Полипептидтер дегеніміз не? Полипептидтерге тән реакциялар. Полипептидтер



Дата25.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#182325
Байланысты:
1455129 (1)

Полипептидтерге тән реакциялар. Табиғи пептидтер. Фибриллярлы нәруыздар. Фибриллярлы нәруыздардың структурасы.

Орындаған: Шығыланова Ұлболсын. БК-4 топ

Тексерген: а.о Атыраубаева Р.Н


Полипептидтер дегеніміз не?
Полипептидтерге тән реакциялар.
Полипептидтер — көптеген амин қышқылдары қалдықтарынан тұратын полимерлер. М. с. 6000 — төмен полимерлер — Полипептидтерге, ал м. с. одан жоғарылары — белоктарға жатады. Белоктардың рибосомадағы түзілуі Полипептидтер тізбегі түрінде жасалады. Белок бірнеше Полипептидтер тізбегінен тұруы мүмкін, олардың әрқайсысы өз алдына түзіледі де, содан соң ғана қосылады. Казір химиялық жолмен көптеген жасанды Полипептидтер алынған.
Пептидтер дегеніміз не?
Табиғи пептидтер
Пептидтер – бұл молекулалары амин қышқылдарының екі немесе одан көп қалдығынан құралған, —C(O)NH— пептид (амид) байланыстарымен тізбекке біріктірілген заттар тобы. Әдетте, пептидтер дегенде α-амин қышқылдарынан тұратын пептидтер туралы айтылады, дегенмен термин кез келген басқа амин карбон қышқылдарынан алынған пептидтерді де қамтуы мүмкін.
Жалпақ тілмен айтқанда, пептидтер – бұлар барлық тірі ағзалардың негізгі құрылыс кірпіші болып табылатын амин қышқылдарынан тұратын кішігірім молекулалар. 
Бұл ретте, мұндай амин қышқылдарының қосылыстары тізбектің ұзындығына тәуелді пептидтер немесе ақуыздар деп аталады.
Егер молекулада 50 амин қышқылынан кем болса, бұл пептид, ал артық болса, ақуыз делінеді. Мысалы, гормондардың түгелдей дерлігі және қан плазмасының құраушылары – пептидтер.
Қазіргі таңда пептидтердің 1500-ден астам түрі белгілі, олардың қасиеттері анықталып, синтездеу әдістері дайындалды. 
Негізгі функцияларының бірі ағзаның физиологиялық процестерін реттеу болып табылатын табиғи пептидтер туралы айтатын болсақ, олар адамда бірнеше минуттың ішінде-ақ түзіледі. Зертханалық жағдайларда химиялық синтездеу бірнеше күнге, ал синтез технологиясын дайындау бірнеше жылға созылуы мүмкін. 
Дегенмен, табиғи пептидтердің баламаларын синтездеудің пайдалы екендігін растайтын ауқымды дәлелдер бар.
Олардың кейбірі жасушаларды қалпына келтіруге қатысса, басқалары ағзаны оған түскен токсиндерден қорғайды.
Жас ұлғайған сайын және патологиялар пайда болған кезде пептидтер тапшылығы туындайды. Бұл тіндердің тозу қарқынын едәуір үдетіп, ағзаның қартаюына әкеп соқтырады. 
Тап осыған байланысты, жиі жағдайда пептидтерді шартты түрде «кәрілікке қарсы таблетка» деп атайды, себебі жасушаны зертханалық жағдайларда синтезделген қысқа пептидтермен қалыпты деңгейге дейін байыту ағзадағы көптеген физиологиялық процестердің сау әрі жас ағзадағыдай жүруіне көмектеседі.
Фибриллярлы нәруыздар

Нәруыз молекуласының пішіні Кеңістіктегі конфигурациясына және пішіндеріне қарай нәруыз глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді. Молекуланың ұзындығының және көлденесінің арақатынасын (асимметриялық коэффициент) анықтап, нәруызды топқа жатқызуға болады. Коэффициенті 1-2,8 тең болса нәруыз глобулярлыға жатады (globula - шар) және оның пішіні шар немесе эллипсоид болып табылады. Мұндай нәруыздар суда және тұздардың әлсіз ертінділерінде ериді, динамикалық қызметтер (каталитикалық, реттеуші, қорғаныштық, тасымалдау және т. б.) атқарады. Егер асимметриялық коэффициенті 10 – нан жоғары болса, ақуыздар фибриллярлыға жатады (fibrilla - талшық). Олар ұзындығымен және созыңқы түрде болуымен ерекшеленеді. Фибриллярлы нәруыздар құрылымдық (коллаген, эластин, кератин) және жиырылу (миозин, актин) қызметтерін атқарады.


Нәруыздардың структурасы

Фибриллярлы нәруыздар- белок молекулаларының пішіні бойынша ерекшеленетін белоктардың үш негізгі түрінің бірі болып табылады (глобулярлық және мембраналық ақуыздармен бірге). Олар организмдерде қатты немесе пластикалық күйде болады, негізінен құрылымдық қызмет атқарады, мүшелерді механикалық беріктікпен қамтамасыз етеді, сыртқы ортаның әсерінен қорғайды, сонымен қатар жасушалар мен мембраналар ішінде соңғыларының өткізгіштігіне әсер ететін тірек торлы құрылымдарды құрайды.
Фибриллярлы нәруыздар классификациясы:
Фибриллярлық белоктарға мыналар жатады:
-α-құрылымдық фибриллярлы ақуыздар (шаштың және басқа мүйізді қабықтың барлық дерлік құрғақ салмағын құрайтын кератиндер, тропомиозин, аралық жіп ақуыздары)
-β-құрылымдық фибриллярлық ақуыздар (жібек фиброин)
-коллаген – сіңірлер мен шеміршектегі ақуыз
-эластин - қан тамырлары мен өкпенің ақуызы. Фибриллярлық ақуыздар өкпе қаңқасының тұрақтылығының, оның созылғыштығы мен серпімділігінің кепілі болып табылады. Олар газ алмасуға қажетті жағдай жасайды .
Пайдаланылған әдебиеттер
1.С. Сеитов Биохимия. -Алматы: 2007.- 568б.
2. С.Қ. Тұртабаев, А.К.Кабдрахимова, А.Ж. Еримова.Биохимия негіздері: Оқулық. / Биология мамандықтарының студенттеріне арналған. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 336 б.
3. Нәруыздардың жалпы қасиеттері
4.https://quizlet.com/525602737/%D0%9D%D3%99%D1%80%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80-flash-cards/
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет