Қызылбас беде (клевер луговой — Т.ргаіеше) биіктігі 30—50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дөні болады, мәдени жағдайда көп өсірі-леді. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудаңдарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый — Т. гереш) күлте жапырақ-шасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретіңде аса қүңды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлеріңде кеңінен таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |