Лекция 26. Цезальпинилер тұқымдасы өкілдерінің сипаттамасы



бет8/10
Дата28.01.2022
өлшемі115,97 Kb.
#130057
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1637777942639 26-30 лекции

Уссурий соясы (соя уссурийская — О.швигіешіз) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып түрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дөндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т. дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған үн алынады.

Люпин туысы (Ьиріпш). Туыста 400-дей түр бар, олар-дың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада (Анды) кездеседі. Бүлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбүталар, ішіңде тіптен бүталарыда болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржыддық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орыңды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жаға-лауы саналады. Жерорта теңізі жағалауыңдағы түрлердің басым көпшілігі біржыддық, биік, дөңдері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұарға ұқұақ жөне саусақсалалы күрделі жа-пырақтар тән. Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді жөне үлкен шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналады. Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігіңде көп мөлшерде улы заттар болады (люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық жәнесәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем-шөптік маңызы арта түседі.
Лекция 28. Қосжарнақтылар класы Магнолия тәрізділер қатарлар тобы-Magnoliidae.

1.Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые) — Magnoliaceae

2.Магнолия туысы (магнолия — Magnolia).
Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің қүрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақыңдығы бар қатарлар біршама қысқа болады. Осыдан барып жабық тұқымдыларға шолу жасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан.
Жабық тұқымдылардың 10 қатарлар тобы қарастырылады. Олардың 8 қос жарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магнолия тәрізділер), раушангүлдер тектес бос желектілер, раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушангүлдер тектес біріккен желекіілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дәнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желеклілер, түқымдары гүл түйінінің қабырғасьша жанаса орналасқан біріккен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті гүлділер, қабыршақты гүлділер.

КОС ЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ -DICOTYLEDONEAE, MAGNOLIOPSIDA

Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 түқымдас) болады. Олардьщ көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғьщан назар аударарлық.

КӨП ЖЕМІСТІЛЕР НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТӘРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ - MAGNOLIIDAE

Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардьщ біреу-лері негізінен ағаштар, сиректеу бүталар, ал екіншілері — су­ да және қүрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бүталар.

Көп жемістілердің гүлінің сыртқы құрылысы ашық түқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады. Гүл табаны үзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса коп болып келетін гүлдің әртүрлі мүшелері орналасады. Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысында ашықтұқымдылармен ортақ белгілері сақталған. Мысалы, діңінің сүрегі тек трахейдтерден түрады, олардың суды және басқада ертінділерді өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген (көмкерілген) саңлаулары болады. Сонымен бірге эфир майлары жиналатын қуыстары да болады. Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық түқымдылар секілді мәңгі жасыл ағаштар. Көп жемістілер Евразияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер. Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығын және ертеде пайда болғандығын көрсетеді. Көп жемістілер жабық түқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ, онымен қос жарнақтылардың да, дара жарнақтылардың да шығу тегінің эволюциялық жолдары байланысты.


Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые) — Magnoliaceae

Бүл түқымдаста 200-ден аса тұр бар (20 туыс). Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезендерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солтүстікте поляр шеңберіне жақьш орналасқан еддерде, тіптен Щпицберген, Гренландия аралдарына таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте — Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқындауына байланысты олардың ареалыньщ солтүстік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, оның өзі осы түқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған орталығына Қытайдьщ Оңтүстік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солтүстік-Шығысы жатады. Ксилемасының әртүрлі гистологиялық элементгері трахеидтерден және баспалдақты перфорациясы (тесіктері) бар қарапайым түтіктерден бастап, қарапайы^перфорациясы бар маманданған түтіктерге дейін болады. Гүлдері үлкен, өдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойы мен орналасады . Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке түрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан түрады.

Магнолия туысы (магнолия — Magnolia). Бүл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сөндік өсімдіктер ретінде мөдени жағдайда өсіріледі. Сол түстік Америкада (мәңгі жасыл түрлері) және Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған. Гүлінің формуласы: * Са, Co A G .

Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская — M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны (магнолия крупноцветковая - M.grandiflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тәрізді ақ және жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.

Бақылау сұрақтары

1.Жабық тұқымдылар бөлімі, қосжарнақтылар класы, магнолия

туысы

2.Қосжарнақтылар класының таксономиясы қандай



3.Магнолия туысы өкілдерінің сипаттамасы
Лекция 29. Шәңкіш туысының типтік белгілері

1.Кәдімгі шәңкіш сыртқы көрінісі, айырмашылық белгілері

2.Кәдімгі шәңкіш шаруашылық маңызы, кбейтілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет