Бұршақ тұқымдасы. Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар 490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағы-нан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Аңдроцейі 10 аталықтың жиьштығынан тұрады. Бір түрлеріңце аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайыңцы андроцей) түтік түзеді, оның ішіңде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады (206-сурет). Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай: Т Са(5) Со3+(2) А(9)+1 Ог Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің қүрғақ салмағьша шаққанда оңдағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох 34% дейін, ноқатта (нут -Сісег) 31%, люпинде (Ьиріішз) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойьшша бірінші орында фасоль (Рһазсошз) мен жасымық (чечевица — Ьепз) түрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады. Бұршақтар тұқымдасының коптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшоптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. осімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың қүрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп молшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).