Антибиотиктердің топтастырылуы
Антибиотиктерді олардың тегіне, әсер ететін микроорганиздердің түріне, молекулаларының химиялық құрылымына, әсерінің спектрі мен түріне және әсерінің механизміне байланысты топтастырады.
Антибиотиктерді әсер ететін микроорганизмдердің түріне байланысты мынадай топтарға бөледі:
Бактерияларға қарсы антибиотиктер, пенициллиндер, цефалоспориндер.
2. Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер, нистатин, полиен антибиотиктер.
3. Ісіктерге қарсы антибиотиктер, рифампицин.
4. Вирустарға қарсы антибиотиктер, зовиракс.
5. Туберкулезге қарсы антибиотиктер, циклосерин, стрептомицин, канамицин.
Химиялық құрылымына байланысты белгілі антибиотиктерді келесі топтарға бөледі:
- β-лактамды антибиотиктер. Бұл топқа молекуласында β-лактамды сақинасы бар антибиотиктер жатады, мысалы, пенициллиндер, цефалоспориндер. Қазіргі күнде дәрі ретінде сатылатын антибиотиктердің ішінде 50%-дан астамы β-лактамды антибиотиктер.
пенициллиндер Цефалоспориндер
- Макролидтер мен азалидтер (молекуласы 14-, 15-, 16- атомдарынан құрылады), мысалы, эритромицин, олеандомицин.
Эритромицин
- Аминогликозидтік антибиотиктер: бірінші ұрпақтарының тобына стрептомицин, неомицин, канамицин жатады, екінші ұрпақтарының мысалдары гентамицин, амикацин т.б.
Стрептомицин
- Хлорамфеникол: левомицитин сукцинаты, синтомицин.
- Тетрациклиндер: табиғи - тетрациклин, окситетрациклин, жартылай синтетикалық - миноциклин, метациклин.
тетрациклиндер
Пептидтік антибиотиктер: полипептидтер, тізбекті полипептидтік (депсипептідтік) немесе циклопептидтік құрылым, құрамында L- және D-аминқышқылы болады; полимиксиндер В, Е, М, гликопептидтер – бацитрацин, ванкомицин, ристомицин.
- Химиялық құрылымы әр түрлі: натрий-фузидин, осфомицин.
- Полиен антибиотиктер – нистатин, амфотерицин В.
нистатин
- Рифамициндер: рифамицин, рифампицин, рифак.
Антибиотиктер әсеріне байланысты екі топқа бөлінеді: бактерицидтік, бактериостатикалық.
Бактерицидтік антибиотиктер микроорганизмнің өлуіне әкеледі, әсерінің ерекшелігі болмайды, микробтардың барлық түрлеріне әсер ететтін затар. Бактерияларға қарсы бактерицидтік антибиотиктердің тобына жатады: β-лактамды антибиотиктер (пенициллиндер, цефалоспориндер, монобактамдар, β-лактамазалардың тежегіштері), аминогликозидтер (гентамицин, амикацин).
Бактериостатикалық антибиотиктер микроорганизмдердің ұрпақтануын тежейді, әсері белгілі бір микробтың түріне ғана бағытталған. Бактерияларға қарсы бактериостатикалық антибиотиктердің тобына жатады: тетрациклин тобы, макролидтер, левомицитин тобы, линкомицин т.б.
Молекулалық құрылымына байланысты антибиотиктердің класификациясы
Молекулярлы құрылымының сипеттамасы
|
Антибиотиктердің негізгі топтары
|
Мысалы
|
Молекуланың құра-мында β-лактамды сақина бар
|
Пенициллиндер
|
бензилпенициллин, ампициллин,
оксациллин, амоксициллин, азлоциллин тағы басқа
|
— " —
|
Цефалоспориндер
|
цефазолин, цефалексин, цефамандол, цефотаксим, цефтриаксон, цефоперазон т.б.
|
— " —
|
Карбапенемдер
|
меропенем, пенем, имипенем
|
— " —
|
Монобактамдар
|
азтреонам
|
Аминоқанттар бар
|
Аминогликозидтер
|
амикацин, гентамицин, канамицин, сизомицин, тобрамицин, т.б.
|
Молекула құрамын-да 4 конденсиялан-ған 6-ты бұынды цикл бар
|
Тетрациклиндер
|
доксициклин, тетрациклин, метациклин т.б.
|
Диоксиаминофенил-пропанның туындылары
|
Амфениколдар
|
Левомицетин (хлорамфеникол)
|
Молекула құрамында макроциклды
лактон сақина бар
|
Макролидтер
Азалидтер
|
эритромицин, азитромицин, джозамицин, кларитромицин, т.б.
|
Ансамицины
|
|
рифаксимин, рифампицин, рифамицин
|
Гликопептиды
|
|
ванкомицин, капреомицин, т.б.
|
Линкозамиды
|
|
клиндамицин, линкомицин
|
Әртүрлі антибиотиктер
|
|
бацитрацин, полимиксин, ристомицин, фузафунжин, фузидий қышқылы, циклосерин, т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |