бір байланыстың ыдырауын іске асыратын фермент.
β-лактамаза
Пенициллин Пенициллан қышқылы
Аминогликозидтерге қарсы тұрақты грамм оң микроорганизмдерде ацетилдеу немесе фосфорилдеу реакцияларды катализдейтін ферменттер түзіледі. Ферменттердің әсерінен антибиотик молекуласы өзгеріске ұшырайды да, белсенділігі жойылады. Грамм теріс микроорганизмдер ацетилтрансферазаны синтездейді де, хлорамфеникол деген антибиотикті ыдыратады.
3. Антибиотик әсер ететін микроорганизм жасушасының нысана-ақуызы, қабылдағышы өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде қабылдағыш молекуласының антибиотикпен байланысатын қасиеті жоғалады. Мысалы, микроорганизмдердің пенициллинге қарсы тұрақтылығы оның пенициллинмен байланысатын ақуыздың қасиеттері өзгергенде дамиды.
4. Антибиотиктер үшін микроб жасуша қабығының өткізгіштігінің өзгеруі. Мысалы, стрептококтарда аминогликозидтердің өткізгіштігіне қарсы табиғи тосқауылы бар. Тетрациклин сезімтал бактериялардың жасушасында жиналады, ал резистентті бактериялардың жасуша ішіне өтпейді.
5. Антибиотиктердің әсерінен микроорганизмдерде ерекше ферменттердің синтезі басталады. Бұл ферменттер антибиотиктерді тежейтін және ыдырататын қабілетке ие болады. Мысалы, циклосеринге тұрақты микроорганизмдерде артық мөлшерде аланинтрансферазаның синтезі басталады.
6. Микроорганизмдерде антибиотиктің әсерінен бір реакция тежеледі, ал микроорганизм басқа метаболиттік жолдарын табады да, метаболиттік шунт түзіледі. Нәтижесінде микроорганизм өмір сүру үшін антибиотик әсер ететін реакция қажет болмайды, сонымен емдеу барысында микроорганизмнің антибиотикке қарсы тұрақтылығы дамиды.
7. Кейбір микроорганизмдер антибиотикті жасушадан белсенді шығарады. Осындай қабілеті көк-іріңді таяқшаларға тәң. Көк-іріңді таяқшалардың кейбір штамдары карбапен деген антибиотикті белсенді шығарады, нәтижесінде аталған антибиотикке қарсы тұрақтылығына ие болады.
Микроорганизмдердің антибиотиктерге Антибиотикті клеткадан
қарсы резистентілігінің негізгі белсенді шығару
механизмдері (http://www.medlinks.ru) (http://www.medlinks.ru)
Антибиотикке қарсы тұрақты микроорганизмдердің штамдары келесі процестер арқылы пайда болады, алдымен микроорганизмдерінің штамдары мутацияларға ұшырайды, сонан соң тұрақты штамдарының сұрыпталуы жүзеге асады.
Микроорганизмдердің антибиотиктерге қарсы тұрақтылығын мынадай жолдар арқылы женеді:
- Табиғи антибиотик молекуласының құрылымына химиялық реакция арқылы өзгерістер енгізеді де, антибиотиктің жаңа түрін алады. Антибиотиктің белсенділігі үшін маңызды атомдық топтары өзгермейді. Алынған препараттар жартылай синтетикалық антибиотиктер деп аталады. Қазіргі күнде микробиологиялық (ферменттік) және химиялық әдістерді қосымша қолданып, табиғи цефалоспориндер мен пенициллиндердің жаңа түрлерін медицина кең пайдаланады.
- Антибиотиктермен бірге басқа препараттарды енгізеді. Мысалы, β-лактамазаны синтездейтін микроорганизмдер пенициллиндерге, цефалоспориндерге қарсы тұрақты. Пенициллинмен бірге β-лактамазаны тежейтін затты енгізгенде антибиотикке қарсы микроорганизмнің тұрақтылығы төмендейді немесе толық жойылады. β-Лактамаза тежегіштерінің тобына кіреді: клавулан қышқылы, сульфбактам, тазобактам.
Сонымен микроорганизм-түзушілерін жан-жақты зерттегенде олардың қасиеттерін, соның ішінде резистенттілігін сипаттау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |