Лекция 26. Цезальпинилер тұқымдасы өкілдерінің сипаттамасы


Адоксовые (лат. Adoxaceae) — небольшое семейство



бет9/10
Дата28.01.2022
өлшемі115,97 Kb.
#130057
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1637777942639 26-30 лекции

Адоксовые (лат. Adoxaceae) — небольшое семейство цветковых растений порядка Ворсянкоцветные, входящего согласно системе классификации APG IV в группу Asterids. Наиболее известные роды семейства — Бузина (Sambucus) и Калина (Viburnum).
Шәңкіш (лат. Viburnum) – Байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.

Сипаты. Биіктігі 1,5 — 4 метрге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — қызыл түсті сүйекше.

Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларда, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі — Кәдімгі шәңкіш кездеседі.



Күтімі Ерекше күтімді қажет етпейді, бақтың кез келген топырағында өсе береді. Өсімдіктің барлық түрінің артық бұталарын гүлдеп болған соң кесіп тұру керек. Гүлінің орнына күзге таман қып-қызыл жемістері пайда болады.

Көбейтілуі. Тұқымы арқылы көбейтуге болады. Бірақ оңай, әрі тиімді жолы қалемше және түбінен өсіп шыққан жас көшеттерін бөлу арқылы көбейту[2]

Емдік қасиеті.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:

1.Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.

2.Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.

3.Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады[3].

Лекция 30. Орман көшетжайлары және орманның қорғау маңызы

1. Орман көшетжайлары

2. Орманның қорғаушы қасиеттері

1.Орманкөшетжайлары

Питомник- ағаш, бұта өсімдіктерінің екпе көшеті мен тікпе көшетін,
сонымен қатар жануарлардың жаңа түрлерін шығарумен айналысатын шаруашылық. Ғылыми- зерттеу немесе тəжірибе мақсатында ағаш, бұта өсімдіктерін өсіруге, көбейтуге арналған көшетжай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет